Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйе ұғымы. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері



жүктеу 60,25 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі60,25 Kb.
#1230
түріСабақ

С. Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Жумашова Сауле Биболовна

Сынып 5


Информатика
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйе ұғымы. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обектілері.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Операциялық жүйелердің анықтамасын білу; олардың түрлерінмен танысу және программаларымен танысу; терезелер түрлерін баптауды үйрету; 

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап, танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар :

1. Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?

2. ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?

3. ОЖ-ға мысал келтір.

4. Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?
Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. 

Операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді.



Атап айтқанда, ОЖ-лер:

1. Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

2. Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

3. Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық

(немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды: 

1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету; 

2. Әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру. Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады: 

І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі. 

ІІ. Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б. 

ІІІ. Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық. 
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.

Жұмыс үстелі

Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.


Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс.

А деңгейі 
1. Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар. 
2. Персонализация бұйрығын таңдаңдар. 
3. Жұмыс үстелі тақырыбын өзгертіңдер. 
4. 5 минуттан кейін бетперде пайда болатындай етіп баптаңдар. 

В деңгейі 
1. Тілдер тақтасында контекстік мәзір шақырыңдар. 
2. Параметрлер бұйрығын таңдаңдар. 

1. Жаңа тіл қосыңдар. 

2. Жаңа тілдің Тілдер тақтасында пайда болғаның тексеріңдер. 

3. Жаңа тілді алып тастаңдар. 

4. Тілдер тақтасында тілдерді өзгерту пернелерінің әртүрлі тіркесімдерін баптау мүмкіндіктерімен танысыңдар. 

5. Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгертіңдер. 



С деңгейі 
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. 
2. Есептер тақтасының қасиеттерін шақырыңдар. 
3. Есептер тақтасының қасиеттерін баптау мүмкіндіктері туралы әңгімелеуге дайындалыңдар. 
Информатикалық диктант

Операциялық жүйе – есептеу процестері мен _________________________


басқару және пайдаланушы мен ___________________ байланыстыратын
жинақталған программа.
Ядро – командалық ____________________, программалық тілден “темір” тіліне аударатын _______________________, машина кодасының тілі.
Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын _____________ _________________.
Қазіргі кезде ең көп тараған операциялық жүйе - __________________.
Жасырын сөздерді орнына жазу.
Қорытындылау: Сабақты бекіту сұрақтары:

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Жүйелік бағдарламаларға не жатады ?

Компьютердің бағдарламалық жабдықтамаларына нелер кіреді?

Қолданбалы бағдарламалар дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйе ұғымы. Операциялық жүйенің басқарудың

негізгі тәсілдері және обектілері




жүктеу 60,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау