1-нұсқа
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
С
|
А
|
В
|
С
|
В
|
В
|
С
|
А
|
В
|
В
|
4 тапсырма – Формулаларды қайталау (2 мин)
5 тапсырма – есептерді шығару : (10-15 мин)
А деңгей:
1.Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0,2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап. (Жауабы: )
2.Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2 . Магнит өрісінің индукциясын тап.
3.Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0,1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.
В деңгей:
1.Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2.Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А-ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған.Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см-ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3.Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.
С деңгей:
1.Зарядталған бөлшек 0,6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0,31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады.Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1,2*10-15 Дж-ге тең. Заряд шамасын анықта.
2.Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3.Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.
Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалау.
Рефлексия (Дартс)
Үй тапсырмасын беру. Есептер шығару. Тақырып бойынша кроссворд құрастыру (10-15 сұрақ)
Достарыңызбен бөлісу: |