Сабақтың тақырыбы : Мақал-мәтел әлеміне саяхат Сабақтың мақсаты : Білімділік: Ой өрісін дамыту,тіл байлығын дамыту



жүктеу 30,74 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі30,74 Kb.
#14741
түріСабақ

19жалпы білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекмолдаева Марал Сериккалиевна

5-сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ой өрісін дамыту,тіл байлығын дамыту

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке баулу

Дамытушылық:Атадан қалған нақыл сөздердің мәнін ашу,

маңызын түсіндіру



Сабақтың түрі: танымдық-жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер

Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу, түгендеу

                1. Сабақтың барысын түсіндіру

Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты пысықтау.

Үйге өзіміз білетін мақал- мәтелдерді жазып келу және оқулықтағы мақал-мәтелдерді оқып келу болатын. Бәріміз дайындалып келдік пе?


Жаңа түсінікті қалыптастыру:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мақал -мәтелдер»

Бүгінгі сабақты мен жарыс сабақ ретінде өткізсек деп шештім. Сыныпты екі топқа бөлдік

1-ші топ және 2-ші топ

Мен сайысты бастамас бұрын мақал-мәтел жайлы қысқаша түсінік беріп кетейін

Мақал-мәтелдерді ауыз әдебиетіміздің бір түріне жатқызамыз. Мақалдың көмегі арқылы

айтайын дегенімізді ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Мақалды көп біліп, көп қолданған сайын адамның білімі де, ақылы да арта түседі. Мақал-мәтелдер жаманнан жирендіріп, жақсыны үлгі етеді. Мақал-мәтел арқылы көбінесе нақыл, ақыл айтылады.

Әр түрлі тақырыпта болады. М: жақсы мен жаман,еңбек пен ерлік,достық пен қастық,ақыл мен өнер, білім,ынтымақ пен бірлік туралы.

Сабақ төрт бөлімнен тұрады:

І-ші бөлім

Мақал -мәтел әлеміне саяхат

Кіріспе бөлімнен кейін , екі топ өзін-өзі таныстырады. Әр топ өзіне ат қою керек.



ІІ-ші бөлім

Мақал- мәтел жалғасын табу

Жасырған мақалдың жалғасын табамыз



ІІІ-ші бөлім

Мақал-мәтел мәнін шешу

Берілген мақалдың мағынасын түсіндіреміз



ІҮ-ші бөлім

Өнер алды-қызыл тіл

Екі топ өздері білетін мақал жайлы айтады, мағынасын түсіндіреді, әңгіме құрастырады



Іскелік пен дағдыны іске асыру:

І-бөлім Кезекті таныстыру сәтіне берейік.



    1. Екі топ өзін-өзі таныстырады. Топтың атауы жайлы баяндайды.

Бір- біріне тілектер айтады.

    1. ІІ бөлім Тақтада көрсетілген мақал- мәтелдердің жалғасын тауып айтады.

1.Дос жылатып айтады,................................

( Дұшпан күлдіріп айтады.)



  1. Еңбек түбі -

(береке) .......................................

  1. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,....................

(Егін екпесең, жерге өкпелеме.)

  1. Бірлік болмай,................

(тірлік болмас)

  1. Жолдасы жақсы жолды болар,...................................

(Жолдасы жаман қолды болар.)

  1. Жеті жұрттың тілін біл,.......................................

(Жеті түрлі білім біл)


    1. ІІІ бөлім Екі топқа жеке-жеке мақал –мәтел үлестірмелі қағаз арқылы беріледі.

Берілген мақалдың мәнін ашады. (3минут уақыт беріледі)

1-ші топқа

1)Жігіт бір сырлы,

Сегіз қырлы болсын.

2)Сабыр-түбі сары алтын

2-ші топқа



  1. Тазалық –саулық негізі,

Саулық –байлық негізі.

  1. Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам.


ІҮ бөлім Өнер алды-қызыл тіл . Екі топ өздері қалаған тақырыпта өздері естіп білген мақал жайлы айтады мағынасын түсіндіреді.
Қорытындылау: Жеңімпаз топты анықтау . Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Үйге тапсырма: Сөзікпен жұмыс жасап келу
Бағалау: оқушылардың білім деңгейін бағалау,мадақтау. Сабаққа қалай қатысқаны жайлы айту.
Кері байланыс: Сендерге сабақ ұнады ма?
жүктеу 30,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау