Ш.Қ.О Глубокое ауданы
Алтайский кенті
«Жаңа Ертіс орта мектебі»
Мынгынова Жадыра Зангыновна
Сынып:1 «а»
Сабақтың тақырыбы:Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:Дыбыстарды таныту.Жазба,баспа,жазу емілесін таныстыру.Х әрпі арқылы жаңа сөзді оқып,сөз, сөйлем ойлатуға,тілдік қорын байытуға дағдыландыру.Ойын арқылы ойлауын дамыту.
Жаңа «халық» сөзін таныта отырып,елін,жерін,
Отанын сүйюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ типі:жаңа білімді меңгерту
Оқытудың формасы:топтық
Сабақтың әдісі: проблемалық, ойын ,сұрақ-жауап, СТО.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Көрнекілік:теледидар, «Еларна», «Хабар», «Қазақстан» телеарналар,
әріп баспа,жазба түрі,аю,қоян.
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру бөлімі.
-оқушыларды түгендеу,сабаққа әзірлеу
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
2.Психологиялық дайындық.
-Балалар үйде теледидардан балаларға арнап көрсетілетін нелер
бар?
-Қай телеарнадан сүйікті мультфильмдеріңді көресіңдер?
-Қандай мультфильмдерді жақсы көресіңдер?
-Дара,Алдар көсе т.с.с
-Жақсы,балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.Мен сендерге теледидар әкелдім.Оны маған сиқыршы берді.Қазір біз әр телеарна
ларда ашып,саяхат жасаймыз.Қазір телеарнаны қосамыз.
Тық- тық- тық
Мынау сиқырлы сандық.
Қос- қос- қос
Сиқырлы сандықты қос.
-Мынау қай телеарна ?
-Еларнадан не болып жатыр екен ?Спорттық жарыс .
3.Үй тапсырмасы.
-Олай болса үйден оқып келген мәтін қалай аталады ? Жарыс.
-Балаларға мәтінді тізбектеп оқытып,мәтіннің түсінігін сұрау.
Мәтінмен жұмыс.
-Мәтін тақырыбы қандай?
-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
-Жарысып жатқан нелер?
-Қай аң жеңеді деп ойлайсыңдар?
-Қай аң соңынан келеді?
-Ал,енді келесі арнаны қосайық
-Қазақстан
-Қазақстан телеарнасында «Жүзден жүйрік» ойыны болғалы жатыр. Бұл ойынды білеміз бе? Қане,осы ойынды өзімізше ойнайық.
-Әр оқушыға әріп беремін,әріпке орай сөз жазып,дыбыстық талдау
жасайды.Оқушылар еңбегі тексеріліп,әр балаға фишка беремін.
4.Жаңа сабақ:
-Жақсы балалар,келесі арнамызды қосайық
.Қандай арна? «Хабар»
-Бұнда не болып жатыр?Кім сөйлеп жатыр? Біздің президентіміз.
-Ол тақпақ оқығалы жатыр,кім елбасымыздың тақпағын оқып береді?
Халқымыз- біздің анамыз,
Халқымыз- асыл панамыз!
Халыққа қызмет етеміз,
Халықтан қуат аламыз.
-Елбасымыздың өлеңінің әр жолындағы сөздерді хормен оқиық.
-халқымыз,халыққа,халықтан.Халық деген кім? Бұл сөздер қандай әріптен басталған,біз бұл әріппен таныстық па ?
-Олай болса, бүгін біз Хх әрпімен дыбысымен танысамыз.
-Хх әрпі дауыссыз,қатаң.Қане дыбыстайықшы х х х х……
-Мынау Х әрпінің жазба түрі.
-Ал, мына суретте бала не істеп отыр? Хат жазып отыр.
-Хатқа не жайында жазады деп ойлайсыңдар?
-Сендер кімге хат жазар едіңдер,не жайында жазар едіңдер?
-Хатты жазып болған соң оны конвертке салып,сыртына хат алушының мекен жайын жазып,поштаға апарып саламыз.Хат сөзін дыбыстап,дыбыстық талдау жасайықшы.
-Оқулықтағы жаңа сөздерді хормен оқып,әр сөздің мағынасын аша отырып,сол сөзге сөйлем ойлау.
Мәтінмен жұмыс.
-Ал, мынау не? Мәтін.
-Мәтіннің тақырыбы қандай? Кітапхана.
-Мәтінді оқымас бұрын,кітапхана деген не?Онда нелер болады?Кім айтады?Кітапханашының аты кім?Мәтінді тізбектеп оқып көрейік.
-кітапхана қайда бар екен?Онда нелер болады?
-оған кімдер барады?Кітап беретін апайдың аты кім екен?
-сонымен кітапханашы не істейді? Жақсы балалар біздің де мектепте кітапхана бар,кітапханашымыздың аты Назгүл апай.
Сергіту сәті.
Тақ- тақ- тақ
Біз айтамыз тақпақ.
Ар- ар- ар
Қыста жауады қар,
Тоқ- тоқ- тоқ,
Сыныбымда мақтаншақ жоқ.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімді ашамын,
Қолға қалам аламын,
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамын.
-Х әрпі қандай әріпке ұқсайды?Х әрпі екі элементтен тұрады.Арқасын тақап тұрған екі с әрпі секілді.
Х әрпін әуелі тақтада, ауаға,алақанға кейін дәптерге жазамыз.
-Жазып болсақ Хабар арнасында «Сөз жасау» ойыны ойналғалы тұр,бізде сөз жасайық.
Ем…….хана,шебер……..хана,дәрі……хана.т.с.с
-Енді осы аталған әр мекеменің өзінін атқаратын жұмысын айтайық
Бекіту.
Хабиба сөмке көтерген
Хат хабар күнде әкелген
-Қане осы жаңылтпашты хормен қайталап,кім жатқа айтып бере
алады.
-Сонымен қандай әріппен таныстық?
-Қандай мәтін оқыдық? Мәтін не жайында болды?
-Қазір қай арнаны көріп отырмыз?
-Хабар арнасының басшысы Айгүл Мукей сендерді бағалайды,үйге
тапсырма береді.Ол сендерге хат жазыпты:
Үй тапсырмасын беру:
Бағалау:
-Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар,сендердей ұрпақ өсіп келе жатқанға мен «Хабар» ұжымының атынан қуаныш білдіремін,және сендерді бес деп бағалаймын. Үйден мәтінді оқып,жаңа сөздерді дәптерге көшіріп келіңдер.Сау болыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |