Сурет 14.5 Диаграмма элементтерін қосу және өшіру
Диаграмма өлшемін және элементтерін өзгерту
Үнсіздік бойынша құрылған диаграмманың биіктігі 7,62 см, ұзындығы 12,7 см болады.
Диаграмма өлшемін ерекшеленген диаграмма маркерін жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Диаграмманың нақты өлшемін Диаграммамен жұмыс қосымшасының Өлшем тобының есептеуіштерінде орнатуға болады. (сурет 14.6).
Сурет 14.6. Диаграмма өлшемін өзгерту
Диаграмма элементтерінің өлшемін өзгерту
1. Диаграмма элементін ерекшелеңіз
2. Элемент шекарасының маркерін жылжытыңыз.
Диаграмма тақырыбы, мәліметтердің жазылу элементтерінің өлшемін өзгертуге болмайды.
Диаграмманы безендіру
Безендіру стильін таңдау
Диаграмманы безендіру стильі диаграмма элементтерінің түсін анықтайды.
1. Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма стильі тобында қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз.
2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз.(сурет 14.7).
Достарыңызбен бөлісу: |