Сабақтың тақырыбы : Екіөлшемді жиымдар Білімділік мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде жиымдармен



жүктеу 34,62 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі34,62 Kb.
#7257
түріСабақ

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №56 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сейсенова Акгулим Таскинбаевна
Сабақтың тақырыбы: Екіөлшемді жиымдар
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде жиымдармен

таныстыруды жалғастырып, паскаль тілінде

екіөлшемді жиымға берілген қарапайым

есептерді шығара білу керек

Дамытушылық мақсаты: Білім сапасын арттыруға және пәнге

деген қызығушылығын іздемпаздығын, байқау

қабілеттерін жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты: Тақырып бойынша өзбетімен жұмыс

жасауға, бұрынғы білімді жаңа ақпарат үшін

қолдануға мақсатты оқуға баулу

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың түрі: аралас
Ұйымдастыру бөлім
1. Оқушыларды түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу

2. Үй жұмысын сұрау

1. Жиым деп нені айтады?

2. Паскаль тілінде бірөлшемді жиым қалай сипатталып жазылады?

3. Жиым элементтерінің орны қалай сипатталады?

4. Индекс дегеніміз не?

5. Бірөлшемді жиымды программаға қалай енгізеді?

6. Бірөлшемді жиымды экранға қалай шығарады?

7. Жиым элементтеріне қандай амал қолданады?

Жаңа сабақ
Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса-екіөлшемді және т.с.с. n индекс болса, n-өлшемді жиым дейді. Бірөлшемді жиым вектор элементтері, ал екіөлшемді жиым матрица болып табылады.

Осы айтылғандарға сәйкес жиым элементтері былай белгіленеді: А[i], B[i,j], C[i,j,k] және т.с.с., көпөлшемді жиым элементтерін басқаша да белгілеуге болады, мысалы, B [i] [j]. Мұндағы A [j] бір өлшемді жиымның i-ші элементі, оны математикада a i түрінде белгілейді, B[i,j]- екіөлшемді жиымның (кестесінің) i-жолы мен j-бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуі; ал C[i,j,k] үшөлшемді жиым, оның элементін кеңістікте орналас0ан н8кте координаталары (i,j,k) деп қарауға болады.

Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай сипатталады:

TYPE atau= array [1…n, 1…m] of <элементтер типі>;

Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:



VAR B: array [1…N, 1..M] of <элементтер типі>;

Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторлары болуы мүмкін. Мысалы, жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса қайталау үш рет және т.с.с. орындалады. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:


for i: = 1 to n do

for j: = 1 to m do

read (B [i, j]);

немесе экранға мәлімет шығару үшін:


for i: = 1 to n do

begin

writeln;

for j: = 1 to m do

write (B [i, j]: 8 : 3);

end.

b 1,1 b 1,2 b 1,3

b 2,1 b 2,2 b 2,3

B = ( bi,j ) = b 3,1 b 3,2 b 3,3

b 4,1 b 4,2 b 4,3

b 5,1 b 5,2 b 5,3


4 – мысал. Екіөлшемді a және b матрицаларының қосындысы болып тпбылатын s матрицасын табу керек.

PROGRAM KOSU;

type ms = array [1 .. 3, 1 .. 3] of real;

var a, b, s: ms;

k, j: integer;

Begin


Writeln (a жиымы элементтерін бос орын арқылы енгізіндер:);

for k: = 1 to 3 do

for j: = 1 to 3 do Read (a [k,j]);

writeln;


Writeln (b жиымы элементтерін бос орын арқылы енгізіндер:);

For k: = 1 to 3 do

For j: = 1 to 3 do

begin


Read (b [k,j]);

s [k,j]: = a [k,j] + b [k,j]

end;

writeln (қосынды жиымының элементтері:);



For k: = 1 to 3 do

Begin


For j: = 1 to 3 do Write (s [k,j] : 5 : 2);

writeln


End

End.
Бекіту сұрақтары



  1. Екіөлшемді жиым қалай сипатталады?

  2. Екіөлшемді жиымды енгізуді қалай ұйымдастырамыз?

  3. Екіөлшемді жиымды экранға шығаруды қалай ұйымдастырамыз?


Үйге тапсырма Екі өлшемді жиым. Бақылау сұрақтары
жүктеу 34,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау