I жүргізуші: Каракат. Ол – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор.
(5 студент Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылығына тоқталады) ТҮРІК тобы.
1. Артық Аружан
2. Кунту Асем
3. Кудиярова Айсұлу
4. Серик Шұғыла
5. Біржанқызы Арлана
Сабағымыздың II бөлімі.
I жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны өз сауатын Байтұрсыновтың «Әліп - биімен» ашып, ана тілін «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айтарлықтай болды.
II жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған түңғыш зерттеу жұмысы.
(5 студент ғылыми еңбектеріне шолу жасайды). КОРЕЙ тобы.
1. Иманкулова Айжан
2. Жарылгасова Даяна
3. Абдуллажалил Жансұлу
4. Бақтыбай Нұрайым
5. Бейімбетқызы Мерей
Сабағымыздың III бөлімі.
I жүргізуші: 1927 жылы Смағүл Садуақасов Ахмет Байтұрсыновты профессионал ақын деуден гөрі ірі қоғам қайраткері және ғалым деп тану дұрысырақ деп жазған болатын. Әйтсе де, Ахмет Байтұрсыновтың таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екенін танытады.
II жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов – ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса», «Үзік» деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. (5 студент ақындығына шолу жасайды және өлеңдерін жатқа айтады). АРАБ тобы.
1. Шал мен ажал өлеңі – Мерей Қанатбаев
2. Анаға арнау өлеңі – Әсем Хожагелдиева
3. Бақ өлеңі – Алтынай Сагынгалиева
4. Үлес өлеңі – Аружан Аман
5. Қартайған арыстан өлеңі – Асет Кабаев
I жүргізуші: Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады.
II жүргізуші: Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық-зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.
(2 студент мысалдары туралы айтады, 3 студент мысал айтады) ҚЫТАЙ тобы.
1. Мадьярова Васифа – Қара бұлт мысалы
2. Мұхаджан Абылай – Екі шыбын мысалы
3. Сағындықова Назерке – презентация
4. Қадырбек Ақбөпе – презентация
5. Қонусбек Амина – презентация
Достарыңызбен бөлісу: |