ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақ “ Тірі табиғат мүйісі” тақырыбына арналған әңгімеден басталады.
- Балалар, бүгін бізге ертегілер елінен қонақтар келіп қалыпты. Олар нелер?
- Қояндар немесе көжектер
- Бізге қонаққа қанша көжектер келіпті.Санайықшы.
- 1,2,3 барлығы 3 көжек. Оның біреуі кешігіп келді. Барлығы қанша болды?
+ =
- Ал енді бізге қонаққа келген көжектер нені жақсы көреді немесе қандай көкөністі ұнатады?
- Көжектер сәбізді жақсы көреді
- Дұрыс жарайсыңдар, балалар ендеше мен кәрзеңкеден көжектерге сәбіздерді үлестірейін, ал сендер мен қойған сайын санап отырыңдар.(тәрбиеші көжектің алдындағы ыдысқа 3 сәбіз қояды.)
- Балалар, көжектерге сәбіз жетті ме, санайықшы
- 1,2,3 сәбіз. 1 көжекке сәбіз жетпей қалды
- Бізде қояндар нешеу еді?
- 4 көжек.
Достарыңызбен бөлісу: |