ойланып көр
ОТБАСЫ
Барлық ағайынды жақындастырушы
Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген сүйіспеншілігі
Туыскандық, бірлік ұғымдарын тудырушы
Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген мейірімділігі
Кішкене бір мемлекеттік орта
Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы
Ұрпақ өрбітуші ерекше ұя
«Сыңарын тап» ойыны - Балалы үй базар,…………………………………………………..
- Ана сөзін тыңдамаған қыздан без, ………………………………
- Әке көрген оқ жонар,…………………………………………
- Ата-ананың қадірін,…………………………………………………
- Қыз өссе,елдің көркі. ,…………………………………………………
- Ананың көңілі балада, ……………………..
- Ұяда не көрсең , ………………………………
- Ананың сүті – бал, …………………………..
- Туған үйдің түтіні жылы, ………………………
- Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….
- Бала – бақшадағы гүлің,…………………………………………………
- Құс балапаныүшін,…………………………………………………
- Ана сүтін ақтамағанды ,…………………………………………………
- Әдепті бала ата-анасын мақтатар ,………………………………………
- Қарағайға қарап тал өсер ……………
- Ананың көңілі балада, ……………………..
Тыныштық сәті - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ата-аналарың айтқан әр бір жылы сөзін бойларыңнан өткізіп, жүректеріңмен сезініңдер.
Қорытынды Отбасы татулығы - Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естіген-ақ ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірімділік», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы –ақ па? Ия, бірлігі жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құрылады,- дейді ақсақал. Сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.
Сендер осы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп «Қара шаңыраққа» лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар.
Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы мен қызысыңдар!
Жүректен жүрекке - Шаңырақ мүсіндей отырып, бір - бірілеріңе тілек айтыңыздар: Мысалы: инабатты қыз болайық, ибалы ұл болайық, еліміздің іргесі бүтін болсын! тсс.
Достарыңызбен бөлісу: |