Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



жүктеу 2,9 Mb.
бет6/15
Дата11.12.2017
өлшемі2,9 Mb.
#4001
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

  • Сабақтың тақырыбы: § 23. Мәдениет және сауда жолдары

  • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.

    • Дамытушылық: Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау.

    • Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мәдениетті түсіне білуге тәрбиелеу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік:

    • 1. Ұлы Жібек жолының картасы.

    • 2. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі, ортағасырлық қалалардың суреті.

    • 3. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттардың суреті.

    • 4. Дүниежүзінің картасы.

    • 5. Қазакстан Республикасының картасы.

    • 6. Кестелер.

    • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасы.

    • Үй тапсырмасын алдымен төмендегі сұрактар бойынша ауызша тексеріп шығамын.

    • 1. Ежелгі түркі жазуы қашан дүниеге келді?

    • 2. Түркілердің руникалық жазуын алғаш ашып, кілтін тауып оқыған ғалымдарды атаңдар.

    • 3. Неліктен түркі жазуын руна жазуы деп атаған?

    • 4. Тарихи шежірелер дегенді қалай түсінесіңдер?

    • 5. Неліктен ХІ-ХІІ ғасырларда түркі жазуы қолданыстан шыға бастады?

    • 6. Осыдан кейін сабақтағы үйге берілген «Білгім келеді» бағаны бойынша оқушылардың ауызша сұрақтарына өздері жауап тапқандары тексеріліп, оқушылар жауабын таба алмаған сұрақтардың жауабын мұғалім өзі береді.

    • 7. Осылайша өткен сабақтың материалдарын толықтырып, қорытындылап, мұғалім жаңа сабаққа көшеді.

    • Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:

    • 1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.

    • 2. Ұлы Жібек жолыньщ бағыттары мен Қазақстан қалалары.

    • 3. Ұлы Жібек жолы сауда және халықаралық қатынастар жолы.

    • 4. Ұлы Жібек жолының бойымен мәдениеттің таралуы.

    • 5. Оңтүстік және солтүстік арасындағы сауда-керуен жолдары.

    • 6. Ұлы меридианалды жол - көшпелілер жолы.

    • Жоспардағы бірінші мәселе бойынша Ұлы Жібек жолы деген шартты атаудың пайда болуы мен бұл жолдың қалыптасу тарихына тоқталамын. Жібек жолының түрлі бағыттарының болғандығын, оның бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу өңірі арқылы өткенін айта отырып, картаның көмегімен бұл жолдың бағыттары мен жолдың бойында орналаскан Қазақстан қалаларын картадан көрсетеді. Сонымен қатар Дүниежүзінің картасы мен қазіргі Қазақстан картасын қатар қойып салыстырамын. Тақтаға ілінген ортағасырлық Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қалалардың суреттеріне оқушылардың назарын аударамын.

    • Одан әрі Ұлы Жібек жолы бойымен әр түрлі бағыттарда экзотикалық тауарлармен көпес керуендері жүрді. Олардың ішінде ең қымбат тауар қытай жібегі болды деп, жібекті өндірудің құпия сырының басқа елдерге ашылғаны жөніндегі қосымша әдебиеттен үзінді келтіріп, әңгімелеп беремін.

    • Қосымша көмек ретпінде төмендегі әдебиетті пайдаланамын: Сәуірбек Бақбергенов. «Бөрте - Шыңғыс ханның жубайы». 68-73-беттер.

    • 2. К. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортагасырлық Қазақстан. Алматы, 1992.

    • Ұлы Жібек жолының бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың жандануына, өнім өндіру тәсілдерінің артуына себеп болғанын ашып көрсетеді. Ұлы Жібек жолымен түрік елдері түрлі өркениеттермен сауда жасасты. Оны түсіндіру үшін төмендегі кестені оқушылардың көмегімен толтырамын.

    • Не әкелінді? Не шығарылды?



      • Қазакстан

























      • Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Орта Азия, Иран, Араб халифаты, Еуропа, Русь т.б. елдер





    • Ұлы Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, халықтардың мәдени жетістіктері де тарады. Жібек жолымен діни сенімдер де таралды, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды. Оқушыларға осы абзацты мәтіннен тауып дауыстатып оқытқызады. Оқушылардың дін туралы, әлемдік діндер туралы түсінігін қалыптастыру үшін төмендегі кестені ұсынамыз.

    • ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

      • Будда

      • Б.з.б. I ғасырдың ортасында Үндістанда пайда болып тарады.

      • Христиан

      • I ғ-да Рим империясында пайда болды.

      • Манихей

      • III ғ-да Иранда пайда болды.

      • Зороастризм

      • Б.з.б. VII-VI ғ-да ежелгі Еуразия даласында пайда болды.

      • Ислам

      • VII р-да Арабия түбегінде пайда болды.

    • Ұлы Жібек жолының өмір сүруімен «әлемнің төрт патшалығы» деген ұғым қалыптасты, оны да төмендегі кесте түрінде беру.

    • Құнды байлыктар патшалығы

    • Жылкы патшалығы

      • Византия

      • Түркі кағандығы

      • Үндістан

      • Қытай

    • Пілдер патшалығы

    • Адам патшалығы

    • Одан кейін Ұлы Жібек жолының ХІV-ХV ғасырларда өз маңызын жойып, кейін мүлде өмір сүруін тоқтатты деп, оқушылардың өздеріне неліктен? деген сұрақ қоямын.

    • Жоспардың соңғы мәселесі көшпелілердін өмірінде маңызды рөл атқарған Ұлы меридианалды жол туралы сөз етемін. Егер Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты жалғастырса, Ұлы меридионалды жол оңтүстік пен солтүстікті байланыстырған көшпелілердің өмірінде маңызды рөл аткарды. Көне түркі дәуірінде Ертіс бойындағы қимақ қоныстары мен Түркістан арасында қызу сауда жүрді. Бұрын мектептің тарих оқулықтарында бұл жайында жазыла қоймағандықтан, қосымша дерек ретінде төмендегі әдебиеттерді пайдаланамын: 1. Ә. X. Марғулан. Древние караванные пути через пустыню Бетпак-дала. Мирказаха. Отв. редактор. Маргулан Д. А., Арынов Е. М. Алматы, 1997.

    • Оқушылардың Ұлы меридианалды жол туралы қалай түсінгендерін төмендегі сұрақтар тізімі бойынша тексеріп шығамын.

    • 1. Ұлы меридианалды жол қандай бағыттарды байланыстырды?

    • 2. Ұлы меридианалды жолдың басты бағытын атаңдар.

    • 3. Бұл жолды негізінен кімдер пайдаланды?

    • 4. Ұлы меридианалды жол қандай өзенді жағалап өтті?

    • 5. Орта ғасырларда бұл жолмен қимақ қалаларына қай елдерден көпестер келді?

    • Бекіту сұрақтары:

    • 1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?

    • 2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.

    • 3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

    • 4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?

    • 5. Жібек құртын әсіру құпиясы баска елдерге қалай ашылды?

    • 6. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?

    • 7. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.

    • Бағалау:

    • Үйге тапсырма. 23-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмаларға ауызша дайындау.







    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: §24. Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: ІХ-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.

    • Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.

    • Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік:

    • 1. Қазақстан картасы.

    • 2. «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет. Әл-Фарабидің т.б. ғалымдардың портреті.

    • 3. Қанатты сөздер жазылған плакат.

    • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.

    • Үй тапсырмасы: оқушылардан Ұлы Жібек жолының қалыптасу тарихы және оны картадан көрсетуді тапсырамын. Тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша оқушылардан ауызша сұраймын. Ұлы Жібек жолының Қазакстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы зор болды. Көшпелілер отырықшыланып, тұрақты мекендерін салды. Өзара сауда байланысы нәтижесінде шаруашылықты игерудің түрлі әдіс-тәсілдерімен бір-бірімен алмасты. Қалалар өркендеп гүлденді деп, үй тапсырмасын қорытындылап жаңа тақырыпқа көшемін.

    • Жаңа тақырыптың жоспары:

    • 1. Қазак елінің ежелгі ғалымдары.

    • 2. Әл-Фарабидің өмір тарихы.

    • 3. Әл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.

    • Ең алдымен тақтада ғылым, білімнің маңызын ашатын қанатты сөздерге тоқталып, оқушылармен мағынасын талқылаймын.

    • «Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім».

    • Әл-Фараби.

    • «Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі - жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас». М.Сагди.

    • «Жер үстінде адам өмір еткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер».

    • Жаңа тақырып жоспарындағы бірінші тақырыпша туралы оқулықта жазылмағанымен, қосымша үйден дайындап келген «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет пен кестенің көмегіне сүйеніп түсіндіріп шығамын.

    • Буклеттегі ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталамын.

      • Ғалымдар,

      • туған жылы, жері

      • Ең

      • басты еңбегі

      • Не туралы

      • айтылған?

      • Жусіп Баласағүн (1030-1090) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағүнда дүниеге келген.

      • «Құтадғу білік» («Құтты білік» -қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды.

      • Саясат жүргізу, мемлекет баскару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың касиеттері жөнінде айтылады.

      • Махмұт Қашкари, толык аты-жөні Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед - XI ғасырда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барыскан қаасында туған.

      • «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды.

      • Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батыска қарайғы географиялык картасы берілген.

      • Қожа Ахмет Йасауи 1104 жылы Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген.

      • «Диуани хикмат» (Даналык жайындағы кітап).

      • Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.

      • Әбу Райхан Биру

      • «Астрономиялык

      • Ол дүниенің гелио

      • ни Мұхаммед Ибн

      • кілт», «Асыл тас

      • қентристік жүйе

      • Ахмед (973-1050).

      • тар», «Өткен бу

      • сін Коперниктен

      • Ежелгі Хорезмнің

      • ындардың ескерт

      • 500 жыл бұрын,

      • астанасы Қият қа

      • кіштері», «Үндіс

      • денелердің жерге

      • ласынын іргесін

      • тан», «Масуд таб

      • тартылысын Гали-

      • дегі ауылда дүние

      • лиқалары».

      • лейден чсөне Нью-

      • ге келген.



      • тоннан 600 жыл





      • бұрын айтқан.

    • Бұдан кейін негізгі тақырып, ғұлама ғалым әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылымға қоскан үлесіне тоқталып, оқушыларға тақырыпты кезек-кезек оқытамын. Оқушылардың түсінігін тексеру үшін, төмендегі тірек сызба кестесін толтыртамын.

    • Әл-Фараби

    • Оқушылар оны алдымен жеке, сосын жұппен, содан кейін топтасып орындайды. Қойылатын талап -тірек кестені барынша көп толтыру болып табылады. Одан кейін тірек кестеге толтырылған сөздерді окушыларға мазмұнына қарай, түрлі түсті маркерді пайдалана отырып, топтастыру ұсынылады. Әл-Фарабидің өмір тарихына, ғылым жолындағы еңбегіне қатысты жоспар кұру тапсырылады. Біз төменде үлгі ретінде мына жоспарды ұсынамыз.

    • 1. Әл-Фарабиді дүниеге әкелген отбасы.

    • 2. Әл-Фараби білім жолында.

    • 3. Өл-Фараби - энқиклопедияшы ғалым.

    • 4. Осы үлгідегі жоспар бойынша сабақты қорытындыланады.

    • Бекіту: Ол үшін темендегі кесте толтырылады.

      • ІШІНЕ

      • СЫРТЫНА





    • «Ішіне» және «Сыртына» деген бағанға үйден бүгінгі сабаққа қатысты және қатысты емес сөздерді дайындап алып келіп, кезек-кезек араластырып оқушыларға оқытамын. Оқушылар «Ішіне» бағанына бүгінгі сабаққа қатыстысын жазады, ал қатысты еместерін «Сыртына» бағанына толтырады.

    • Бағалау:

    • Үйге тапсырма:

    • 24-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсымалар бойынша дайындалып келу.

















































    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.

    • Дамытушылық: Салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.

    • Тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалык тәрбие беру.

    • Сабақтың түрі: лекция

    • Әдісі: баяндау

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік:

    • 1. Ортағасырлық Қазақстан картасы.

    • 2. ҚР картасы.

    • 3. «Қала бөліктерінің кызметі» кестесі.

    • 4. «Кім тез табады?» кестесі.

    • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

    • Әнұран орындау,

    • «Хабар» ел жаңалықтарынан...

    • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

    • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

    • Өткен сабақтан «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» тақырыпшасы бойынша өтілген материалды еске түсіру үшін, оқушылармен «Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде еткіземін. Ол үшін төмендегі кестедегі әр ғалымның аты жазылған бағанға қарама-қарсы бөлігін бос қалдырады, оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып үлестіріп беремін, оқушылар оның дұрыс жауабын тақтадағы кестенің әр ғалымның қарама-қарсы бос бөлшегіне апарып жабыстыруы керек.

      • Ғалымдар

      • Өмір сүрген жылы

      • Туған жері

      • Еңбегінің аты

      • Не туралы айтылған?

      • Жүсіп Баласағұн









      • Махмұт Қашкари









      • Ахмет Йасауи

















    • Бұдан кейін 2-3 оқушыдан «Әл-Фараби - Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбының ауызша мазмұнын сұраймын. Қалған оқушылардан «Отырар кітапханасы» бойынша оқушылардың өздері қосымша жазып алып әкелген деректері тыңдалады. Үй тапсырмасын Отырар қаласындағы осындай әлемдегі ірі кітапханалардың болғандығы, сол замандағы қала мәдениетінің дамығандығының көрсеткіші деп, бүгінгі «Ортағасырлық Қазақстан қалалары» деген тақырыппен байланыстырып жіберемін.

    • Жаңа тақырыптың жоспары:

    • 1. Қалалардың пайда болуы.

    • 2. Қала бөліктері мен олардың қызметі.

    • 3. Қазақстан қалаларының орналасу картасы.

    • Археологиялык зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жаксы дамып, өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу еңірлерінде қолөнер мен сауда жөне мәдениеттің шоғырланған орталықтары - қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқының саны көбейіп, ірі орталықтарға айналған. Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен деп қала деген сөзге анықтама береді. Ортағасырлық қалалар негізі үш бөліктен тұрған. Олар орда (қитадель), шахристан, рабат деп аталды. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін түсіндіремін.

    • ҚАЛА

    • Орда (қитадель) - патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.

    • Шахристан - қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.

    • Рабат - еңбекші халық мекен ететін қаланың сырткы бөлігі.

    • Ортағасырлық Қазакстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашокы, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынкент, Қалабалғасын, Бұзок, Йассы, Сауран. Тараз т.б. деп оларды картадан көрсетемін. Қалабалғасын қаласы туралы бұрын тарих оқулықтарында айтылмағандықтан, қосымша әдебиеттерді пайдаланамын:

    • Ж. О. Артықбаевт. б. Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде. Астана, 2004.

    • Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді, қаланың өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді. Ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтемін. Мысалы: Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған. Моншаның едені кірпіш тақталармен тәселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу еткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.

    • Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы, ол қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан - «түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан. Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған.

    • Қорытындылау: Қалалар санының өсуі сауда экономикалық байланыстардың артуына және жартылай көшпелі тайпалардың отырықшылыққа көшуінің басты себебі болды. Қала гүлденген мәдениеттің, мемлекеттің көрсеткіші.

    • Бағалау:

    • Үйге тапсырма: 25-параграф.

    • жүктеу 2,9 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау