Сабақтың мақсаты: а Білімділік



жүктеу 46,71 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі46,71 Kb.
#1840
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Сумоншақ пен моншақтан сырға жасау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:

Оқушыларға сумоншақтан сырға жасауды үйрете отырып, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

ә) Дамытушылық:

Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, шеберлік деңгейін арттыру.

б) Тәрбиелік:

Халықтың қолөнерін жалғастырып, асыл мұрасын сақтап, өмірде қолдана білуге, табандылыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

  1. Сумоншақтан сәндік бұйымдар жасай алады.

  2. Оқушылардың ептілігі, шеберлігі, төзімділігі артады.

  3. Халық қолөнерін қолдана біледі.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.


Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тест, ББҮ, РАФТ стратегиялары.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, математика.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, әшекей бұйымдар.
Қажетті құрал – жабдықтар: сумоншақ түрлері, сым, қайшы.
І. Қызығушылықты ояту.

Әдепті де өнерлі

Еңбек сүйгіш баламыз.

Жаңа істің шебері,

Жасаушысы боламыз

Қане, балалар өлең жолын қайталайық. Балалар, үнемі аянбай еңбек етсек, биік шыңға жетеміз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тест жұмысы




Сұрақ

А

Ә

Б

Ең алғаш сумоншақ қай елде пайда болды?

Египет

Жапония

Үндістан

Сумоншақты ең көп шығаратын ел

Қытай

Жапония

Англия

Сумоншақ қандай материалдан жасалады?

Әйнек

Фарфор

Хрусталь

Осыдан қанша уақыт бұрын әйнек өнері пайда болған?

6 мың

8 мың

4 мың

Сумоншақтың түрлері

ұзынша

домалақ

үшбұрыш

Әйнектің ең алғаш құпиясын ашқан ел?

Египет

Сирия

Финикия

Көршілері бірін – бірі бағалайды.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









ІІІ. Мағынаны тану.

Слайдтарды көрсету

«Өнерден қуат алмасаң тіршіліктің шырағы өшеді» - деп М.Әуезов айтқандай, өз халқымыздың өнерін жас ұрпақ сіздер бойларыңызға сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе. Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осы халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Қолдан жасалатын сумоншақтар Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан сумоншақтан және асыл тастардан әшекейленген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Сәукеле осы кезге дейін Ресейдегі мұражайда сақталуда. Әйгілі теңіз саяхатшысы Марко Полоның әкесі сумоншақ жасау шебері болды. Марко Поло өзінің сапарынан оралғанда сумоншақтар жасау кәсібінен байыған мемлекетін көріп таңданған.

Барлық қолөнер сияқты сумоншақтыңда өзіндік тарихымен өткен сабағымызда танысып, салпыншақ жасаған болатынбыз.

Бүгінгі сабағымызда сумоншақ пен моншақтан сырға жасап үйренеміз.

Жұмыс орындарының дайындығын тексеру.

Сарамандық жұмыс.


Қауіпсіздік ережесі.

Сыммен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.



  1. Сымның ұшын көзге жақындатуға болмайды.

  2. Сымды жерге тастама.

  3. Сыммен ойнама.

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.



  1. Қайшыны жолдасыңа тұтқа жағымен бер.

  2. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.

  3. Пайдаланбаған кезде қайшыны ашып тастауға болмайды.

Топқа бөлу

І топ. Өнерпаз. Оқулықтағы тапсырманы орындау.

ІІ топ. Шебер Оқулықтағы шығармашылық жұмыс.

ІІІ топ. Зергер Қиялдарынан шығармашылық жұмыс.
Жұмыстарына бағыт беріп ретін түсіндіру.


  1. Сергіту сәті. «Сөздің көркі – мақал»

Жұмбақ жасыру арқылы жауабына сәйкес мақал - мәтел айту.

Белсене қатысқан топ ұтады.




  1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап – жалаңаш өзі безді. (Ине)
Мақал. Оқу - инемен құдық қазғандай.


  1. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қолы жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
Мақал. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы.


  1. Екі семсер айқасқан,

Оқта – текте шайқасқан. (Қайшы)
Мақал. Асыл қайшы пішуге сән,

Асыл қасық ішуге сән.




  1. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар іс өнер. (Қол)
Мақал. Көз қорқақ, қол батыр.


  1. Әр топ жұмысын қорғайды.

РАФТ


  1. Ой толғау.

  1. Әйнектің ең алғаш құпиясын ашқан ел?

  2. Сумоншақтан жасалатын сәндік бұйымдар?

  3. «Бисер» сөзі қандай сөзден шыққан?

Қорытындылау.


Әр топқа жеке – жеке сипаттама беріп, жасаған бұйымдарына, белсенділіктеріне, жылдамдықтарына, шығармашылық ізденімпаздықтарына, тазалықтарына қарай бағалау.


  1. Үйге тапсырма.

  1. Өз қалауынша әшекей бұйым жасау.

  2. Сумоншақ туралы дерек жинау.

жүктеу 46,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау