Сабақтың мақсаты : а Мұрат Мөңкеұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және



жүктеу 32,06 Kb.
бет5/5
Дата19.05.2020
өлшемі32,06 Kb.
#30498
түріСабақ
1   2   3   4   5
151 15.02.16

Көркемдік ерекшелігіне талдау

І Жайық сені қайтейін,

Ағашың абат көрінген,

Жапырағы жерге төгілген

Жапырағы жасыл алқа қамқадай,

Бұтағы бұрама күміс алқадай,

Баттауығы білектей,

Боташығы жүректей,

Балдырғаны соққыдай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығының көптігі –

Суына жылқы жаптырмас...

Шырмауығының көптігі –

Шөккен түйе таптырмас

ІІ Дұшпан – тазы, біз – түлкі,

Қашсақ ерікке қоймайды,

Інге кірсек, суырып,

Бір пәлеге жолықтық.



Құлғанадай қадалған,

Бұл не деген ғаламат,



Қазынасы кең қүдайым,

Сақтағайсың саламат!




қ/с

Өлең атауы


Ұйқас түрі

Теңеу

Эпитет

Метафора

Эпифора

Анафора

1

«Қазтуған» толғауы



















2

«Үш қиян» өлеңі





















Білімді бекіту: «БҮҮ» әдісі бойынша оқушылар дың жазған жұмыстары тыңдалады
Білімді бағалау:

Оқушылырды жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай топ басшылары білімдерін бағалайды.



Үйге тапсырма: Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.

«Қыз» өлеңін жаттау



«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы

Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған­мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын­да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ­тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай­ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр­сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.


Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл­кен жиы­ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас­тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,


Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.

Ерлерге ерегіскен не қылмады?

Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,

Оны да аңсыз жерде жазымдады.


Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған ­Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі ай­қын да нақты көрінеді. «­Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбет­тің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.
Ақын осы жырының былайғы тармақтарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.
Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,


Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.

Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,

Алланың құдіретіне шараң нешік

Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай

Алланың құлы болсаң бізге күлме,

Тап болар тасқан елге мұндай ылаң.


Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жал­ғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң не­шік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.
Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.
Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.

Сарыарқа
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.

Ерлерге ерегіскен не қылмады?

Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,

Оны да аңсыз жерде жазымдады.

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,

Тепсеңге суы шыққан бие байлап.


Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы

Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.


Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,

Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап...

Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,

Алланың құдіретіне шараң нешік

Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай

Алланың құлы болсаң бізге күлме,

Тап болар тасқан елге мұндай ылаң.

Көркемдік ерекшелігіне талдау

І Жайық сені қайтейін,

Ағашың абат көрінген,

Жапырағы жерге төгілген

Жапырағы жасыл алқа қамқадай,

Бұтағы бұрама күміс алқадай,

Баттауығы білектей,

Боташығы жүректей,

Балдырғаны соққыдай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығының көптігі –

Суына жылқы жаптырмас...

Шырмауығының көптігі –

Шөккен түйе таптырмас

ІІ Дұшпан – тазы, біз – түлкі,

Қашсақ ерікке қоймайды,

Інге кірсек, суырып,

Бір пәлеге жолықтық.



Құлғанадай қадалған,

Бұл не деген ғаламат,



Қазынасы кең қүдайым,

Сақтағайсың саламат!


ІІІ Еділді алса, елді алар,

Енді алмаған нең қалар?

Жайықты алса, жанды алар,

Жанды алған соң нең қалар?..

ІҮ Айналайын, Қазижан,

Аспандағы жұлдызым

Маңдайдағы құндызым,

Артыңда енді кім қалды,

Айналайын, жалғызым?





жүктеу 32,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау