Сабақты ұйымдастыру,оқу сұрақтары,оқытудың әдіс-тәсілдері
|
Қосымша,
өзгерістер,
ескертпелер
( уақыты)
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сапқа тұрғызу
Амандасу
Түгендеу
Өткен сабақты қайталау
М І Н Д Е Т І
Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, алғырлықпен, қасық қанын аямай Қазақстан Республикасын қорғауға;
әскери борышын орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастамашылық жасауға, командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынаға, оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, әскери кәсіптік білім-білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды қолдануға ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға, әскери бауырластықты бағалауға, қасық қанын аямай, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс –қылықтардан тежеуге, әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу,қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киіммен, таза және ұқыпты киінуге, қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға МІНДЕТТІ.
Өз-өздерін құрметтеу
Конституция мен заңдарды сақтау
Әскери кәсіптік білікті меңгеру
Ұқыптылыққа тәрбиелеу
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН ТЫЙЫМ
Әскери қызметшіге: қандай да болмасын саяси партияны қолдауға, ереуілдер, пикеттер және өзге де наразылық шараларын ұйымдастыруға және оларға қатысуға, командирлердің (бастықтардың) қызмет бабындағы
және қызмет мүддесінде берліген бұйрықтарын (өкімдерін) талқылауға және сынауға, дінге қандай да болсын қатыстылықты насихаттауға және діни бірлестіктер құруға, кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрімен айналысуға, сондай-ақ қызмет бабын пайдаланып жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге және осы үшін сыйақы алуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Бұйрықты талқылауға
Ереуілге шығуға
Жемқорлыққа қарсы
|
Достарыңызбен бөлісу: |