Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу
жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру дайындау.
Дамытушылық; Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен
жұмыс істеуге көмектесу.
Тәрбиелік; Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары,
тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Кіріспе Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар , оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абайды оқы,таңырқа!» атты әдеби –сазды кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Сахнаға Абай шығады. Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
1-жүргізуші; Өмірбаян. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы
Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге
келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.
Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар
төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары
Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен
өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін
барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды
әкесі он екі жасында Семейге
оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб,
парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули,
Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская
школада» орысша оқиды.
2-жүргізуші;Абай Құнанбаев - белгілі қазақ ақыны, ағартушысы, ойшылы, қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай (Ибрагим) Құнанбаев 1845 жылы 10 (23) тамызда Семей облысы Шыңғыстаудағы Тобықты руында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы Тобықты руының басшысы, аса ірі феодал, уездің аға сұлтаны болған адам. Бала Абайды парасатты да талантты анасы Ұлжан мен әжесі Зере тәрбиелеген. Абай алғаш рет ауыл молдасы Ғабитханнан сауат ашқан.
1-жүргізуші;Одан әрі он жасар Абай Семей қаласындағы Ахмет-Риза медресесінде оқыды. Медресе тәртібін бұза отырып, орыстың приходская мектебінен білім алды. Араб, парсы, т.б. шығыс тілдерін тез меңгерген Абай Шығыстың атақты шайырлары -Навои, Низами, Саади, Фирдоуси, Джами, Хафиз, Сайхалидың шығармаларын оқыды. Олардың гуманистік көзқарастары Абайдың дүниетанымының қалыптасуына өз әсерін тигізді. Өзінің ерекше талантының арқасында Абай оқуда үлкен жетістіктерге жетті. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ Абай поэзияны меңгеріп қана қойған жоқ, өзі де өлең жаза бастады. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов.
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді Ғабит Мүсірепов.
Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс
Қайсын Кулиев.
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы
сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін таныттты.
Шыңғыс Айтматов.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев
5-оқушы: Әлімбаева Назымның орындауындағы «Көзімнің қарасы» әнін тыңдаймыз.
6-оқушы: Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
7-оқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»
45 қара сөзі, өлеңдері бар. Көрініс 17 қара сөзіне.
1-жүргізуші: Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен....
2-жүргізуші;Сұрақтар Абай шығармашылығына байланысты.
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жетінші,аударма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдарын, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, Өлмей- тұғын артында сөз қалдырған.
Ән « Қараңғы түнде тау қалқып»
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
1жүргізуші;Абай Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да
ақылды ананың бірі болған.
2-жүргізуші; Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды оқудан ерте тартып,
оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
1-жүргізуші: Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. Ақындарының
өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп,
орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:
…Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы
2-жүргізуші;
Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде
өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап
өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
1-жүргізуші;Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының
нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Шыққан таланттарды танып, олардың
еңбегін таратушы болды.Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
2-жүргізуші;Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті — өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.
1-жүргізуші;Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.
Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн
өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.
Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.
2-жүргізуші;Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең
алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы..
1-жүргізуші;Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұраққа ойланбастан жауап беру керек).
1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
(1909ж. Петербург)
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз.
(Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7. Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
2-жүргізуші;
1. Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5. «Медғат - Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)
6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)
2-жүргізуші;1. Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2. Абайдың «қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)
3. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4. Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у
бар ма!...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған?
(Мағауияның өлімі)
5. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6. Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
7. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
1-жүргізуші:1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?
( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? ( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы
Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шы,арма аударған).
2-жүргіуші:
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
121-жүргізуші;. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
1-жүргізуші;2. «Белгілі бір жүйемен»
.........................
Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
------------------------------- (Аздырар адам баласын)
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті
------------------------------ (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
2-жүргізуші; Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
---------------- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл
Тұрлаусыз ғашық – тұл
-----------------(Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
-----------------(Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)
Досы жоқпен сырлас
--------------------------------(Досы көппен сыйлас)
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
--------------------------------------- (Алда – ойын, артқы жағы мұңға жуық)
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар.
(Ынталы жүрек сезген сөз
-------------------------------------- Бір тамырды қуалар)
Шығармашылық жұмыс
1. Абайдың атын басқаша өзгерт.
а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
ә) «Ғылым таппай мақтанба»
б) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
2. Абай өлеңдерінің жалғасын тап.
(Ойдан өзі шығару керек)
-------------------------- Пайда ойлама, ар ойла,
-------------------------- Талап қыл артық білуге.
Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------
Үйретуден балаға. --------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |