IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1.Былғарыдан өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.
2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.
3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.
4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.
5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп, түзу тігіспен тігіп шығамыз. 6.Сөмкені әшекейлеу үшін гүл қадаймыз.
V.Бекіту кезеңі.
Қорытындылау.
Жасаған сөмкелерің ұнады ма?
Мектепке ұстайтын сөмке қандай болуы керек?
Сөмкені қалай безендіруге болады?
VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Тақырыбы:Түйме салатын қобдиша жасау.
Мақсаты:
Оқушыларға түйме салатын қобдиша жасату. Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер.
Қажетті материалдар мен құралдар: қалың қағаз, екі түсті қалың мата, ине, жіп, қайшы, екі түсті моншақ (бірнеше)
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Әр түрлі материалдардан ұсақ-түйек салатын құралдар жасауға болады. Бүгін сендермен соның бірі – қобдиша жасаймыз. Сергіту сәті
IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1.Қалың қағаздан шеңбер пішінді қалып үлгі дайындап аламыз. Оны екі түсті мата бетіне кезектестіре қойып, айналдыра қиямыз. Қиып алынған екі матаны бір-біріне беттестіріп, бірнеше жерінен ине-жіптің көмегімен іліп қоямыз.
2.Моншақтарды матаның бетіне орналастырып көреміз.
3.Моншақтың көзінен сабақтаулы инені өткізіп, оны матаның шетіне тігеміз.
4.Келесі моншақты керісінше екінші матаның шетіне тігеміз.
5.Осы әдісті шеңбер пішінді қобдиша пайда болғанша қайталаймыз.
6.Дайын қобдишаға түйме немесе басқа да ұсақ-түйек заттарды саламыз.
V.Бекіту кезеңі.
Қорытындылау.
Жасаған қобдишаларың әдемі шықты ма?
Қобдиша жасауға неліктен қалың мата пайдаланамыз?
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Тақырыбы: Ашықхаттан үй жиһазын жасау.
Мақсаты:
Оқушыларға ашықхаттан диван жасату. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: ашықхаттан жасалған әр түрлі заттар.
Қажетті материалдар мен құралдар: ашықхат (5дана), қарындаш, сызғыш, қайшы, ине, жіп.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Ашықхат – жұқалау, қиюға жеңіл қатырма қағаз. Одан алуан түрлі әсем әрі тартымды бұйымдар жасауға болады. Ашықхаттан жасалатын диван 5 бөліктен тұрады. Олар:
1.Диванның арқасы.
2.Диван арқасының алдыңғы бөлігі мен отыратын бөлігі болып табылатын алдыңғы жоғарғы бөлігі.
3.Диванның төменгі бөлігі.
4.Жақтаулары (2 бөлшек) Сергіту сәті
IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
Диван бөліктерінің барлығын ашықхаттан қиып аламыз. Оларды торлап тігу әдісімен бір-біріне біріктіріп тігеміз.
V.Бекіту кезеңі.
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Жасаған дивандарың әдемі шықты ма?
Ашықхаттан тағы қандай бұйымдар жасауға болады?
VI.Бағалау.
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Тақырыбы: Құмыраны дәндермен безендіру.
Мақсаты:
Ермексаздың кез келген түсін және әр түрлі дәндер мен тұқымдарды пайдаланып, құмыраны безендіруге үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: безендірілген құмыралар.
Қажетті материалдар мен құралдар: пластмасса немесе шыны бөтелке, ермексаз, өсімдік дәндері мен тұқымдар.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Құмыра қыштан, шыныдан және ағаштан жасалып, көлемі әр түрлі болады. Құмыралардың кейбір түрінің мойны ұзын, бүйірлі келеді. Ал құмыраларды безендіріп, әшекейлеу үшін дизайншының көмегі керек. Өзімізді дизайншы ретінде сезініп, құмыраны ерекше тәсілмен түрлендіріп көрейік.Сергіту сәті
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
Құмыраны безендіру үшін сусыннан босаған пластмасса немесе шыны бөтелкенің сыртына ермексазды жағып, оның үстіне дән мен тұқымдарды белгілі бір ретпен жапсырамыз.
V.Бекіту кезеңі.
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кімнің құмырасы әдемі шықты?
Бұйымды безендіруде дизайншының рөлі қандай?
VI.Бағалау
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Тақырыбы:Мата мен моншақтардан аппликация жасау.
Мақсаты:
Мата мен моншақтардан аппликация жасауды үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: мата мен моншақтардан жасалған әр түрлі аппликациялар.
Қажетті материалдар мен құралдар: әр түрлі мата қиындылары, жіп, моншақ, таспа, ПВА желімі.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Аппликация – негізтүске әр алуан бөлшектерді желімдеу немесе тігу арқылы орындалатын өрнек не сурет. Негізтүс үшін көбінесе қатты материал таңдап алынады. Сонымен қатар негізтүс пен оған желімделетін бөлшектердің түсі бір-бірімен үйлесімді болу керектігін ұмытпау керек. Сергіту сәті
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау.
V.Бекіту кезеңі.
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Аппликация дегеніміз не?
Аппликация жасау үшін тағы қандай материалдарды қолдануға болады?
Жасаған аппликацияларыңа қандай атау берер едіңдер?
VI.Бағалау
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Түзу, ирек жолақтардан, таспалардан компози - ция құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: түзу, ирек жолақтардан, таспалардан үйлесімді композиция құрастыруды меңгеру.
2. Дамытушылық: түстердің үйлесімділігі туралы түсінік беру; оқушы - лардың ойлау қабілетін арттыру, өзіне деген сенімділікке баулу.
3. Тәрбиелік: оқушылардың өзіндік ізденуіне ықпал ету, түзу, ирек лақтарды қиюда әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттері, түрлі түсті қағаз, таспалар, желім, қайшы, қарындаш, қылқалам, шыны, пластмасса ыдыстар.
Еңбек нысаны: түзу, ирек жолақтардан, таспалардан композиция құрастыру.
Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығы тексеріледі. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Түзу, ирек жолақтардан, таспалардан жасалған жұмыстардың үлгілерін көрсете отырып, түстердің байланысы туралы жалпы түсінік береді. Олардың орындалу техникасы мен технологиясын таныстырады, оны желімнің көмегімен фонға жапсыру тәсілі арқылы орындалатыны түсіндіріледі. Әртүрлі жолақтар - дан композиция құрастыруда түс туралы шешімді естен шығармау керек. Оқушыларға оқулықтағы, журналдағы суреттерді көрсетіліп, ондағы композиция мен түстік шешімге жасалады. Көрсетілген суреттер мұқият талданады. Түзу, ирек жолақтардың; таспалар түстерінің, пішіндерінің әртүрлі орналастырғандығын байқайды. Композицияның тек сыртқы ерекшелігін ғана емес, жекелеген жолақтарын да анықтайды. Жұмысты алдын ала жасалған жоспары бойынша жасау кезеңдерін анықтау керек. Оқушыларға жолақтардың желім арқылы біріктірілгенін айтады.
Сонымен қатар мұғалім түстер берілген суретті көрсете отырып, оларға анықтама береді.
Түс - композицияның нағыз белсенді құралдарының бірі. Композициядағы түс - мұның өзі бейнелі сәуле шағылысуының спектрлық құрамынан туған көру түйсігі. Түстің адамға эмоциялық әсері орасан зор әрі көп қырлы. Біз түсті аялаушы, мазалаушы, күйзелтуші, қуанышқа бөлеуші, қапаландырушы; шымыр немесе әуе істпетті, ілгері бастаушы; салқын және жылылық ретінде түсінеміз.
Түстердің екі тобы көрген көзге әртүрлі әсер етеді. Жылы түстер неғұрлым белсендірек, ынталандырушы, ал салқын түстер - енжар, кері кетіруші ретінде әсер етеді.
Түрлі түсті қағаздарды көрсетіп, олардың түстерін оқушылармен бірлесе ажырату қажет. Негізгі түстермен бірге қосымша түстерді де ажырата білуге дағдыландырады. Ол үшін мұғалім ойындар, түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра алады.
Сарамандық жұмыс.
Оқушыларға дәптер бетіне және өздері үй тапсырмасы бойынша әкелген шыны немесе пластмасса ыдыстарының сыртын безендіруге тапсырма беріледі.
Жұмысты оқушылардың өздері шешім қабылдап, өз беттерінше орындаула - рына мүмкіндік беріледі. Үлгіде көрсетілген бейнелердің ішінен өзі қалағанын ғана жасауына да болады. Жұмысты орындау үшін фон таңдайды. Жасалатын жұмыстағы түзу, ирек жолақтардың түстік үйлесімін негізгі түсіне байланысты анықтайды. Осы жолақтарды орналастырғанда олардың басталу, иілу және аяқталу сызықтарына көңіл бөлінеді.
Оқушылар әр түсті фонның бетіне қойған кезде сурет көрінісі әртүрлі болып көрінетіндігіне көздері жетеді. Осылайша түстер үйлесімін таңдауға мүмкіндік туады.
Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектің ішін безендіру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларға қағаздың түрлерін қолдануды және олармен жұмыстың орындалу техникасын меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушыларды дөңгелек пішінді орынды безендіруге құштарлығын арттыру және эстетикалық талғамын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, икемділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі композицияда әшекейленген заттар суреттері, түрлі түсті, фольга және өзі желімделетін қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, жіп, шыны немесе пластмасса ыдыс.
Еңбек нысаны: дөңгелектің ішін безендіру.
Сабақтың барысы:
Мұғалім оқушыларға жазу, баспа, қатырма, сурет салура арналған, түсті қағаздан басқа өзі желімделетін қағаз қолданылатынын түсіндіреді. Ол қағаз - дың қасиетімен оның қалай қолданылатынымен таныстырады да өзі желімде - летін қағаздың бір шетін қиып алып, оны ішкі және сыртқа бетін көрсетеді де, оның ортасын ажыратып, асты жай қағаз, ал үсті желім жағылған жылтыр қағаз екендігін көрсетеді. Сонымен қатар тағы да өзі желімделетін қағазды бір затқа үстіңгі бетінің бір шетін жабыстыра отырып, астыңғы қағазын ақырын тартып отыраса өздігінен желімделетінін көрсетеді. Қорытынды әңгімеде мұғалім осы техниканы оқушылардың қолдарын жаттықтыру үшін өздігінен орындауға тапсырма береді.
Сарамандық жұмыс.
Оқулықта және көрнекілікте берілген материалдарды көрсете отырып, сарамандың жұмыстарын жүргізеді. Онда үш түрлі жұмыстың оқулықта берілген жұмыс реті бойынша орындауларын түсіндіреді.
Оқушыларға жұмыстың арасында сергіту жаттығуын жасатады:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды қолға соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
1. Түрлі түсті қатырмақағаз немесе фольгамен қапталған қораптар, шоколад қорабын алып оның радиусын тауып дөңгелек қиылады да сол дөңгелектің ішін әртүрлі геометриялық фигуралар қиып, оларды алдымен орналастырып түстерінің және олардың формаларының дұрыстығын тексеріп барып желім - дейді. Сонымен қатар, жұмыс барысында геометриялық фигураларды, арасына салынатын жіпті, желімді дайындап алатыны ескеріледі.
2. Сәндік ыдыстарды жасауда өздігінен желімделетінін қағазды пайдаланады және де олардан таңдаған ыдыстарының формасына байланысты геометриялық фигураларды дайындап алып барып желімделетіні айтылады.
Мұғалім бір оқушыны жанына шақырып, оған жұмыстың жасалу процесін көрсете отырып, басқа оқушылардың соған көңіл бөлгендерін қадағалайды.
3. Оқушылар үйлерінен әкелген бұтақтарын безендірген шишаларына салып оларды түрлі формадағы дөңгелектермен әшекейлейді.
Оқушылар жұмыстарына талдау жасалады. Жақсы жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыруға болады.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік дәндерімен безендіру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: өсімдік дәндерімен безендіруді үйрету, оқушылардың жұмысқа икемділігін, шеберлігін арттыру.
2. Дамытушылық: композиция жасату арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: өсімдік дәндері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қылқалам, мата.
Еңбек нысаны: өсімдік дәндерімен композиция құрастыру.
Сабақтың барысы:
Мұғалім оқушыларға дәндерді қандай өсімдіктен алатыны жайлы және панно ұғымына түсінік беруден бастайды. Балалар, біздің бүгінгі сабақта өсімдік дәндерін қолдана отырып панно жасау жолын үйренеміз. Өсімдік дәндерінің түрлері көп. Оқушылар үйде жеген қайнатпа немесе тосаптарының дәндерін тазалап, кептіріп әкеледі.
Мұнда мұғалім оқушылардың қаншалықты дән әкелгенін және де олардың келемін қарастыра отырып, жұмыстың орындалатынын түсіндіреді.
Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды сабаққа дайындау. Қауіпсіздік және санитарлық-тазалық ережесін ескере отырып, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу. Оқушыларға оқулықтағы және де басқа журналдарда берілген үлгі бойынша өсімдік дәндерінен жасалған жұмыстарды көрсетеді. Осы жұмыстарға оқушылардың назарын аударып, оларды әшекейлеу үшін қандай материалдарды қолданамыз және оларды көлеміне қарай қалай орналастыру керектігі жайлы сұрақтар қойылады. Жұмыстың істелу ретін талдайды.
Жұмысты қатты қағаздың сыртын матамен қаптаудан бастайды. Жұмысты әрбір оқушы қолдарында бар дәндердін көлеміне қарай қолдана отырып өз беттерінше орындайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын салыстырмалы түрде тексеріп жүріп, жіберген қателіктерін түзейді. Оқушылар жұмысты орындап болғаннан кейін оның шетін безендіруге таспа немесе шоколад қорабын қолданатынын айтады.
Сабақты оқулықтағы сұрақтарға жауап беріп, жасалған жұмыстарының сапасын тексеру арқылы қорытады.
Сабақтың тақырыбы: Бөлмеде жиһаздарды дұрыс орналастыру дизайны.
1. Білімдік: бөлмеде жиһаздардың дұрыс үйлесімді орналастыру дизайнын үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың қағазды бүктеу, қию, қаптауға байланыс - ты біліктері мен білімін кеңейтіп, дамыту.
3. Тәрбиелік: бөлме жиһаздарын орналастыру арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: ңатты қағаз, желім, қайшы, қарындаш, сызғыш, қыл-қалам, қорап.
Еңбек нысаны: бөлмеде жиһаздарды дұрыс орналастыру
Сабақтың барысы:
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгелдеу, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру. Өткен сабақ қайталаудан басталады. Оқушылардың алдыңғы сабақтарда орындаған жұмыс істеу ережесі, қағазды қию тәсілдері туралы алған білімдері нақтыланып, бекітіледі. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
Дизайн дегеніміз не, дизайнды кім жасайды?
Дизайн қандай түрлерге бөлінеді?
Дизайнерлерге қандай талаптар қойылады?
4. Интерьердегі дизайн - дегенді қалай түсінесіңдер? Мұғалім оқушыларға сыныптағы жиһаздардың орналасуып, түсінің сынып қабырғасының бояуына және пердесінің түсіне сәйкестігін сұрайды да, көрнекіліктегі жиһаз суреттерін көрсетіп, оларды талдайды.
Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмыста оқушыларды топқа бөледі, себебі мұнда бірнеше бөлме болады және әртұрлі жиһаздар орналастырылады. Оқушыларды қатар бойынша төрт топқа бөлуге болады. Бір оқушыныны мұғалім өзінің жанына шақырып, оқулықта берілген қорапты қағазбен қаптау жолының реттілігін көрсете отырып, жұмысты орындауға көмектеседі, жұмыс барысында қорап шеттерініндегі қағазды бүгу кезінде қораптың қырларын, бұрыштарын дұрыс шығаруларына көңіл бөлу керектігін ескереді. Міне, енді қалған қораптарды да осы тәсілмен орында. Оқулықта берілген қонақ бөлмесі жиһаздарын қапталған қораптарыңды біріктіріп орында да оларды қатты қағаз бетіне орналастыр. Әрбір бөлмедегі жекелеген жиһаздарға қанша қорап кететінін және әрбір оқушы қанша қорап қаптайтыны анықталады.
Сабақтың тақырыбы: Сумоншақтан алқа жасау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларға моншақтың түрлері және олардың бір-бірінен айырмашылықтары туралы жалпы мағлұмат беру және одан алқа жасауды үйрету.
2. Дамытушылық: сумоншақпен жұмыс жасау технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: зергерлік бұйымдар суреттері, сумоншақтан жасалған алқа түрлері, сумоншақтан жасалған бұйым үлгілері, сызба, журналдар; сымтемір, әртүрлі сумоншақ, оны тізетіп жіп немесе леска, №1 ине.
Еңбек нысаны: сумоншақтан алқа жасау.
Сабақтың барысы:
Сумоншақ - шыныдан жасалған, ортасында тесігі бар, ұсақ домалақ моншақ. Ол көлемі, пішіні мен түр-түсі жағынан әртүрлі болады. Көлемі үлкен моншақ - тардың ортасындағы тесіктері де ұлғая түседі. Пішіні домалақ, сопақ, үшбұ - рышты, төртбұрышты, алтыбұрышты болады. Сонымен қатар оларды ине - жіппен тігуге немесе үтікпен, яғни ылғалды жылумен желімдеуге болады. Сумоншақтан желімдеу арқылы жай суреттерден бастап, өте күрделі түрлі түсті бұйымдар - алқа, тұмар, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер, көйлекке жаға, әшекейлер жасауға болады.
Сумоншақтан бұйым тоқуда сымтемір немесе леска қолданылады. Сымтемір кедір-бұдыр емес, сумоншақтың көзінен өтуі үшін тегіс болуы керек. Леска - балық аулайтын қармақ жібіне немесе домбыра ішегіне ұқсайды. Сымтемір мен лесканың диаметрі шамамен 0,12-0,15 мм болуы керек.
Сумоншақтан бұйым тоқудың кең тараған техникасы -параллельді тоқу. Тоқудың ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісі саналатын паралаллельді тоқуда сым сумоншақтың тесігінен параллель өтеді.
Екінші әдіс - шалып тоқу. Шалып тоқуда сумоншақты бір-бірден, түс-түсімен алып отырады. Айқыш (X) тәрізді тоқу әдісі мойынға тағатын жаға, алқа тоқуда кеңінен қолданылады. Моншақтар X тәрізді орналасып, тор секілді болып тоқы - лады.
Тоқудың келесі әдісі - өру әдісі. Моншақтарды бірінің үстіне бірін орналас - тыра өріп, белдік тоқуда қолданылады.
Мозайка әдісі тас моншақты бірінен кейін бірін, шахмат тәрізді, қатар-қатар тоқу үшін қолданылады. Бұл әдіспен тоқығанда моншақтар мата бетіне қатар - қатар етіп жіппен тігіп, орналастырылады.
Сабақтың тақырыбы: Әшекей бұйымдар дайындау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: әшекей бұйымдардың маңызы мен қажеттілігі туралы жалпы мағлұмат беру, әшекей бұйымдар жасауды үйрету.
2. Дамытушылық: сумоншақ қасиетімен танысу, оны маңызы мен қажеттілігі турады танымын кеңейту.
3.Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: түрлі зергерлік бұйымдар суреттері, сумоншақтан жасалған бұйым үлгілері, сызбасы, журналдар; жез сым немесе леска жіп, №1 ине.
Еңбек нысаны: сумоншақтан әртүрлі әшекей бұйымдар жасау.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сабақты сумоншақтың шығу тарихы және оның түрлері мен пішіндерінен бастағаны
Халқымыз сумоншақты ертеден-ақ тұрмыстық, әшекей бұйымдар дайындауда кеңінен қолданған. Сумоншақпен жұмыс өнері асқан нәзіктік, биік талғам, ұшқыр қиял, шыдам мен шеберлікті талап етеді. Сумоншақпен тоқу үшін түстердің ретін сақтап, сызба үлгісін басшылыққа алған жөн.
«Сумоншақ», «Биссер» деген атау да осы Мысыр елімен байланысты. Арабтың «Бусра» немесе «Бусер», яғни «жалған маржан» деген сөзінен шыққан. «Биссер» деген сөздің өзі - сумоншақтардың жалпы атауы. Ұсақ, домалақ, сопақша, әртүрлі хрусталь, шыны, металл, қыш материалдарынан жасалған моншақта қазақ тілінде «сумоншақ» деп аталады.
Кез келген қолөнер түрі секілді сумоншақпен тоқудың да өзіндік тарихы бар. Сумоншақтың шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тұспа-тұс келді. Ал әйнектің қашан пайда болғаны жөнінде әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдалану құпиясын алғаш болып Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыз бойынша финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп, Сирияға барып тоқтайды. Азық дайындау үшін қазанды отқа қояды да, өздері аялдаған аралдан үлкен тас іздейді. Тас таба алмаған олар кемедегі семетраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның қызуынан семетра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып ағады. Әйнек материалы осылай дүниеге келген деседі. Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізі жағалауындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Енді бір дерек бойынша, әйнектің отаны ежелгі Мысыр болған. Әйнектен жасалған моншақ, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейінгі VI ғасырға жататын ескерткіштерден табылған. Мысырлықтар әйнек массасына кобальт, мыс, марганец қосып, көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі.
Рим империясы Мысыр елін басып алғасын, әйнек өндіру Рим еліне өтеді. Империя құлағаннан кейін, әйнек өндірісі Византияға өтеді. Ал түрік жауынгер - лері Константинопольды жаулап алғаннан кейін, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, «биссер» атауы күллі әлемге мәлім бола бастады. Сумоншақтан тоқылған бұйымдар осы кезден бастап жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылып, киімдер, аяқ киімдер, сөмкелер және басқа заттар сумоншақтан жасалған оюлармен әшекейлене бастады. Ұзақ уақытқа шыдау үшін сумоншақ мықты жібек жіп немесе лескамен тоқылады. Сумоншақтан қазақтың ою-өрнектері, тұмар, алқа, шашбау, сырғалар және басқа да сәнді әшекейлер жасауға болады.
Тарихы құпия да қызық, су моншақ ертедегі Еуропа елінде еуроналықтардың өзге елдерді жаулап алуында өзіндік рөл атқарған екен. Еуропалықтар сумон - шақтарды басқа елдерге көрсетіп, қызықтырып, оларды алтын, бағалы заттарға, қымбат терілерге айырбастаған. Сумоншақ осылайша Еуропада кеңінен таралып, сұранысқа ие затқа айналды.
Ресей жеріне келуіне тоқталсақ, XII ғасырда Киевте ең алғаш сумоншақ жасайтын шеберхана ашылған. XVI ғасырда ресейліктер тас моншақты дінмен байланыстырып, икондар, насха жұмыртқаларын, сиынатын қасиетті орындарын сумоншақпен әшекейлей бастаған. Сумоншақтан жасалған жұмыстар түріне, түсіне, көлеміне байланысты бөлінген. Моншағының түсі адамның шыққан тегі, өмірге көзқарасы, қуаныш-қайғысын, отбасы туралы мағлұмат беретін болған. XIX ғасырда Ресейде тас моншақ кеңінен пайдаланылды. XX ғасырдан бастап сумоншақ тек әйел затына тән деп мойындалып, еркектерге арналған бұйым - дарға мүлде қолданылмайтын болды.
Сумоншақ тоқу технологиясы қазір күннен-күнге, жылдан-жылға дамып келеді. Бүгінде сумоншақтан тұрмыстың бұйымдар ғана емес, өнер туындылары да жасалады.
Сумоншақ қазір, негізінен, Жанония, АҚШ, Италия және Үндістан мемлекеттерінде өндіріледі. Ертеде жасалған сумоншақтардың сапасы өте жоғары болған. Олар музейлерде сақталған. Қазіргі өндіріс орындары сол сапалық деңгейде сақтауға тырысуда.
Бастауыш сынып оқушыларына жүзік, сырға, білезік, алқа, шолпы, шашбау, тағы басқа әшекей бұйымдарды моншақтардан жасатуға болады. Бұл әшекей бұйымдарды жасау үшін сымтемір, леска жібін қолдануға болады. Леска немесе мықты жіппен сырға, білезік жасау технологиясы кітапта берілген.
Сумоншақпен жұмысқа қажет керекті келесі құрал -жіп. Жұмыс барысында әртүрлі жіп қолдануға болады. Жіп жуан да мықты, моншақты тіккенде жұмысқа кедергі жасамайтын болуы керек. Жұмыстың әдемі шығуына жіптің сапасы ықпал етеді. Сумоншақпен жұмысқа арнаиы дүкендерде сатылатын синтетикалық жіп, соның ішінде лавсан мен матаның, лавсан мен зығырдың қоспасынан тұратын лавсаннан жасалған жіпті қолданған дұрыс. Жұмыс барысында жіпті қиюға мүмкіндігінше қолға ыңғайлы әрі өткір қайшы қолдану керек. Сондай-ақ, жіп орнына сым, жіңішке жез сым, леска қолдануға болады.
Сабақтың тақырыбы: Дизайн деген не?
Білімдік: дизайн ұғымы және оның түрлері жайлы жалпы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: түрлі көлемдегі шаршыларды қолдануда және оны орынды орналастыруда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың, шығармашылық қиялын арттыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әшекейленген ыдыстар суреттері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.
Еңбек нысаны: түрлі көлемдегі шаршыларды қолданып құмыраны безендіру.
Дизайн - үй немесе қызмет мекемесінің бөлмелері, ондағы жиһаздардың орналасуын эстетикалық тұрғыда, адамның көңіл күйін сергітетіндей әсем етіп безендіру. Үйде қонақ, жатын, ас, балалар бөлмесі және кіреберіс болады. Міне, осы бөлмелердің жалпы көрінісі, ондағы жиһаздардың орналасуы, олардың түр-түсі адамның көңіл күйіне, сергуіне, жұмыс жасауына әсер етеді.
Сол жиһаздардың бірі - қонақ немесе демалыс бөлмесіне орналастырылатын жұмсақ жиһазды бірнеше сіріңке қорабын бір-біріне біріктіру арқылы орындап үйренеді.
Сабақтың барысы:
Мұғалім оқушыларды сән әлеміндегі өзгерістермен таныстырып, бүгінгі күн талабына сай қолданылып жүрген интерьер, дизайн секілді жаңа терминдерге түсінік береді.
Интерьер - үй, кеңсе, мекеме бөлмелерін, ондағы жиһаздарды өңі мен бояуын өнертанушы, сәулетші, суретші-дизайнер, конструктордың өз идеясы бойынша эстетикалық тұрғыда әсем, ыңғайлы, үйлесімді орналастыруы.
Атақты американ дизайнері Чарльз Имс «Басқалардың көңілінен шығу үшін кез келген заттың жобасын алдымен өзің жасап көр» деген. Интерьер жобасын қарапайым адамның материалдық жағдайы көтеретіндей етіп құра білу керек. Дизайнер жиһазды орынды, жайлы, ыңғайлы да әдемі етіп орналастыра білуі керек.
Сарамандық жұмыс
Мұғалім жұмыс басында оқушылар әкелген сіріңке қораптарының бос екендігін және олардың санының жеткілікті екенін тексеріп шығады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту мақсатында оқулықта берілген жиһаздарды өз қолдарымен жасап, оларды тиісінше орналастыруды тапсыру керек. Жиһаздар қандай заттардан тұратынын және оның бөлшектерін анықтап алады. Жиһаз бөлшектерінің сыртын қағазбен қаптауда олардың шеттерін, бұрыштарын бүгу кертіктерін сызғышпен сызып алып қиылады. Қаптайтын қағаздың көлемі сіріңке қорабынан үлкен болатынын, желімдеу кезінде желім қағаздың бір жақ шетіне ғана жағылатыны көрсетіледі. Мұғалім желім, қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік және тазалық ережесін естертіп отырады.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларға конструктор бөлшектерін құрастыру және ажырату - ға байланысты оқушылардың білім, біліктерін кеңейту, бекіту.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстар орындауға қызығушылықтарын арттыру, зейінін, тапқырлығын шыңдау.
3. Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстың тәрбиелік мәнін түсіндіру, шығар - машылықты сүйіспеншілікпен орындауға баулу.
Еңбек нысаны: әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасау.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құрал жабдықтар: суреттер, жасалған жұмыс үлгілері, журналдар мен нұсқаулықтар.
Сабақтың барысы:
Шығармашылық жұмыста орындалған өнер туындыларының ерекшеліктерін талдап, жұмысты өңдеу әдіс-тәсілі мен құрал-жабдықтарды анықтау керек. Шығармашылық - өте қызық жұмыс. Ол адамның сұлулыққа құштарлығын, өнерге қызығушылығын оятады, өмірдегі әдемілікті сезінуге, түсінуге жағдай жасайды.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім»,
- деп Абай атамыз айтқандай, жастай білім мен өнерге ден қойған жөн. Адам еңбексіз өсіп-жетіліп, дами алмайды, кері кетеді. Еңбек адамның жан-жақты үйлесімді дамуында шешуші фактор болып табылады. «Адамды адам еткен еңбек» деп Ж.Ж. Руссо айтқандай, адамзаттың осы күнгі дәрежеге еңбектің арқасында көтерілгенін ешкім, еш уақытта теріске шығара алмайды.
Жеке адамның және бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын материалдың және рухани құндылықтар еңбекпен жасалады. Еңбек арқылы адамның ақыл-ой парасаты, мәдени болмысы, шеберлігі, эстетикалық талғамы жетіледі, өмірдің мәні мен маңызын түсінеді.
«Адамды ісінен, ағашты жемісінен таны» деген халық даналығы да адамның дамуындағы еңбектің маңызын көрсетеді. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Өсе-келе, көріп, танып, естіп, дүниедегі жақсы мен жаманның айыр-
масын түсінеді. Абай атамыз он тоғызыншы қара сөзінде: «Естілердің айтқан сөздерін естіген кісі өзі де есті болады» деген. Демек, баланы жастайынан білім, еңбекке тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесі - ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл
халықтың міндеті. Халқымыз еңбекті асыл мұрат санайды. Адам жанының сұлулығы істеген еңбегінен көрінеді. Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулып, болашақта кәсібіне берік, «он саусағынан өнер тамған» шебер маман
болып шығуына жағдай жасау керек.
Шығармашылық еңбек барысында оқушылар өз күші қабілетін шамалайды. Оқушы өз еңбегінің қоғамдық маңызын неғұрлым терең түсінсе, жасаған жұмысы соғұрлым нәтижелі болады.
Әр азамат ел дамуына адал еңбегімен үлес қосуы үшін, оны жастайынан біліммен қаруландырып, еңбекке баулу керек.
Сарамандық жұмыс.
Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық. жұмыстар орындайды. Шығармашылық жұмысты топқа бөліп және жеке орындауға болады. Шығармашылық жұмысты оқу жылы бойы өткен тақырыптардың ішінен өздерін қызықтырған біреуін таңдап, оны күрделірек немесе басқа техникамен орындауларына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |