«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Күні: 03.02
Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың аты
|
§43 Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт жайлы мағлұмат беру
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты бақылай білуге үйрету
Топта бағалауға баулу
|
Күтілетін нәтиже
|
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт жайлы мағлұмат алады
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты бақылай білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
|
Негізгі идеялар
|
Астрономиялық бақылаулар бойынша уақыттың негізгі бірліктері: тәулік, ай, және жыл.
Тәулік дегеніміз – Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы.
Күн шарығының орталық нүктесінен жоғарғы шарықтау сәті нақты талтүс деп, ал төменгі шарықтауы нақты түн ортасы деп аталады.
Күннің аттас екі шарықтау аралығы нақты күн тәулігі деп аталады.
Орташа күн тәулігі ретінде аспан экваторы бойымен бірқалыпты қозғала отырып бір жылдам толық айналым жасайтын жормала нүктенің аттас екі рет шарықтауға қажет уақыт аралығы қабылданады.
Күннің меридиан арқылы өтуі жергілікті орынның күн уақытын береді.
Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде қабылданады.
Tn=T0+n
Tn –белдеулік уақыт
Т0-бүкіләлемдік уақыт
n- берілген орынның белдеуінің реттік саны
Tλ=T0+λ
Tλ—георграфиялық бойлығы λ болатын орындағы Tλ жергілікті орташа күн уақыты
Жұлдыздық тәулік күн мен түннің теңелу нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері.
Кез келген мезетте берілген орындағы жұлдыздық уақыт мәні осы кезде жоғары шарықтауда орналасқан жұлдыздың тура көтерілу координатасының мәніне тең
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс
|
Топтық жұмыс
|
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Географиялық ендік деген не?
Аспан сферасының қозғалысы жайлы не білесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Уақыт жайлы не білеміз?
Уақыт өлшемдері жайында не білеміз?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Көш
басшы
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Топтық жұмыс (5 минут)
1 топ жергілікті уақыт
2 топ белдеулік уақыт
3 топ бүкіләлемдік уақыт
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1
|
Білу
|
Уақыт дегеніміз не?
|
|
2
|
Түсіну
|
Уақыт өлшемдерін ата?
|
|
3
|
Қолдау
|
1 жылда- қанша тәулік, сағат, секунд бар
|
|
4
|
Талдау
|
Жергілікті және бүкіләлемдік уақытты салыстыр?
|
|
5
|
Жинақтау
|
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытқа мысал келтір?
|
|
6
|
Бағалау
|
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік білу біз үшін маңызы қаншама?
|
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
|
№30 жаттығу
|
Кейінгі оқу
|
§43 Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт
|
Достарыңызбен бөлісу: |