ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
Пəннің аты:қазақ тілі
Уақыты:18.02.2017 Кабинет:40
Мұғалім:Калиева А.А.
Сабақтың атауы
Зат есімнің жекеше жəне көпше түрлері
Мақсаты
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Зат есімнің жекеше жəне көпше түрлері туралы
түсінік алады, сөйлем ішінен таба білуге үйренеді.
Ə) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттері,
ой-өрісі дамытылады, түрлі тапсырмалар орындау барысында
танымдық іскерлік, есте сақтау қабілеттері арттырылады.
Б) тəрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-
бірі сыйлай білуге тəрбиеленеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың əдіс-тəсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайд
Психологиялық ахуал
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сəттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Қызығушылықты ояту
*Үй тапсырмасын тексеру.
-341-жаттығуды тексеру.
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
*Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Бүгін зат есімнің түрлерімен танысамыз.
Мағынаны тану
*Жаңа сабақ.
1.Суретпен жұмыс.Суреттерді көрсету арқылы заттың жекеше
жəне көпше түрлерін түсіндіру.
2. Кесте бойынша талдау,түсіндіру.
3. Электронды оқулықты қолдану.
*Оқулықпен жұмыс.
342-жаттығу.Суретке қара. Əр суреттегі заттардың санын анықта.
Балапан-балапандар,қоян-қояндар.
-Сөздерді салыстырып оқы.Олардың бір-бірінен қандай айырмасы
бар?
Ереже:
Зат есімнің жекеше жəне көпше түрі болады.
Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің
жекеше түрі дейміз. ата,құс,түйе.
Кімдер?нелер?сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат
есімнің көпше түрі дейміз.аталар,құстар,түйелер.
343-жаттығу.Өлеңді көшіріп жаз.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.Бұл сөздерді түбір
күйіндегі қалпымен салыстыр.
Сергіту сəті
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың əйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан?
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
Саусақтарың əйбат,
Былай-былай ойнат.
Ой толғаныс
344-жаттығу.Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз.Көпше
түрдегі зат есімдердің астын сыз.
345-жаттығу.Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем
құра. Шешу:инеліктер
Инелік -пайдалы жəндік. Инеліктер шыбын-шіркейлермен
қоректенеді.
347-жаттығу.Мектепте шахматшылар жарысы өтпекші.Бұл
туралы хабарландыру жазу 2-сынып оқушыларына
тапсырылды.Сен қалай жазар едің?
Хабарландыру
Мектепте 18.02.2017 жылы сағат 10.00-де 1-4-сыныптар
арасында шахматшылар сайысы өтеді.
Мектеп əкімшілігі
-Бүгін не білдік?
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
-Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
Үйге тапсырма
346-жаттығу,127-бет.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау
Кері байланыс