ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
Пəннің аты:қазақ тілі
Уақыты:17.01.2017
Кабинет:40
Мұғалім:Калиева А.А.
Сабақтың атауы
Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты
Сабақтың мақсаты:
1.Сөз туралы ұғым пысықталады.Оқушылар қосымшалардың
қызметтері əр түрлі болатынын байқайды,сол арқылы жұрнақ пен
жалғау туралы түсінік алады.
2.Оқушылар ойлауын, алған білім, білік, дағдыны қолдану
дағдыларын дамытады. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған
білімдері дамытылады.
3.Оқушылар білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-
бірі сыйлауға тəрбиеленеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Қолданылатын əдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау,
сұрақ-жауап, рефлексия.
Көрнекі құралдыр: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі
парақшалар.
Психологиялық ахуал
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сəлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сəлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сəлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сəлем!
Қызығушылықты ояту
*Үй тапсырмасын тексеру.
281 - жаттығу.Өзің қалаған тақырыпқа шығарма жазу.
*Дидактикалық ойын. «Көбелектерді өз гүліне қондыр»
* Өткенді пысықтау.
Түбір мен қосымшаның ережесін сұрау.
Миға шабуыл.
Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда
қазақ тілін,ана тілін түсіне бермейді екен,сөйлей де алмайды екен.
Мұның себебі, оның сөздік қоры тым тапшы болыпты. Ал оның
досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты. Жалқаубек одан көмек
сұрап, қазақ тілін үйренбекші болады. Сөйтіп, Талапбек пен
Жалқаубек сөз əлеміне саяхатқа аттанады. Онда кіру үшін мына
қақпадан өту керек. Ол қақпа сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап
берсе, қақпа ашылады.
Теңіз де тартылады,
Мұхит та сарқылады.
Құлайды орман - тоғай,
Қирайды орда - сарай.
Жер болып тау шөгеді,
Жайқалған бау семеді.
Көз жастан қақ қалады
Сонда, не сақталады?
Мəңгілік сөз сақталады.
-Мəңгілік өлмейтін тек сөз екен.
- Сөз неден құралады? (Дыбыстан)
- Буын неден құралады? (Дыбыстардан)
- Сөз нені білдіреді? (Ол белгілі ұғымды, заттың, құбылыстың,
адамның атын, қимылын, сынын,санын білдіреді.)
- Міне, балалар дұрыс жауап бердік.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
Қақпамыздың есігі ашылды.
- Қосымша туралы не білесің?
Бұл сұраққа Жалқаубек мүлдем жауап бере алмайды.
Олай болса, бүгін сендермен қосымша туралы білімімізді
кеңейтейік.
Мағынаны тану
*Жаңа сабақ
Қане, бірге бəріміз
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп тау мен өзеннен,
Бір елге жетіп қонамыз!
Қосымша деп аталар
Бұл елде мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар
Қосымшаның түрі бар.
Жаңа сөздер жасайтын,
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын,
Жалғау атты қызы бар.
*Слайд арқылы сызбаны көрсету.
*Суретпен жұмыс.
- Мынау не?
- Бүркіт
- Ал енді осы сөзге қосымша қосып көрейікші.
- Бүркітші.
- Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
- Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа
нəрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа сөз жасалды.
Ал енді «бүркіт» сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік:
бүркіт+пен. Мысалы: Аңды бүркітпен аулайды. Бұл алдындағы
сөзден мүлде басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
- Жоқ
- Сөз бен сөзді байланыстырады.
Демек, қосымшалар əр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге
кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа
сөздер пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа
сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Ереже:
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған қосымшаны жұрнақ дейміз:
жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз:
жұмыс - жұмыста, ойын - ойынға.
*Дəптермен жұмыс.
Қаңтардың он жетісі
Көркем жазу Ғғ
Жұрнақ пен жалғау.
*Оқулықпен жұмыс.
282 - жаттығу. Берілген қосымшалардың қайсысын қай сөзге
қосып айтуға болады.
Суға, суды, сулық, сусын,сула.
Тазалық, тазала.
Бүркітші,бүркітпен,бүркітті,бүркіттер
Қосымшалы сөздерге сұрақ қойып, мағыналарының өзгерген -
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
өзгермегенін байқау.
283 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазу. Жұрнақ жалғанған сөзді
тауып, мағынасын түсіндіру.
Жұрнақ ^, жалғау белгіленетіндігін ескерту.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
*Өнерлі сөзін талдау.
Сергіту сəті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып дем аламыз
Ой толғаныс
284 жаттығу.Сөздерге жұрнақ жалғап оқы. Жұрнақ жалғаған
сөздеріңді қатыстырып сөйлем құра.
Дос, іс, жұмыс
Достық, іскер, жұмысшы.
Достық күші бірлікте. Менің ағам іскер. Жұмысшы жұмысқа
келді.
285 - жаттығу. Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау
жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жаз.
Батырлық ғалымның
Іскер көмірді
Көлшік дəптері
Биші бидайды
Бастық əжем
*«Алма жинау» ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен - текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық
Үзіп алып бақтардан,
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада
жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке, жалғау
жалғаннан сөзді Талапбекке береміз. Қай қатар шатаспай
орындайды, сол жеңіске жетеді.
Венн диаграммасы.
Expo 2017 - 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне
дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында халықаралық
көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын халықаралық көрме.
Астанадағы EXPO - 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия
аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі
көрмеге айналуы мүмкін. Кемел елдің көкжиегін кеңейткен «EXPO
- 2017» көрмесі көркем келешегіміздің кепілі болатынына кəміл
сенімдіміз. Бұл көрме - елдің ертеңіне, Қазақстанның жер жапанға
жол тартатын көпірі болары даусыз. Енді бүкіл əлем «Болашақтың
энергиясы» Қазақстанда сезініп, Қазақстанда тамашалайтын
болады.Ендеше бəріміз Елбасы мен ол жеңісіне қолдау көрсетіп,
«EXPO - 2017» көрмесін, яғни осындай келелі істі абыроймен
атқарып, өткізуге бізде сапалы білімімізбен биіктерден көрініп,
өткізуге ат салысайық.
Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Не білдік?.
Үйге тапсырма
104-бет, 286 - жаттығу. «Төрт түліктің пайдасы» пайымдау мəтінін
құрау.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
Бағалау
Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау
Тексерді:
Пəннің аты:қазақ тілі
Уақыты:18.01.2017
Кабинет:40
Мұғалім:Калиева А.А.
Сабақтың атауы
Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылар өткен сабақта алған түсініктерін кеңейтеді жəне жаңа сөз жасайтын
қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшалардың
арасындағы айырмашылықты меңгереді.
2.Оқушылар ойлауын, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамытады.
Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдері дамытылады.
3.Оқушылар білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға
тəрбиеленеді.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Қолданылатын əдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап,
рефлексия.
Көрнекі құралдыр: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.
Психологиялық ахуал
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сəлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сəлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сəлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сəлем!
Қызығушылықты ояту
*Үй тапсырмасын тексеру.
286 - жаттығу.
Берілген жаттығулардың дұрыс орындалуын тексеру.
Жұмбақ сөздерді табу арқылы үй тапсырмасын бекіту.
*Екі əріптен құралып,
Жүруші едім мал болып.
Жалғанды да бір əріп,
Шыға келдім шал болып. (Ат-ата)
*Алғашқыда балық аулар
Балықшының құралы едім.
Жалғанды да бір əріп,
Бəрін жұтар ... болдым. (Ау-ауа)
*Үш əріптен құралған
Ұшып жүрген құспын.
«Ақ» түсін сен жалғасаң,
Бір ұлт болып шықтым. (қаз-ақ)
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
*Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Бүгін,жұрнақ пен жалғау туралы алған білімімізді жалғастырамыз.
Мағынаны тану
*Жаңа сабақ
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде қалың орманның ортасындағы зəулім үйде
Қосымша деген атайдың екі немересі өмір сүріпті. Біреуінің аты-Жұрнақ,
екіншісінің аты-Жалғау екен. Олар бірге ағаш жарып, бірге су тасып тату өмір
сүріпті.Бір күні бұлардың үйіне Түбір деген атасының досы қонаққа келіпті. Атасы
екі немересін орманнан жидек теріп келуге жұмсапты. Бірақ балалардың
ешқайсысы да орманға барғысы келмейді. Екеуі де Түбір атайдың əңгімесін
тыңдағылары келіпті. Сонда атасы оларға тапсырма беріп, кім осы тапсырманы
дұрыс орындаса, сол Түбір атайдың қасында қалады,- дейді. Бұл шешімге екеуі де
келіседі.
-Біз енді осы балаларға тапсырмаларын тезірек орындауларына көмектесу
үшін,жұрнақ пен жалғау туралы алған білімізді еске түсіріп алайық.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығы
-Ал,қане,балалар:
Сөздің бар ғой сан қыры,
Жанд етейік жансызды
Жұрнақ,жалғау арқылы.
*Терме диктант.
Жұрнақ жалғанған сөзді бір жолға,жалғау жалғанған сөзді бір жолға теріп жаз.
Батылдық,кітаптар,білім,балалық,күйші,айға,далаға,байлық, қораны,баланы.
*Дəптермен жұмыс.
Көркем жазу Дд
Жұрнақ пен жалғау.
*Оқулықпен жұмыс.
287 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Жалғауларды тап.
288 - жаттығу. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жаз.
Биші,қобызшы,көпшіл,сауықшыл.
Іскер,орындық,талапкер,көлшік.
Қысқы,арбалы,түнгі,жазғы.
*Түбір сөздердің мағыналары жұрнақ жалғанғанда қалай қзгергенін айт.
Сергіту сəті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып дем аламыз
Ой толғаныс
289-жаттығу.Сөздерге жалғанған қосымшаның жұрнақ екенін дəлелде.
290 - жаттығу. Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Шешуі: оқулық
Оқулықты жыртпай ,таза ұстау əр баланың міндеті.
Сабақты қорытындылау:
Тест тапсырмалары:
1.Жалғау жалғанған сөзді тап.
А) зейнеткер Ə) қобызшы Б) гүлді
2. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
А) көлдер Ə) батырлық Б) досым
3. Қосымшаның неше түрі бар?
А) 4 Ə) 2 Б) 3
4. Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
А) жұрнақ Ə) жалғау Б) қосымша
5. Жұрнақ деген не?
А) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
Ə) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
Б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
Үйге тапсырма
105-бет, 291 - жаттығу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау
Кері байланыс
Тексерді:
Достарыңызбен бөлісу: |