3
БАСҚАЛАРДЫ ҮЙРЕТЕ ЖҮРІП БІЗ ӨЗІМІЗ ҮЙРЕНЕМІЗ
13 қазан
2016 жыл
Сенека
Бүгінгі таңда еңбек нары-
ғында жоғары білікті мамандар
тапшылығы ерекше орын алуда.
Қалыптасқан жағдайдың негізгі
себепшісі білім беру үрдісін
ұйымдастыру және жүйедегі мә-
селелер, яғни жас маманның бо-
йынан табылуға тиісті тәжірибе-
лік дағды, білім мен тәжірибені
талап ететін нақты өндірістік
жағдайлардан теориялық білім
берудің алшақтауы.
Дуалдық жүйе бойынша
оқыту білім алушылардың кәсіби
біліктер мен дағдыларды, іскер-
ліктерді тікелей жұмыс орнында
меңгеріп, жан-жақты кәсіби да-
муына мүмкіндік беріп, түрлі
жүйелердің - білім, ғылым, өнді-
рістің - өзара байланысын, өзара
әсерін, өзара кірігуін қамтама-
сыз ету арқылы кәсіптік білім
беру жүйесінің сапасын артты-
ратындығы сөзсіз.
Техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдары индустрия-
лық-инновациялық дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын іске
асыруда ерекше рөл атқарады.
Қазіргі таңда кәсіптік салада
жан-жақты білімді, білікті, бәсе-
кеге қабілетті маман даярлау
олардың әлеуметтік, кәсіптік,
өзіндік жұмыс жасай алу қабі-
леттерін дамытумен белгіленеді.
Мемлекетімізде біліктілікті арт-
тыру мен қайта даярлаудың оқу
орталықтарын өндірістік кәсіп-
орындар жанынан құруды және
олардың ЖОО-лар мен колледж-
дердің мамандар даярлауына қа-
тысуын көздейтін дуалды білім
беру жүйесінің жол картасын бе-
кіту туралы ҚР Үкіметінің 2014
жылғы 15-қазандағы №1093 қау-
лысы дәлел бола алады.
Осыған сәйкес Қызылорда
облысы бойынша техникалық
және кәсіптік білім беру оқу
орындарына дуалды оқытуды
енгізу мақсатында Қызылорда
облысының білім басқармасы-
ның 2014 жылғы №146 бұйры-
ғымен тәжірибелік алаңдар құ-
рылды, эксперементке 8 кол-
ледж 15 мамандық бойынша
қамтылды. Олар: М.Мәметова
атындағы Қызылорда гумани-
тарлық колледжі, Қызылорда
индустралды-техникалық кол-
леджі, Қызылорда құрылыс жә-
не бизнес колледжі, Қазалы кө-
лік-техникалық колледжі, Қа-
залы аграрлы-техникалық кол-
леджі, Шиелі индустралды-аг-
рарлы колледжі, "Болашақ" кол-
леджі, "Жас өркен" колледжі.
Осы аталған колледждердің
барлығы дуалды оқытудың не-
гізгі 60%-дан жоғары өндірісте
(практикалық) оқыту, 40%-дан
төмен теориялық (оқу орнында)
оқыту қағидасы ұстана отырып,
әлеуметтік серіктес жұмыс
беруші мекемелердің білікті ма-
мандарының қатысуымен жұ-
мыс оқу жоспарларын дайын-
дап, оларды бірнеше рет облыс
көлемінде өткізілген семинар-
ларда, дөңгелек үстелдерде са-
раптап, саралап облыстық кә-
сіпкерлер палатасының келісі-
мімен бекітіп, сол жоспар бо-
йынша 2015 жылдан бастап
эксперименті режимде жұмыс
жасауға дайын және жұмыс
беруші мекемелердің базала-
рында дуалды оқытуға қажетті
іс-шаралар жүргізілуде.
Еңбек нарығы шарттары-
ның өзгеруін ескере отырып, бі-
лікті мамандар дайындау жүйе-
сін құрудағы әлеуметтік серік-
тестіктердің құрылымын бел-
сенді пайдалану қажет. Кәсіптік
білім беру саласында әлеуметтік
серіктестіктің байланысы арқы-
лы білім алушылардың таңдаған
мамандық туралы түсініктері
қалыптасады, оқу процесінде
алған теориялық білімдерін
тәжірибеде пайдалану дағдыла-
рын тереңдетеді, өндірістік жағ-
дайда шешім қабылдау іскерлігі
қалыптасады.
Ынтымақтастық мына ба-
ғыттар бойынша жүзеге асыры-
лады:
1.Кәсіпорынның материал-
дық-техникалық базасын қол-
дану арқылы оқушылардың тә-
жірибелік оқуын ұйымдастыру
(құралдар мен жабдықтарды
қолдану мүмкіндігі беріледі).
2.Жұмысқа орналасу мен
өндірістік тәжірибеден өтуге үш-
жақты келісім шарттар жасау.
3.Өндірістік тәжірибе бойын-
ша жұмыс бағдарламаларын бір-
лесе әзірлеу.
4.Бірлескен конференциялар
мен семинарлар өткізу.
5.Оқу бітірушілердің қоры-
тынды аттестациясы кезеңінде
кәсіпорын өкілдерінің мамандар
даярлау сапасын бағалауы. Кә-
сіпорын өкілдері мемлекеттік бі-
ліктілік комиссиясына басшы-
лық етеді, диплом жобаларының
жетекшілері болып табылады.
6.Кәсіпорындарда арнайы
пәндер оқытушыларының сынақ
өтулерін ұйымдастыру.
Колледж түлектерін дайын-
дауда білімді тәуелсіз бағалау са-
пасы үрдісінде жұмыс берушілер
мен әлеуметтік серіктестер бел-
сенді түрде қатысып отырады.
Жұмыс беруші мекеме өкіл-
дері жыл сайын колледж бітіру-
шілерін қорытынды аттестаттау
жұмыстарына қатысып, білікті-
лік, білімділік деңгейлерін сарап-
қа салады, бағалайды.
Жобаны жүзеге асырудың
негізгі кезеңдері:
1.Дайындық кезеңі. Білім
беру мекемелері мен кәсіпорын-
дарының әрекет ету бағдарлама-
лары мен жоспарларын біріктіру
жағдайларында дуалды білім беру
жүйесін әзірлеу және енгізу:
- нормативтік - құқықтық ба-
заны дайындау;
- оқу құжаттамасын (оқу
жоспарлары, бағдарламалары)
әзірлеу және бейімдеу;
- штаттық нормативтер, та-
рификациялау механизмі, оқу
кестесін әзірлеу;
- ғылыми-әдістемелік, кадр-
лық, техникалық, жобаны ақпа-
раттық қамтамасыз ету меха-
низмдерін анықтау және әзірлеу.
2.Енгізу кезеңі. Халықпен
және әлеуметтік серіктестермен
ақпараттық - түсіндірме жұмыс-
тарын жүргізу. Дуалды білім бе-
руді жүзеге асыратын мекеме-
лерді ресурстық қамтамасыз ету,
эксперименталдық модульдерді
жүзеге асыру.
- кәсіби - бағдар қызметі;
- оқу - теориялық қызметі;
- кәсіби-практикалық қыз-
мет.
3.Қорытынды кезең
- дуалды оқыту жүйесін ен-
гізу бойынша жұмыстар нәтиже-
лерін талдау және жалпылау;
- оқыту үрдісінің нәтижелілі-
гін бақылау және талдау бойын-
ша аттестациялық қызмет.
Дуалды білім беру жүйесін
енгізу кезінде колледждердің
қызмет саласы мен құзыреттілі-
гіне мыналарды жатқызуға бо-
лады:
- оқу мекемесінің норматив-
тік-құқықтық, кадрлық, мате-
риалдық-техникалық базасына
талдау жасау;
- әлеуметтік тапсырысты
меңгеру және оқу мекемесінің
қызметін еңбек нарығының сұ-
раныстарына қайта бағдарлау;
- маркетингтік зерттеулер нә-
тижелері бойынша дуалды білім
беру жүйесінің даму перспек-
тиваларын игеру;
- мамандар дайындауда жұ-
мыс беруші - кәсіпорындармен
құқықтық, қаржылық, оқу-әдіс-
темелік мәселелер бойынша ке-
лісім-шарт міндеттемелерін жа-
сау;
- басқару механизмдерін бе-
йімдеу және оқу-практикалық
сабақтар мен өндірістік практи-
каны жүзеге асыру бойынша бірі-
гіп жоспарлау.
Дуалдық жүйе бойынша оқы-
ту білім алушылардың кәсіби бі-
ліктер мен дағдыларды, іскерлік-
терді тікелей жұмыс орнында
меңгеріп, жан-жақты кәсіби да-
муына мүмкіндік беріп, түрлі жү-
йелердің - білім, ғылым, өндіріс-
тің - өзара байланысын, өзара
әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз
ету арқылы кәсіптік білім беру
жүйесінің сапасын арттыратын-
дығы сөзсіз.
2016 жылдың қыркүйек айы-
нан бастап дуалды оқыту әдісі-
мен тағы 10 колледж 10 маман-
дық бойынша жұмыстарын бас-
тады. Олар: М.Ықсанов атында-
ғы Қызылорда политехникалық
колледжі, Жаңақорған аграрлы-
техникалық колледжі,Сырдария
аграрлы-техникалық колледжі,
Жалағаш аграрлы-техникалық
колледжі, Қармақшы аграрлы-
техникалық колледжі, Қызылор-
да инженерлі-техникалық кол-
леджі, "Ұлағат" колледжі, Қазақ
гуманитарлы заң және техника-
лық колледжі, Қызылорда көп-
салалы гуманитарлы-техника-
лық колледжі , "Жас өркен" кол-
леджі.
Ал 2016 жылдың 1-қыркүйе-
гінен бастап дуалды оқыту бо-
йынша эксперименттік режимде
жұмыс жасау үшін тағы 13 кол-
ледж 32 мамандық (40 біліктілік)
бойынша енгізілді, олар: Арал ин-
дустриялды-техникалық коллед-
жі 7 мамандық бойынша, Арал
көпсалалы колледжі 4 маман-
дық бойынша, Қазалы аграрлы-
техникалық колледжі 1 маман-
дық, С.А.Джиенкулов атындағы
Байқоңыр колледжі 1 мамандық,
Абылай хан колледжі 4 мамандық
бойынша, Қызылорда гумани-
тарлық-экономикалық колледжі
3 мамандық, Сырдария аграрлы-
техникалық колледжі 1 маман-
дық, Шиелі индустриалды-аграр-
лық колледжі 1 мамандық, Қы-
зылорда политехникалық
колледжі 1 мамандық, Қазалы
көлік-техникалық колледжі 4
мамандық бойынша, Жалағаш
индустриалды-аграрлық кол-
леджі 2 мамандық, И.Әбдікә-
рімов атындағы аграрлы-техни-
калық колледжі 1 мамандық,
Жаңақоған аграрлы-техникалық
колледжі 2 мамандық бойынша
жұмыс жүргізеді.
Колледждер әлеуметтік серік-
тес мекемелер білікті жас маман-
дар даярлау мақсатында жұмыс-
тарын бастады. 2020 жылға дейін
барлық техникалық және кәсіп-
тік білім беру ұйымдары дуалды
оқыту әдісіне түгел көшпек.
Б.ДҮРМАНОВ,
Білім басқармасы, облыстық
оқу орталығының
кәсіптік білім бөлім
меңгерушісі
Жас ұрпақ тәрбиесіне мектепке дейінгі
қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар
өмір есігін ашқан жас буындар денесінің,
ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына,
адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық
талғамның қалыптасуына жағдай жа-
сайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан
туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін,
білімді, моральдық бейнесі жоғары шығар-
машылық еңбекке бейім, рухани дүниесі
бай, жетілген адамдар қажет.
Даму ортасының негізінде тұлғаның
дамуын қамтамасыз ететін мектепке
дейінгі білім беру мекемесі, баланың
тұлғасын дамытуда және оның жеке
ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным
белсенділігін қалыптастыру мақсатында
мынадай міндеттерді шешуі шарт.
-
Баланың ішкі белсенділігін да-
мытуға арналған қажетті мүмкіндіктер
жасау.
-
Әр бала да оның жеке дара қа-
сиеттері мен қабілеттерін ашып, олар-
дың өмір сүруге қажетті салаларға орны-
ғуына мүмкіндік көрсету.
-
Әр баланың тұлғасына деген құр-
мет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз
ететін қарым-қатынасты орнату.
-
Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдіс-
терге бағдар жасау.
Мұндай педагогикалық технология-
ның жан-жақты тараған түрінің бірі
"Тәй-тәй" технологисы. Бүлдіршіндердің
бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп
оларды халықтық тағылым нәрімен су-
сындатып, танымдық жұмыстарды жү-
йелі түрде жүргізу баршаға ортақ міндет.
Осы бағытта "Тәй-тәй" технологиясы-
ның негізін қалаушы Мария Монтессо-
ри . Монтессори педагогиканың негізі
арнайы орта құрып, онда баланың өзін-
өзі дамытуына ықпал жасау. Мария
Мантоссори "Баланың өсіп жетілуі үшін
не қажет?" деген сұрақ қойып, оның қа-
жеттілігі өзіне қызмет етуге, өзін-өзі да-
мытуға деген ұмтылыс болып табыла-
тынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп
берген. Сондықтан баланы өмірге бе-
йімдеу дамытушы ортада жүзеге асады.
Дамытушылық орта дегеніміз - ба-
ланың қызығушылығын туғызатын ал-
уан түрлі, тартымды материалдар ашық
қол жетімділікте болатын, тәрбиеші жа-
саған зат - кеңістік ортасы, ондағы
балаларды оқыту және тәрбиелеу жағ-
дайы әрбір балаға өзінің жеке қарқын-
мен дамуына мүмкіндік береді. Техно-
логияның негізі мақсаты әр баланың
жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін
ескере отырып білім беру. Тәй-тәй" тех-
нологиясы 7 орталықпен жұмыс жасай-
ды. Аталған орталық арқылы стандарт-
қа сай 5 білім беру саласын қамтуға бо-
лады.
1.Әдебиет орталығы.
2.Өнер орталығы.
3.Желілі-рольді орталығы.
4.Құм мен су орталығы.
5.Құрылыс орталығы.
6.Үстел-үсті орталығы.
7.Ғылым орталықтары.
Әдебиет орталығында жасына ла-
йықты көркем әдебиет шығармаларын
оқып беріп, оқылған шығарма мазмұ-
нын әңгімелетуге, мақал-мәтел оқу,
жұмбақ жасыру арқылы балалардың
тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе
білуге баулып, адамгершілік сапалар
игертіледі. Мазмұнды суреттер арқылы
жүйелі сөйлем құрап, сөйлеуге үйреті-
леді.
Құм мен су орталығында сезім қа-
білеттері дамуды, кеңістік және көлемдік
өлшеу түсініктері қалыптасады, ірі және
майда қозғалыстары жетіледі.
Ғылым орталығында баланың таби-
ғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық
қарым-қатынасын қалыптастыру мақ-
саты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен
өсімдіктердің құпия сырларына деген
қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тәжі-
рибе жүргізу бақылау жұмыстары арқы-
лы артады.
Желілі-рольді орталығында желілі-
рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп
әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қа-
тынас ептіліктері ойын үстінде дамиды.
Құрылыс орталығында математи-
калық ұғымдар мен пішіндерді ұғынуға,
ауызша есеппен, есептер шығаруға,
кубиктер арқылы түрлі пішіндер,
макеттер құрастыруға үйренеді.
Өнер орталығында балалардың қа-
былдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын,
зейінін, дамытуға дербестігімен жауап-
кершілігін қалыптастыру, ұсақ қол ма-
торикасын естеліктерін дамыту арқылы
еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Үстел үсті орталығы ұсынылған үлгі
бойынша жекелеген заттардан топ құ-
рауға, топты және затты ажырата білуге
үйрету қарапайым математикалық құ-
растыру ұғымдарын меңгерту.
"Тәй-тәй" технологиясы арқылы
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
балаға өз бетімен жұмыс жасауға жағдай
туғызады. Балаларда өздерінің мүмкін-
діктері мен қызығушылықтарына сай
жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелен-
діруді жүзеге асырады. Қызықты әрі
икемделген жұмыс түрін жоспарлап, әр
баланың қалай орындағанын немесе
ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші
материалдар мен тапсырмаларды ауыс-
тыруы не жеке балаға бейімдеп өзгертуі
мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау
үшін топтық жұмыстарды шағын топтар-
да өткізу тиімді. Осындай көзқараспен
оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен
дамуына әсер етеді. Орталықтарда сабақ-
тарды өткізу арқылы біздерде балаға же-
ке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке
дара қасиеттерінің барынша ашылуына
жағдай жасаймыз. Себебі жалпы топпен
жұмыс жасаған кезде бұл мүмкіндік жиі
бола бермейді. Балалардың шағын то-
бында сабақтарды ұйымдастырғанда әр
бала өзіне деген педагогтың көзқарасын
сезіне отырып, өзін әр қырынан көрсе-
туге тырысады. Осы технологияның не-
гізінде ата-анамен де бірлескен жұмыс-
тарды жүргізуге болады.
-
қызықты отбасылық кештер
-
бірлескен саяхаттар
-
отбасының топқа келуі
-
сауалнама, анкеталар
-
отбасына арналған психология-
лық кеңестер.
"Тәй-тәй" технологиясы бойынша
жұмыс атқару кезінде педагогтар тек
тәрбиеленушілерді жақсы танып
қоймай, өздерінің қабілеттері ашылады.
Топтардың, ұжымдағы педагогтардың
эмоционалды жағдайы жақсарады. Ата-
аналар балабақшадағы іс-шаралардың
белсенді қатысуына арналады.
М.РАХМЕТ,
№8 "Тілашар" балабақшасының
тәрбиешісі
Қазалы ауданы,
Басықара ауылы
Иә, "Түрегеп тұрып сабақ оқу әлдеқайда нәтижелі білім алуға
мүмкіндік береді. Жаңа зерттеу жасаған мамандар осындай
қорытындыға келеді",- деп жазады planet-today.ru.
Ғалымдар түрегеп тұрып білім алуға арналған парталар балалардың когни-
тивтік функцияларын 7%-дан 14%-ға дейін арттыратынын анықтады. Бұл оқу-
шылардың білім алуға сағатын арттыруға жол ашады.
Зерттеушілердің тұрып білім алатын парталарды пайдаланған кезде балалар
тапсырманы әлдеқайда сәтті орындайтынын анықтады. Бұл сабақта зейінді
әлдеқайда арттырған.
Эргономика бойынша маман Марк Бенденнің айтуынша, мұндай үстелде
білім алған оқушылардың тапсырма орындауға қатысу көрсеткіші 12%-ға
жақсарған.
"ТӘЙ-ТӘЙ" ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫ ЕНГІЗУ