Сабақтың мақсаты: Драматургиядағы қақтығыстың құрылуының үш түрі (герой-герой, герой-көрермендер залы, герой және орта). Драматургиялық шығармадағы
әрекет дамыған түрдегі қақтығыс. Пьеса – драматургиялық шығарма. Акт картина. Эпизодтың үш түрі. а) драматургиялық микро-құрылым, б) эпизод-көпірше, в) эпизод- кескін. Инсценировка жасау. Әдеби шығармаларды іріктеу принциптері.
Сабақ өткізу түрі: Рольдік ойын
Практикалық сабақтарға тапсырма: Студенттер таңдалған драматургиялық шығармадағы қақтығыстың түрлерін анықтап, пьесаны эпизодтарға бөлуі, идеялық- тақырыптық негіздемесін жасауы тиіс. Бірнеше эпизодтарды шағын топтар өзара бөлісіп, сахналық қойылымын жасауы керек.
Бақылау сұрақтары:
Драматругиялық шығармадағы қақтығыс түрлері қандай?
Акт, эпизод, ремарка ұғымдарының анықтамасы.
Идеялық-тақырыптық негіздеме дегеніміз не?
Эпизодтың қандай түрлері бар?
Эпизод-көпірше мен эпизод кескін ұғымдарының анықтамасы.
Инсценировка жасау заңдылығы.
Шығармаларды іріктеу принциптері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Төлеуов Е.С.,Жумабай Л.Ж. Сценарийлік шеберлік негіздері: Оқу құралы.-Шымкент, 2004
Шароев И.Г. Режиссура эстрады и массовых представлений. – М.: Просвещение. 1986.
– 461 с.
Шилов Н.П. Сценарное мастерство:Учебное пособие. – Челябинск: ЧГАКИ, 2000. – 56с
Шубина И.Б. Организация досуга и шоу программ. Ростов н/Д.:Феникс.2003.-352с.
5 тақырып. Драмалық шығармадағы көркемдік материалдарды ұйымдастыру түрлері
Сабақтың мақсаты: Драмалық шығармадағы көркемдік материалдарды ұйымдастырудың кезеңдері. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтарымен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.
Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктеріне назар аудару. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, актер, суретшінің еңбегі. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың мазмұнын күшейтудегі қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |