Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4



жүктеу 1,25 Mb.
бет30/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
бух лекции (1)

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорын мүлкі мен олардың құралу көздерінің тек қалдықтары негізінде ғана құрылады.

2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер баланста қалдық (баланстық) құнымен көрсетіледі. Бастапқы құн – тозу құны = қалдық құны.

3. Тәжірибелік сабаққа өз бетінше түрлеріне қарай бухгалтерлік баланс құрып келу (кіріспе, ағымдық, жойылу, қорытынды және т.б.).




1 A

Дайын өнім қолда бар ақшаға сатылады деген операция баланстағы өзгерістің қай типіне жатады?

A. бірінші

B. екінші

C. үшінші

D. төртінші

Е.бесінші


2 A

Валюталық шоттағы ақша қаражаттары қайда жатады

A. ағымдағы активтер

B. ұзақ мерзімді активтер

C. ағымдағы міндеттемелер

D. ұзақ мерзімді міндеттемелер

Е. Меншікті капитал


3 B

Баланс ненің негізінде құралады ?

A. бөлімшелердің қортынды есебі бойынша

B бухгалтерлік есеп шоттары бойынше

C. кассалық есеп бойынша

D. көмекші кестелер бойынша

Е. алғашқы құжаттар бойынша


4 B

Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленеді деген шаруашылық операция өзгерістің қай типіне

жатады ?

A. бірінші

B. екінші

C. үшінші

D. төртінші

Е.бесінші


5 B

Кәсіпорынның барлық қызымет жасайтын уақытында құрылатын баланс қалай аталады ?

A. баланс Нетто

B. ағымдағы баланс

C. бастапқы баланс

D. баланс Брутто

Е.ішкі баланс


6 E

Еңбек ақы бойынша қарыз баланстың қай тарауында

көрсетіледі

A. пассивтің бірінші тарауында

B. активтің бірінші тарауында

C. активтің екінші тарауында

D. пассивтің екінші тарауында

Е.пассивтің үшінші тарауында


7 B

Бастапқы баланс деген не?

A. есепті кезеңнің соңғы күніне жасалатын баланс

B. есепті кезеңнің бірінші күніне жасалатын баланс

C. реттеуші баптары бар баланс

D. реттеуші баптары жоқ баланс

E. шаруашылықтың жайылуы сәтінде жасалатын баланс


8 E

Операциялардың төртінші типі баланс валютасын

A. көбейтеді

B. өзгертпейді

C. өзгертеді

D. бірдей сомаға көбейеді

Е. азайтады


9 A

Баланс пассивінде не көрсетіледі ?

A. болашақ кезеңдердің табыстары

B. негізгі құралдар

C. материалдық қорлар

D. материалдық емес активтер

Е.алдағы кезең шығындары


10 B

Операциялардың бірінші типі баланс валютасын

A. азайтады

B. өзгертпейді

C. көбейтеді

D. бір бап көбейеді,екіншісі азаяады

Е.өзгертеді


7- Тақырып Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы

Кез келген кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес.

Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларын төрт түрге бөліп қарастырады.

1. Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан кассаға 700 (жеті жүз) мың теңге алынды.

Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 700 (жеті жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

2. Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 300 (үш жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды.

Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 300 (үш жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 300 (үш жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

3. Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айрмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да бір сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың сомасы да осындай сомаға артады.

Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 500 (бес жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.

Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жбдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 500 (бес жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 500 (бес жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.

4. Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Ұл уақытта да баланстың актив және пассив жағынжағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы – үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сон,дай-ақ баланстың осмасы қандай да бір сомаға кемиді.

Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 77 (жетпіс жеті) мың теңге борышы төленді.

Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (қосылған құнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бір уақытта 77 (жетпіс жеті) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 77 (жетпіс жеті) мың теңгеге кемиді.

8-Тақырып Бухгалтерлік есепшоттары туралы түсінік



  1. Шоттардың жіктелуі

  2. Шоттардың жұмыс жоспары

Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансыңда сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үщін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық кұралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қаңдай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тйімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады

Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.

Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және де есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және шоттар қолданылады.

Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның қолда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетте шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады.

Жалпы шоттың аты Кесте 1



Д ебит ШОТТЫҢ АТЫ Кредит



Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық -«бастапқы, қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңындағы қалдық - «соңғы қалдық» деп аталады.



Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын шоттар оларда есепке алынатын объектілердің экономикалық мәні жағынан, міндеті, құрылымдық ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу, топтастыру талап етіледі, бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарына тән ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.

Шоттарды екі белгісі бойынша жіктейді:

- экономикалық мәні жағынан.Қаражат пен шығу көздерін жіктеу негізге алынған (1.2-сызба). Бұл жіктеу сол немесе басқадай шоттарда не есепке алынатынын анықтауға, нәтижесінде, есеп объектілері туралы жүйелі экономикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді;

- міндеті мен құрылымы жағынан.Назардағы объекті туралы сондай немесе басқадай экономикалық көрсеткіштерді алу үшін қандай шоттар қолданылуға тиісті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі жіктеу де өзара тыіъіз байланысты және өзара шарттасылған. Шоттарды құру, оның құрылымы айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын анықтайды. Шоттарды құру тек экономикалық мәні жағынан емес, оның міндетіне де байланысты. Кейбір шоттар материалдық құндылықтарды қозғалысы мен жағдайын көрсету үшін, басқалары - өнім өндіруге жұмсалатын шығынды есептеу үшін, үшіншілері – кірістерді анықтау үшін қолданылады.

2.4. –сызбасы

Шоттарды жіктеу



НЕГІЗГІ ШОТТАР шаруашылық құралдарының бар-жоқтығы мен қозғалысын, олардың пайда болу көздерін бақылау үшін қолданылады, өйткені оларға есептелетін объектілер шаруашылық іс-әрекеттің негізі болып есептеледі. Олар шағын топтарға бөлінеді:

Мүліктік. Материалдық құндылықтардың өсуін, жұмсалғанын және қалдығын бақылауға арналған. Бұл қаражаттың түсуі дебет бойынша, шығуы - кредит бойынша көрсетіледі, шот-активті, қалдық-дебеттік. Аналитикалық шот ақшалай және заттай түрде жүргізіледі.

Ақшалай. Банкте, кассада әртүрлі валютамен сақтаулы ақшалай қаражаттың бар-жоқтығын, түсуін бақылауға арналған. Шоттар активті, дебет түсуді, кредит жұмсалуын көрсетеді, қалдық дебеттік.

Инвестициялар акцияларға, басқа субъектілердің жарғы капиталына салынған инвестициялар, сондай-ақ қаржылық инвестициялар. Шот құрылымы бойынша активті.

Меншікті капитал. Шоттар субьектінің меншікті қаражат көздерінің пайда болуы мен пайдаланылуын есептеу үшін қолданылады, құрылымы бойынша МКМ-ға (пассивтік) жатады. Кредит бойынша шығу көздерінің ұлғаюы, дебет бойынша - ол қаражат көздерінің шығуын бейнелейді. Кредиттік сальдо кәсіпорында қорлардың бар-жоғын көрсетеді.

Есеп шоттар кәсіпорынның дебиторларымен және кредиторларымен есептесулерді есепке алу үшін қызмет етеді. Есептесулердің әр түрлі сипаты бұл шоттардың сан алуан құрылуын және олардың көмегімен әртүрлі көрсеткіштер алуға себепші болады.

РЕТТЕУШІ ШОТТАР. Бұлардың көмегімен ағымдағы есепте шаруашылық құралдарының бағасы түзетіледі. Субъектінің шаруашылық құралдары олардың өндірісі мен сатып алынуына нақтылай жұмсалған шығын негізінде бағаланады. Реттеуші шоттар құралдардың қайсыбір түрін бағалауды дәл анықтайды немесе реттейді. Осы мақсатпен ағымдағы есепке алудағы негізгі шоттардан басқа олармен байланысқан реттеуші шот жүргізіледі. Есепке алынатын объектінің нақты мөлшерін табу үшін реттелетін шоттың сомасы негізгі шот сомасынан алыныпесептеледі. Негізгі қаражат пен материалдық емес активтер оларды алған немесе іске қосылған сәттен бастап және жұмсалып кетуіне дейін бастапқы бағасы бойынша есептеледі. Жеке шотта дербес олардың сол сәттегі тозу сомасы көрсетіледі. Бастапқы құнды тозусомасымен салыстырып, яғни тозуды есептегенде, негізгі құралдардың нақты(қалдықты) құнын шығарып аламыз.

ПРОЦЕСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ШОТТАРЫ төменде көрсетілгендей бөлінеді:

Жинақтау-бөлу шоттары.Төлем немесе аудару сәтінде тиісті объектілерге тікелей жатқызылмайтын шығындар мен кірістерді жинау үшін қызмет етеді, бұлар - (8040) «Үстеме шығыстар» (шаруашылық ұйымдастыру жұмысына арналған), (1620) «Алдағы кезеңдердің шығыстары» - активті шоттар және (3520) «Алдағы кезеңдердің кірістері» - пассивтік.

Калькуляциялық шоттар. Өнім өндірісімен, орындалған жұмыспен, өнімнің, жұмыс материалдарының өзіндік құнын есептеу мақсатымен көрсетілетін қызметпен байланысты барлық шығындарды есепке алу үшін арналған.

Кіріс шоттары - негізгі және негізгі емес іс-әрекеттен түскен кіріс. Пассивтік, кредит бойынша шоттар кіріс есептеуді (алуды) көрсетеді, жыл соңында олар қорытынды кірісті ұлғайту үшін есептен шығарылады.

Транзиттік шоттар (бір күндік). Бір элементті шығындарды есепке алу үшін қолданылады. Ай соңында калькуляциялық шоттар есебіне қосылады. Калькуляциялық шоттар сияқты бұл шоттарда да қалдық болмайды, ай соңында 21 бөліктен басқасы жабылады (ай соңында бітпеген өндіріс қалдығы көрсетіледі).

Шығын шоттары. Құрылымы бойынша активті, дебет бойынша шығын өскенін көрсетеді, жыл соңында барлық шығын жиынтық кірісті азайтуға арналып есептен шығарылады (5410).

Қаржы-нәтижелік. «Операциялық-нәтижелік шот» (5410) - қорытынды кіріс. Дебет бойынша субъектінің шығыны, ал кредит бойынша - кірістер көрсетіледі. Кредиттік қалдық кірісті, дебеттік шығынды көрсетеді. Бұл шотта сальдо болмайды, өйткені есепті кезең соңында алынған айырма «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» шотына есептен шығарылады.

ТЫСҚАРЫ ШОТТАР осы кәсіпорынға тиесілі емес жауапты сақтауда немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді. Бұларды кәсіпорынға тиесілі құралмен бірге есептеуге болмайды. Тысқары шоттарға қатысты барлық операциялар екіжақты жазбамен емес, біржақты, тек дебетпен немесе кредиттен ғана көрсетіледі.

2. Шоттардың жұмыс жоспары

Шоттардың жұмыс жоспары - бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құруды белгілейтін және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге міндетті болып келетін бухгалтерлік шоттардың жүйелендірілген тізбесі. Оның негізінде шоттарды экономикалық мәні бойынша жіктеу жатыр. Шоттарды белгілі бір топтарға экономикалық жағынан біртектілігі бойынша бөлу оперативті басқару мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін өндіріс барысы туралы көрсеткіштерді алуды қамтамасыз етеді. Шоттардың есеп жоспары субъектінің сан алуан шаруашылық іс-әрекетін жан-жақты, толығымен қамтуға және жүйелендіруге мүмкіндік береді. Біртекті шаруашылық қаражат-құралдарын және операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында біркелкі бейнелеу үшін тек Шоттардың жұмыс жоспары ғана емес, шоттардың экономикалық мәні мен олардың арасындағы типтік корреспонденцияларды анықтау үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқау да қажет. Шоттар бойынша жазбалардың айқын сызбасы (схемасы) құрылмайынша, бір шаруашылық операциялары әр түрлі көрсетілуі мүмкін.

Шот есеп жоспары 8 бөлімнен тұрады. 1-ден 7 бөлімге дейін - қаржылық есеп шоттары, 8 - өндірістік есеп шоты. Бөлімдер бөлікке бөлінеді, албөліктер шоттарды экономикалық мәні жағынан біртекті топтарға біріктіреді.

Шот жоспарымен жұмысты жеңілдету үшін әрбір бөлікке және шоттарына оның атауын ауыстыра алатын нөмірі (код) беріледі.

Шоттардың жұмыс жоспарында аналитикалық шоттар қарастырылмаған. Әрбір субъект есеп саясатында субъект басшысы бекіткен шоттардың жұмыс жоспарында ішкі шоттар (субшоттар) ашуға құқылы.




жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау