Қорытынды:
Сонымен, меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Шаруашылық қызметтің үш негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бар:
жеке тұлғаның иеленуі;
серіктестік;
акционерлік қоғам немесе корпорация
Меншікті капиталдың есебі осы ұйымдастырушылық‑құқықтық нысандардың ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |