2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
1 кесте
№
р/с
|
Тақырыптар атауы
|
Сағаттар
|
Әдебиеттер
|
Дәріс
|
Лаб.
сағат
|
Прак.
сағат
|
БОӨЖ
|
БӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Модуль 1. Кіріспе
Әсер ету психологиясына кіріспе
|
2
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.2.,4.4.,4.7.
|
2
|
Тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуі
|
2
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.3.,4.4.,4.7., 4.12.
|
3
|
Модуль 2. Әлеуметтік әсер етудің негізі
|
2
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.4.,4.5.,4.7., 4.10.
|
4
|
Мінез-құлыққа әсер ету. Мінез-құлықтың өзгеруі
|
2
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.4.,4.7., 4.11.
|
5
|
Ішкі ықпалдың ерекшеліктері. Құрылымға мінез-құлық арқылы әсер ету
|
3
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.6.,4.4.,4.7.,4.9.
|
6
|
№3 модуль.
Сендіру арқылы құрылымды өзгерту
|
2
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.11.,4.4.,4.7.
|
7
|
Әсер етуге бағыну және қарсы шығу
|
2
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.6.4.3.,4.7., 4.8.
|
8
|
Іс-әрекеттің әртүрлі сферасында тұлғаға әсер ету: дұрыс шешімнің құқықтық жүйесі
|
3
|
|
1
|
2
|
5,5
|
4.1.,4.6.
4.3.,4.7.,
4.5.
|
9
|
Тұлғаның психикалық денсаулығының әлеуметтік-психологиялық негіздері
|
3
|
|
2
|
2
|
5,5
|
4.2.,4.3.,
4.7.,4.12.
|
10
|
Тұрмыстық өмір психологиясы. Жеке өмір психологиясы
|
3
|
|
2
|
2
|
5,5
|
4.2.,4.3.,
4.7., 4.11.
|
11
|
Психотерапия. Психотерапия сендіруші ақпарат ретінде
|
3
|
|
1
|
1
|
5,5
|
4.2.,4.3.,
4.7.,4.10.
|
12
|
Әлеуметтік әсер ету. Когнитивті- бихевиориальды, трибуционалды терапия
|
3
|
|
2
|
1,5
|
7
|
4.2.,4.3.,
4.7.,4.8.
|
|
Барлығы:
|
30
|
-
|
15
|
22,5
|
67,5
|
|
3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Студент аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқытушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі - дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір-бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.
Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Фактілі дәлелдер (аргументтер);
Теоретикалық негіздеме;
Цитаталарды келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылыққа мән беру.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:
1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;
2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;
4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
5. Безендірілу сипатына;
6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. БӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.
5 ПӘН САЯСАТЫ
Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, БӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген
«Әсер ету психологиясы» пән бойынша баллдардың реттелуі
2 кесте
Апта
|
Бақылау түрі
|
Жалпы балл
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1-7 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу
|
30
|
|
3
|
Семинар
|
30
|
|
БӨЖ
|
20
|
|
4
|
Семинар
|
10
|
|
5
|
Семинар
|
30
|
|
БӨЖ
|
30
|
|
6
|
Семинар
|
30
|
|
БӨЖ
|
30
|
|
7
|
Семинар
|
0
|
|
Межелік бақылау 1
|
90
|
|
1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл
|
|
|
11
|
8-15 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу
|
30
|
|
9
|
Семинар
|
30
|
|
БӨЖ
|
20
|
|
11
|
Семинар
|
30
|
|
БӨЖ
|
30
|
|
13
|
Семинар
|
40
|
|
БӨЖ
|
30
|
|
15
|
Межелік бақылау 2
|
90
|
|
8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл
|
300
|
|
Емтихан үшін жалпы балл
|
400
|
|
Академиялық кезең бойынша жалпы балл
|
1000
|
|
7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1. Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. - М., 1990.
7.1.2 Социальная психология и этика делового общения. –М., 1995
7.1.3. Грейсон С. Десять условий преуспевания. – М., 1994
7.1.4. Зимбардо Ф. Психология влияния. – С-Петербург, 2002
7.1.5. Донцов А.И. Психология коллектива. – М.,1994
7.1.6. Чалдини Р. Психология влияния. – С-Петербург, 2002
7.1.7. Поляков В.А. Технология карьеры. – М., 1995.
7.2 Қосымша әдебиеттер:
7.2.1. Андреева Г.А. Социальная психология. – М.: Наука, 1994.
7.2.2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М.: Наука, 1990.
7.2.3. Битянова М.Р. Социальная психология. – М.: Наука, 1994.
7.2.4. Козлов А.В. Деловая психология. – М.: Наука, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |