1. Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
CTRL + N – құру
|
CTRL + Y- қайталау
|
CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
|
CTRL + O - ашу
|
CTRL + X-кесіп алу
|
CTRL + G - өту
|
CTRL + S - сақтау
|
CTRL + C – көшірме алу
|
CTRL + A - барлығын белгілеу
|
CTRL + P – басу
|
CTRL + V – қою
|
|
CTRL + Z – болдырмау
|
CTRL + F - табу
|
|
2. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad кұжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.
WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:
CTRL + N – кұру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P –басу
CTRL + Z – болдармау
CTRL + Y- қайталау
|
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + F – табу
CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)
CTRL + А – барлығын белгілеу
|
3. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (калыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.
Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - - алу, sqrt - квадрат түбір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- - санның таңбасын өзгерту, = - есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С - жаңа есептеуді бастау
СЕ - терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС - жадыдағы санды өшіреді,
МК - жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,
МS - калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,
М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,
Васкsраsе - кейінгі терілген цифрды өшіреді.
Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта "М" әріпінің пайда болуы көрсетеді.
4. Сілтеуіш (Проводник)
Сілтеуіш - программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.
Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.
Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың кұрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын кұрылымы осы тақтада көрсетіледі.
Сол жақ тақтада бумалар денгейлерінің иерархиялық кұрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы "+" белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі "-" ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның кұрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.
Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:
CTRL + Z – болдармау
CTRL + X- кесіп алу
|
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою
CTRL + А- бәрін белгілеу
|
5. Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттін көшірмесін Раіntта әрі қарай оңідеуге алуға болады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.
Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.
CTRL + N – құру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P – басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау
|
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + А – бәрін белгілеу
CTRL + Т- саймандар
CTRL + L – палитра
|
CTRL+ F- суретті көру
CTRL+ R- шағылыстыру/бұру
CTRL+ W- созу/еңкейту
CTRL+ I- қарсы түске өзгерту
CTRL+ E- атрибуттар
|
Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін қолданып, практикалық шеберлікті дамыту, дербес компьютермен жұмыс
Топтағы оқушылар топтарға бөлініп, отырғызылғандықтан, әр топқа жекелеп, бір cтандартты бағдарлама бойынша тапсырмалар беріледі.
1 – тапсырма. Кім шапшаң? Әр топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
2 – тапсырма. Кім епті? Әр топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламалар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
І. Блокнот бағдарламасы бойынша тапсырма:
Блокнот бағдарламасын жүктеу.
Ашылған терезеде берілген мәтінді теру керек:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға,
Әділет, шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.
ІІ. WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
WordPad бағдарламасын жүктеу.
Ашылған терезеде төмендегі мәтінді теру қажет:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық,
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.
ІІІ. Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
Қызметкерлері 8 адамнан тұратын кіші бөлімшенің орта жалақысын есептеу мысалын қарастырайық. Айталық бірінші қызметкердің жалақысы - 17500, екіншісінікі - 17300, үшіншісінікі - 16800, төртіншісінікі - 16000, бесіншісінікі – 15500, алтыншы қызметкердікі – 14800, жетіншісінікі – 14000, сегізіншісінікі – 13800 теңге болсын.
Орта жалақыны есептеу үшін төменгі амалдарды орындау керек:
1. Инженерлік калькуляторды іске қосыңыз;
2. Sta батырмасын басыңыз;
3. Калькулятор терезесін жаппайтындай етіп Статистика терезесін ашыңыз;
4. Бірінші санды енгізіп Dat батырмасын басқанда сан Статистика терезесінен көрінеді.
5. Dat батырмасын баса отырып қалған сандарды енгізу;
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын басқанда, калькулятордың индикаторында жалақының орта мәні қанша теңге екені көрінеді.
7. Жұмысты жасап болған соң, оқытушыға көрсет.
ІV. Paint бағдарламасы бойынша тапсырма: «Суда жүзген қайықтар» суретін салу.
Жұмысты орындау:
Горизонт сызығын салып, көрсет.
Эллипстің көмегімен күннің суретін салып, эллипстің төменгі жағын «Өшіргіш» арқылы өшіріп таста.
«Құю» әрекеті арқылы теңіз, аспан, күнді бояу қажет.
«Сызық», «Шашыратқыш», «Төртбұрыш», «Құю» әрекеттерін кезек қолдана отырып, экранның бос жерінде қайықтың суретін сал.
Оны «Ерекшелеу» әрекеті арқылы ерекшелеп, алмастыру буферіне сақтап ал. Ол үшін қажетті сурет аймағын белгілеп, ерекшеле. Содан соң, горизонтальды мәзірден «Түзету – көшіру», «Түзету – Қою» әрекеттері арқылы алмастыру буферіне сақта.
Алмастыру буферінде сақталған қайықтың суреттерін су бетіне бірнеше көшірме жасай отырып, орналастыр.
Суретті «Суда жүзген қайықтар» деп сақта.
3 – тапсырма. Кім жүйрік? Әр топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
І. Блокнот-Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
Блокнот бағдарламасын жүктеу.
Мәтінді теріңіз.
Сұрақ:
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен ... 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Мен мектепті 10000000001000 жылы бітіремін.
Жауап:
Мен _____ жастамын. Мектеп табалдырығын ____ жасымда аттадым. Мен ________мектептің ______ сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы ________ оқушы. Мен мектепті _______ жылы бітіремін.
Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
Инженерлік калькулятор төрт санау жүйелерінде жұмыс істей алады. Олар: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық. Олардың қажеттісін таңдау үшін сәйкес төрт батырманың бірін шертеді, яғни Hex (он алтылық), Dec (ондық), Oct (сегіздік), Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, қалған үшеуінің бірін басса, индикатор өрісіндегі сан автоматты түрде жаңа жүйеге аударылады. Мысалы, екілік жүйедегі 1111 санын теріп, Dec (ондық) батырмасын басса, онда индикатордан 15 саны көрінеді.
Сол сияқты есепте көрсетілген әрбір екілік санды калькуляторға тере отырып, оны ондық жүйеге алмастырып, төмендегі есепті шешуі керек.
Есептеп шығарған нәтижелерді Блокнот бағдарламасында терілген мәтінге толықтырып, жазыңыз.
Файлды «Есептік жұмбақ» деп сақтаңыз.
ІІ. WordPad-Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
WordPad программасын іске қосыңыз.
Мәтінді теріңіз.
Бөлме жөндеудің шығын ведомостісі
Жөндеуге кеткен барлық шығын 10550 теңге. Оның ішінде:
Бояу 4987 теңге
Известь (әк) 653 теңге
Құрал – жабдық 489 теңге
Жұмыс құны
Файлды «Ведомость» атымен сақтаңыз.
10550 санын теңге сөзісіз бөліп алып, Правка – Копировать командасы арқылы алмасу буферіне көшіріңіз.
Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
Правка – Вставить командасын пайдаланып, алмасу буферінен санды индикаторға шақырыңыз. Индикация алаңында 10550 саны пайда болады.
МS
– ті басып, оны калькулятор жадына жазыңыз.
Ведомостқа қайта оралып, 4987 санын бөліп алып, оны алмастыру буферіне көшіріңіз.
Санды бөліп алғаннан кейін, калькулятор терезесі өшеді (жойылады). Есеп тақтасындағы оның батырмасын шертіңіз.
Алмасу буферінен 4987 санын калькулятор индикаторына қойыңыз да, «қосу» батырмасын шертіңіз.
653 және 489 сандарын қосу үшін 8 – 10 пунктердегі амалдарды орындаңыз.
Қосымшада нәтижесі – 6129 индикатордан көрінеді. «Алу батырмасын шертіңіз.
МR
Одан соң және «тең» батырмаларын шертіңіз.
Есептеу нәтижесі – 4421 шығады.
Нәтижені алмасу буферіне көшіріңіз.
WordPad терезесінің «жұмыс құны» жолағының қажетті орнына меңзерді орналастырып, алмасу буферіндегі нәтижені орналастырыңыз.
ІІІ. Paint -WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
Paint бағдарламасын жүктеу.
Ашылған терезеде «Құттықтау қағазын» даярлаңыз.
Ол үшін WordPad программасын іске қосыңыз.
Мәтінді теріңіз.
Ізгі сөзім арналады жүректен,
Орындалсын әрбір ниет - тілектер,
Бұл өмірдің басты мәні – сыйластық,
Болсын Сізде мұндай достар сыр шерткен!
Мәтінді алмастыру буферіне сақтап алып, Paint бағдарламасының терезесін ашып, Түзету→Көшіру, Түзету→Қою амалдарын орындау арқылы құттықтау қағазына құттықтама ретінде кірістіріңіз.
«Төртбұрыш» амалын қолдана отырып, құттықтау қағазына жиектеріне әшекей жасаңыз. Құжаттың оң жақ төменгі бөлігіне қажетті құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көркемдеу үшін өрнектер салыңыз.
Жұмысты аяқтаған соң, файлды «Құттықтау» деп сақтаңыз.
ІV. Калькулятор-WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
Ашылған терезе төмендегі терезені тұрғызып, мәтінді теріңіз:
|
|
Бояуға кеткен материалдар шығыны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Есіктер
|
Терезе алды
|
Материал
|
10м-ге шаққанда кг
|
Ауданы
|
Шығын
|
10м2-ге шаққанда кг
|
Ауданы
|
Шығын
|
Олиф
|
7,60
|
5,00
|
|
6,60
|
5,00
|
|
Белила
|
6,00
|
3,00
|
|
6,50
|
5,00
|
|
Пигмент
|
1,50
|
4,00
|
|
0,60
|
6,00
|
|
Барлық кестені ерекшелеп алып, WordPad құжатына көшіріп қойыңыз, немесе WordPad құжатын ашып, Кірістіру→Обьект→ Microsoft Word құжаты немесе Кірістіру→Обьект→файлдан, ары қарай Microsoft Word құжатының атауын көрсету арқылы.
Берілген құжатты «Материалдың жұмсалауы» деп сақтаңыз.
Калькулятор бағдарламасын ашып, есіктер мен терезе жақтауларын бояуға кететін материалдарды есептеп шығарыңыз.
Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңыз. Жұмысты аяқтап, сақтап, барлық терезелерді жабыңыз.
4 – тапсырма. Кім білімпаз? Топтастыру стратегиясы бойынша топтардағы оқушылар орындарында отырып, берілген стандарттық бағларлама бойынша білімдеріні қолдана отырып, схеманы толтыру арқылы бір-бірін толықтырып, қорытындылайды.
5 – тапсырма. Кім шығармашыл? Әр топтың бір мүшесі шығып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында «Жалғастыр» әдісі орындалады. Берілген кестедегі бірінші бағанада стандартты бағдарламалардың атаулары көрсетілсе, келесі бағанада стандарттық бағдарламалардың атқаратын қызметі беріледі. Тек олардың орындары шатастырылып берілген. Оқушылар бірінші және екінші бағананы бір-бірімен дұрыс тауып, жалғастыруы керек.
Атауы
|
Қызметі
|
Қойын дәптер
|
Есептеулер жасауға арналған
|
Калькулятор
|
Қажетті құжаттарды, бумаларды іздеу
|
Адрестік кітап
|
Қарапайым сызбалар тұрғызу
|
WordPad
|
ДК-ге жалғанған қосымша компьютерді іздеу
|
Раіnt
|
Қажетті адам, мекен-жай жайлы мәлімет алу
|
Көңіл көтеру бағдарламалары: «Дыбыс жазу», «Аудиоплеер»
|
Қарапайым мәтіндік құжаттар даярлау
|
Жетектеуіш
|
ДК-де арнайы эффектілерді қолдану
|
Сағат
|
Әуендер тыңдау, жаңа ауен жазу
|
Қызметтік бағдарламалар тізбесі
|
Қарапайым мәтінге обьекті кірістіру
|
Байланыс
|
Дискілердің жұмысын тексеру
|
Арнайы мүмкіндіктер
|
ДК-де орнатылған уақытты өзгерту
| Үй тапсырмасы. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» 11 – сабақ 127 – 133 беттер,
А.Г.Гейн, А.И.Сенокосов «Информатика» 3 – тарау, §9 Windows операциялық жүйесі. 4 – 5 – Зертханалық жұмыстар. 41 – 59 беттер.
Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |