Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма:Бізді қоршаған орта мәтінін оқып, адам мен табиғаттың байланысын және барлығына ортақ дүниені тап.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанар- таудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты.
Табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің себебін түсіндіріп беріңдер?
Табиғатты қорғаудың қандай тиімді жолдарын білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |