Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Білімді өзектендіру.
Математикалық диктант төмендегі тапсырмалардан тұрады:
• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.
• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.
• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?
• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Ұлы анасынан неше есе кіші?
• Әрқайсысы 3 кг болатын 4 банка бояу сатып алды.
4 кг бояуды қолданды. Қанша килограмм бояу қалды?
• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.
• Ағасы 12 жаста, ал қарындасы 2 жас кіші. Қарындасы
неше жаста?
• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |