Әртүрлі құрал - жабдықтарды қолдану арқылы сүзбені өндіру.
Сүзбе дайындағыш. Кәсіпорындарда сүзбені өндіру үшін кеңінен ВНИКМИ конструкциялы сүзбе дайындағыштар қолданылады. Оларда бірнеше технологиялық операция орындалады, сүтті ашытудан бастап және престелген сүзбені шығарумен аяқталады. Сүзбе дайындағыштарда майлы, жартылай майлы және майсыз сүзбені дәстүрлі және бөлу әдісімен өндіруге болады. Сүзбе дайындағыштың сиымдылығы - 2000 литр, екі қабырғалы екі ваннасы болады, әрқайсысында сарысуды ағызуға арналған краны мен сүзбені шығаруға арналған қақпақтары болады. Осы ванналардың әрқайсысына перфорирленген қабырғалы престеу ванналары бекітілген. Престеу ванналарына фильтрлеуші лавсан матасы кигізіледі. Престеуші ванналар гидравликалық жетектің көмегімен ұйытуға арналған ваннаның түбіне дейін түсіріледі не көтеріледі. Сүзбені осы құрал-жабдықты қолдану арқылы өндірген кезде қышқылды-мәйекті әдіс ғана қолданылады. Ашытылуға дайындалған сүт ваннаға келіп түседі. Әдеттегідей оған ашытқыны, кальций тұзының ертіндісін және мәйек немесе пепсин ферментін енгізіп, ұйытылуға қалдырады. Алынған қоймалжыңды арнайы пышақпен қабырғасы бойынша өлшемі 20 мм-лік кубиктерге кеседі де, 30-40 минут тыныш күйге қалдырады. Осы уақытта қоймалдыңнан сарысу бөлінеді, жинағыштың көмегімен ваннадан бөлінген сарысуды бөліп алады. Алдын ала сарысудың бөлінуі қоймалжыңды қатайтады және престеудің тиімділігін жоғарылатады.
Сарысудың біраз бөлігін бөліп алғаннан кейін перфориленген ваннаны гидравликалық жетектің көмегімен төмен түсіреді. Қоймалжыңға престеу ваннасын батыру жылдамдығы қоймалжыңның сапасы мен сүзбенің түріне байланысты. Әлсіз қоймалжыңды престеу кезінде, әсіресе алғашқы кезеңде ваннаны аз жылдамдықпен батыру керек. Кері жағдайда қоймалжыңның қатайған бөлшектері қатты ұсақталады, бұл ақуыздың сарысуға кетуі жоғарылайды. Майсыз қоймалжыңды престеу ваннаны үлкен жылдамдықпен батыру арқылы жүруі мүмкін. Престеу кезінде бөлінген сарысу фильтрлеуші мата мен перфориленген беттен өтіп, престеуші ваннаның ішіне жиналады, одан әрқайсысын 15-20 минут сораппен сорып алады. Өндірілетін өнімнің түріне байланысты престеудің ұзақтығы әртүрлі: майлы сүзбе үшін 4 сағаттан жоғары емес, жартылай майлы сүзбе үшін 3 сағаттан жоғары емес, майсыз сүзбе үшін 2 сағаттан жоғары емес.Престеу аяқталғаннан кейін перфориленген ваннаны көтеріп, дайын өнімді қақпақ арқылы арбаға шығарады. Сүзбе салынған арба көтергіштің көмегімен жоғарыға беріледі де, салқындатқыш бункерінің үстіне аударылады. Салқындатылған сүзбе ыдысқа құйылуға келіп түседі. Сүзбе дайындағышта өндірілген дайын өнімнің сапасы жоғары болады.
ВНИКМИ конструкциялы сүзбе дайындағышта сүзбені өндірудің дәстүрлі әдіспен өндірудің алдында бірнеше артықшылықтары бар. Бұл сүзбені престеу ұйытылуға арналған ваннада өтеді. Сондықтан да үлкен прес - арбаларды қажет етпейді, бұл өндірістік ауданды үнемдеумен түсіндіріледі. Осы кезде ірімшікті өздігімен престеу қол еңбегінің шығынын төмендетеді. Қоймалжыңды құю үшін қаптарды қажет етпейді. Бұл жұмысшылардың еңбегін жеңілдетіп ғана қоймай олардың санын азайтады, фильтрлеуші матаның шығынын 4 есе азайтады, сонымен қоса сүзбенің шығымын да азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |