Сабақ тақырыбы: Рахмет саған Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту



жүктеу 0,66 Mb.
Дата20.05.2018
өлшемі0,66 Mb.
#15074
түріСабақ


Мектепке дейінгі шағын орталықты Қаратал орта мектебі

Тақырыбы:



«Рахмет саған............»

11 «А» сынып жетекшісі: Рақымбекқызы Назигүл

2017 жыл

Сабақ тақырыбы: Рахмет саған.........

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

– ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;


– үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту;
– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: Компьютер, электронды тақта, слайд, видео, оқулық, дәптер, сандықша

Барысы:
І. Ұйымдастыру

Оқушылар тізбектеліп, бір – бірлеріне тілек білдіріп шығады.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Шаңырақ – күн,


Уықтары – нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас – деп, Қазақстан! (Герб)
Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке – шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

Егіз қайың,


Бой – бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес – бестен. (Қол)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап – жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты…,

Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)


Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (карта)
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
– Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
– Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
– Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. – Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.


Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым – қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім – кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін “Ұлттық мереке” деп жариялайды.

Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.


Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр” тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.
“Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді”, – деді Президент.
Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. “Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды – киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым”, – деді ол.
“Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады – барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді”, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,


Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Топпен жұмыс
І – топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ – топ: Ағалы – қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
ІІІ – топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?
ІҮ – топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?
Ү – топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»

Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

ІҮ. Қорытындылау

– Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
Пікірлер себетін толтыру.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?

Тексерілді Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

(қолы)


Күні:
жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау