Сабақ Тақырыбы: «Кеңсе тауарлар дүкенінде»


таяқ жеу – быть побитым қақпа -



жүктеу 1,28 Mb.
бет5/8
Дата18.12.2017
өлшемі1,28 Mb.
#4699
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

таяқ жеу – быть побитым қақпа - ворота

ынта – ықылас – усердие арта түсу - усилиться

мектепшілік – школьный жанкүйрек – болельщик

алған бетінен қайтпау – не отступать

жақтау – болеть (за команду)

жаттықтырушы - тренер

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбектеп оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

нәзік адам, турникке тартылу, жанкүйер болу, ......

  1. Сөйлемдер құрау.

Бейбіт күн сайын турникке тартылады.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.


VI. «Спортшы Бейбіт» мәтінмен жұмыс.

а) Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ 1 абзацтан оқып, аударады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі.

ә) 4 – тапсырманы орындау. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазу. Сөз құрамына қарай талдап, олармен сөз тіркестерін құрастыру.Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.Содан кейін бір – бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Балалардың ермегі, оқушылардың ата – аналары, олрдың ағалары, сыныпқа кіру, балалардан хат алу, алған бетінен қайтпады.



Үлгі: балалардың, бала – түбір, лар – көптік жалғау, дың – ілік септіктің жалғауы.

б) Мәтін бойынша «Пікірталас» оқыта үйрету ойынын өткізу.

Ойынның сұрақтары:

1.Бейбіт неге намыстанатын?

2.Оның арманы қандай еді?

3.Ағалары оған не орнаттып берді?

4.Спортпен айналысу Бейбіт үшін қандай әдетке айналды?

5. Ол қалай өзгерді?

6.Кімдер бокс үйірмесіне қатысатын болды?

7. Бейбіттің спортқа деген ынта – ықыласы өзгерді ме?


VII.Cергіту жаттығу.
VIII. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны.

Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.



Ойынның шарты:

Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: 1– сөйлемнің басы, 2 – сөйлемнің жалғасы. Оқушылар кез келген түсті кеспені таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.



  1. Бейбіт сыныптағы балалардың

  2. Сапқа тұрғанда оқушылардың

  3. Тез өсіп, үлкен болу

  1. Ағалары Бейбітке

  2. Бейбіт күн сайын

  3. Дене шынықтыру

1.Бір топ ауыл балалары

2. Бейбіттің үлкен балалардан

3. Бірақ Бейбіт


  1. оның арманы еді

  2. ең соңында қалатын

  3. ең кішісі еді

1. Бейбіттің әдетіне айналды

2. Турник орнатып берді

3. Турникке тартылды


  1. Таяқ жеп қалған кездері де болды

  2. Алған бетінен қайтпады

  3. Бокс үйірмесіне қатысатын болды


IX. Суретпен жұмыс. Топтық жұмыс.

Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, суретті әңгімелеу. Дайындыққа 6 минут беріледі. Әр топтан 1 оқушының жауабын тыңдау.
X. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау.
3 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі кабинеті.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Модульдің құрамын түсіндіру.

ІIІ. Сабақтың мақсаты, барысын айту:

ІV. Фонетикалық талдау.

Нежный, ряд, сила, ворота, тренер, усердие, в конце концов, стыдиться, болеть за команду, усилиться, школьный.


V. Сөздік жұмыс.

а) Берілген сөздерді тәуелдік формасының ІIІ жағына қойып, үлгі бойынша сөз тіркестерін құрау. Әр оқушы өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Әр оқушы өз жауаптарын үлгісі бойынша тексереді.

Үлгі: мектеп кабинеттері.


Жауап үлгісі

Мектеп мұғалімдері, мектеп оқушылары, мектеп басшысы, мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, мектеп ауласы, мектеп өмірі


ә) Осы берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрау.

Үлгі: Мектеп кабинеттері қазіргі талапқа сай жабдықталған.
VI. Жұптық жұмыс. Берілген кестелер бойынша оқушылар өзара диалог дайындайды. Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.

А


Қазақшаға аудар

Досыңның жауабын тексер

  1. Я учусь в ... школе... классе. А в каком классе учишься ты?

  2. Школа... этажная. Она расположена по улице... . А где расположена твоя школа?

  3. В школе... кабинетов казахского языка. Они расположены на .. этаже. Они чистые, просторные и светлые.

  4. Есть кабинеты русскрго языка и литературы, кабинеты математики, истории, географии, иностранных языков, а также спортзал, библиотека, актовый зал.




  1. Мен... мектепте... сыныпта оқимын. Ал сен нешінші сыныпта оқисың?

  2. Мектебім.. қабатта. Ол.. көшесінде орналасқан. Ал сенің мектебің қайда орналасқан?

  3. Мектепте... қазақ тілі кабинеті бар. Олар кең, таза және жарық.

  4. Орыс тілі кабинеті мен әдебиеті кабинеті, математика, тарих, жағрапия, шет тілі кабинеттері, спортзал, кітапхана, мәжіліс залы бар.


VII. Сергіту жаттығу.
VIII. Сурет бойынша 30 бет қазақ тілі кабинеті туралы әңгіме құрау.

«Жарыс» ойыны.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

1-кезең. Берілген сөздерді аудару. Дайындыққа 2 минут беріледі. Әр топтан 1 оқушы дұрыс жауабын оқиды. Әрбір дұрыс аударған сөзге 1 балдан беріледі.


Телевизор-..., просторный-..., висят-...

Поэт-..., за столом-..., портреты-..., писатель-...

На стене-..., чистый-..., вокруг-..., с книгами-...

2-кезең. Ә топтан өз аударған сөзбен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырады. Дайындыққа 2 минут уақыт беріледі.

3-кезең. Сурет бойынша әңгіме құрау. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі.






1-кезең

2-кезең

3-кезең

Қорытынды

1-топ













2-топ













3-топ














IX. Мақал-мәтелдермен жұмыс.

Сыныпты 3 топқа бөлу. Қай топ тапсырманы бірінші орындайды, солар жауап береді. Қалғандары тыңдап бағалайды. Содан кейін әр оқушы берілген мақал-мәтелдерді жаттайды. Бірнеше жауапты тыңдау.


X. Үй тапсырмасы. 6-тапсырманы жазбаша орындау.

4- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы

I. Ұйымдастыру кезеңі



II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсаты:

IV. Сөздік диктант.

Жаяу, гулзар, әуес, қақпа, ұстаз, білім, қазіргі, мектеп-ішілік, ғалым, мәжіліс, жанкүйер, кең.


V. Сөздік жұмыс.

Шығарма – произведение

Көбінесе – в основном

Ұлттық кітапхана – Национальная библиотека

өлеңдер жинағы – сборник стихов


  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

өлеңдер жинағын сатып алу, ...

  1. Сөйлемдер құрау.

Кеше мен Абайдың өлеңдер жинағын сатып алдым.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

  2. 3- тапсырманы орындау. Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрастыру.

Сыныпты үштопқа бөлу. Әр топ берілген сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрастырады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Біренше жауапты тыңдау.

Үлгі: кең аула, үш қабат, менің әжем, мектеп директоры, мектепке бару.

Сын есім+ зат есім

Сан есім+ зат есім

Есімдік+ зат есім

Зат есім+ зат есім

Зат есім+ етістік

VI.Мектеп кітапханасы мәтінімен жұмыс.

А Сынып мәтінді оқып, сандардың орнына тиісі етістіктерді қойып шығады. Дайындыкка 6 минут уақыт беріледі.

ә Мәтінді тізбекпен оқып, тексеру. Мұғалімнің сұрақ тарына жауап беру.

Б Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кезкелген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сойлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.



VII. Сергіту жаттығу өткізу. Жаңылтпашты жаттау.

Ұқыпты бала-

Кітапты түптеп бастады.

Ұқыпсыз бала-

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.



VIII. « Саяхат» оқыта үйрету ойыны.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Әр топтың тақырыпқа байланысты эмблемасы болады. Әр топ өз таңдаулары бойынша ұпайлардың артындағы тапсырманы орындайды.



  1. Аударма жұмыс.

  1. Библиотека открыта? 10 балл.

  2. У Жанар есть богатая библиотека. 15балл.

  3. Где находится Национальная библиотека? 20балл.

  4. Книгу « Менің атым Қожа» написал Бердибе Сокпакбаев. Это очень интеренсная книга. 25 балл.

  5. Абай Кунанбаев- поэт казахского народа. У тебя есть сборник его стихов? Какая интересная книга! 30 балл.

  1. Жұмбақтар. Жұмбақтарды шешіп, жаттап алу.

  1. Қырық екі аты бар,

Танысаңдар- айтыңдар. 10 балл

  1. Бір қарыс таяқ алдым,

Алдым да, жұмысқа салдым. 15 балл.

  1. Темір тілді,

Күміс үнді. 20 балл.

  1. Ойнақтаса қолыңда,

Із қалмайды соңында. 25 балл.

  1. Қаласы бар, уйі жоқ,

Өзені бар, суы жоқ.

Орманы бар, бурі жоқ,

Бақшасы бар, гүлі жоқ.


  1. Оқушыға күнде еріп жүретін не ? 30 балл.




1. Аударма жұмыс 10 15 20 25 30

2. Жұмбақтар 10 15 20 25 30




IX. Сурет бойынша жұмыс. Сурет бойынша диалог құрастыру. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау

Керекті сөздер: оқымадым, бұрын оқығанмын, таныс емес, сирек кездесетін, әкелемін.



X. Үй тапсырмасы. Сөздерді, жұмбақтарды жаттау.


5-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мұғалім ол біздің.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасы тексеру.

  3. Сабақтың мақсаты:

  4. Сөздік жұмыс.



Сылтаурату - найти предлог (повод)

байқау - заметить

жөнделу - исправиться

іркілмеу - безостановочно

түк білмеу - ничего не знать

тәлім - наставление, воспитание, обучение

қарыз - долг

маза - покой, спокойствие

  1. Осы сөздердің мағыналарын тусіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздері дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

Түк білмей ұйықтау, ...

  1. Сөйлемдер құрау.

Қатты шаршағаннан Дәурен түк білмей ұйқтады.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

  1. Топтық жұмыс. Сыныпты біренше топқа бөлу.

1. Мәтінді түсініп оқып, сөйлемдерге сұрақтар құрастыру. Рөлге бөліп, сөлесу.

Ор топ өз бетінше жұмыс істейді. Мәтінді оқып, аударны. Рөлге бөліп, бір-бірімен сөйлеседі.



Автор: Бірде Еребай күні бойы ойнап, сабағына дайындалмайұйықтап қалды. Таңертең әлденені сылтаурағың , мектепке барғысы келмей жүріп алды. Мұны әжесі байқады да, киімін кие бастады.

Еркебай: - Әже, сіз қайда барасыз?

Әжесі: - Мектепке.

Еркебай: - Онда не істейсіз, әже?

Әжесі: - Сенің орныңа оқып келемін.

Автор: Еркебай қатты ұялды.

Еркебай: - Әже, әжетай, бармай-ақ қойшы. Өзім барам.

Автор: Сол күннен кейін Еркебайдың сабағы жөнделе бастады.


  1. Сергіту жаттығу. Ән үйренейік.


Мұғалім ол біздің.

Мұзафар Әлімбаев.

Білімнің кілтіндей Қиынға төзуге

Әліппе ұстатқан, Үйреткен қашадан:

Оқуға іркілмей, Жаманнан безуге,

Тоқуға ұстартқан. Жақсылық жасауға.

Қамқоры ұл-қыздың- Қамқоры ұл-қыздың-

Мұғалім ол біздің. Мұғалім ол біздің.


  1. Топтық жұмыс.

2. Сөзжұмбақтар шешу. Жұмбақтарды жаттап алу. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі.

I. топтың тапсымасы: 1,2- тапсырма.

II. топтың тапсырмасы: 3,4- тапсырма.

III. топтың тапсырмасы: 5, 6,7- тапсырма.

М е к т е п

Ұ с т а з

Д ә п т е р

к а р т а

ж а з у ш ы

м а м ы р

қ ы р к ү й е к

3. 2- тапсырма бойынша «Көкпар ойынын» өткізу. Ойынның шарты:

Сыныптығы оқушылар 3 топқа бөлінді. Әр оқушы дорбадан асық алып, нөміріне сәйкес сұраққа дайындалуға отырады. Содан кейін қамшыны көтеріп, тез жауап беруге тырысады. Тақтада топ аттары жазылып, ұпайлары есептеледі.



Ойынның сұрақтары

  1. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?

  2. Сендерге қазақ тілі қиын ба?

  3. Қазақша сұрақ қоя аласыңдар ма?

  4. Қазір қазақша қалай сөйлейсіңдер?

  5. Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?

  6. Сабақты қандай мұғалім жүргізеді?

  7. Сабақта қандай тақырыптардыөтесіңдер?

  8. Сабақта қандай талдаулар жасайсыңдар?

  9. Қателеріңді кім түзетіп береді?

  10. Бүгін сабаққа кім кешігіп келді?

  11. Қазақ тілінен басқа қандай тілдерді оқисыңдар?




  1. Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттау.



6- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

III. Тест жазу.

  1. Мақалды аяқтаңдар.

«Өмір – үлкен ...»

  1. Сөздердің аударыңдар.

1) жаяу а) заседание

2) қайрат ә) заметить

3) байқау б) сила

4) мәжіліс в) пешком

3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.

1 2 3 4 5

Сай, қазіргі, кабинеттеріміз, жабдықталған, талапқа.

4. Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңдар.

Мектеп Төле би көшесінде...

а) орналасамын; ә) орналасу; б) орналасқан

5. Бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа түскен тобын сөз тіркесі дейміз. Дұрыс па?

а) иә; ә) жоқ

6. Тыныс белгісін дұрыс қойыңдар.

Күн қаңдай тамаша--------

а) . ә) ? б) !

7. Сөз құрамына қарай дұрыс талданғаң сөзді табыңдар.

а) бала- түбір, - лар – жалғау, -ы – жалғау;

ә) беті – түбір, - нен – жалғау;

б) болу – түбір.

8. Сұраққа дұрыс жауап беріңдер.

Мектебің неше қабатты?

а) үшеу; ә) үшінші; б) үш.



IV. Диктант.


4 - модуль

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрамын түсіндіру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бастауыш

Пысықтауыш

Анықтауыш

Толықтауыш

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады. Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады. Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.



  1. Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады.

  2. Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады.

Мысалы: Жаңбыр жиі-жиі жауады.
V. Сөздік жұмыс.

Каптау- скучиваться, собираться

Топ-топ- группой

Ерекше- особенный

Егін даласы- посевное поле

Қайнау- кипящий

Үздіксіз- непрерывно

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

  2. Сөйлемдер құрау.

  3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.


VI. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.





а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырапты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.

ә) Мәтін бойынша «Мәтін құра» ойыны.


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау