IV. Пысықтау.
1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?
3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?
V. Есептер шығару:
Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: №4. №5, №6, №7.
V.Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§§63, 64. Ж.О.Бақынов. Дидактикалық материалдар. Жарық құбылыстары: №1, №2, №3, №4.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §65,§66. Жазық айна. Сфералық айналар.
Сабақ мақсаты:
1.Жазық айна, жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері, сфералық айна, олардың негізгі сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?
3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.
Сфералық айналар қасиеттері:
0-айнаның сфералық бетінің центрі, С-айнаның төбесі. Сфералық беттің О центрі мен С айнаның төбесі арқылы өтетін түзу сызық бас оптикалық ось деп аталады.
ОС сфералық айнаның R радиусы және оның С нүктесіндегі бетіне түсірілген нормаль болып табылады. Ғ –айнаның фокусы. СҒ ойыс айнаның фокус аралығы деп аталады.
Сфералық айнада нәрселердің кескіндері. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Ойыс айнадағы нәрсе кескіні:
Дөңес айна беретін кескіндер кішірейтілген, тура және жалған болады.
Дөңес айнаның фокусы жалған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |