Химиялық таза металдар үшін:
ХБЖ-жа өткізгіштің температуралық коэффициентінің өлшем бірлігі: .
Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлше жақын температураларды кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.
ІІІ.Есептер шығару.
19-ж.№ 4 , №5, №6, №7, №8.
IV.Карточкамен жұмыс.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§§39.40. 19-ж.№1, №2. №3. 145-бет. №3.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынап
Зертханалық жұмыс 3
Тақырыбы: электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.
Мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену.
Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар,қыздыру шамы.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольметрдің шкалаларын қараңдар, бөлік құнын анықтаңдар.
2. 191-192- және 193-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбегін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін жазыңдар.
3. Қорытынды жасаңдар.
4. Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.
5. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U1, U2 және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.
6. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
7. U1+ U2 қосындысын
есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
8. Қорытынды жасаңдар.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынап
Зертханалық жұмыс 4
Тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын зерделеу.
Мақсаты: Оқушыларды электр өлшеуіш аспаптарды дұрыс қоса білу, әрі олардың көрсетуін мұқият жаза білуге үйрету.
Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар, реостат.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөлік құнын есептеңдер.
2. Сұлба бойынша элетр тізбегін жинаңдар.
3. Тізбекті тұйықтаңдар.
4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.
Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар.
5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.
6. Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
7. Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.
Тапсырма. Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салу.
8.Бағалау.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынап
Зертханалық жұмыс 5.
Тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Мақсаты: тізбектей және параллель қосу заңдарын тексеру.
Приборлар мен материалдар: 3 амперметр, 3 вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, 2 сым резистор, реостат.
Жұмыс барысы:
Тізбектей жалғау
Ампреметрдің және вольметрдің шкалаларымен танысып, бір бөліктің құнын анықтаңдар.
Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар. (195-сурет)
А1, А2 амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.
V1, V2, Vж вольтмтерлерінің көрсетулерін жазыңдар.
Uж=U1+U2 есептеңдер.
Бөліктің жалпы кедергісін формулаларымен есептеңдер.
Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
I1,A
|
I2,A
|
U1,B
|
U2,B
|
R1,Oм
|
R2,Oм
|
Rж,Oм
|
Rж,Oм
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. Қорытынды жасаңдар.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§41,42. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Электр тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, токтың жұмысы, қуаты олардың бірліктері, Джоуль-Ленц заңы туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, ток көзі, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, электр шамдары, кілт.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.
Электр құрылғыларын тізбектей қосу.
г ь
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…
Достарыңызбен бөлісу: |