ІV.№6-эксперименттік тапсырма. Сынып бөлмесі ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау.
V.Есептер шығару.
Дидактикалық материалдар. Ж.О. Бақынов:
№16, №117, №6.
VІ. Қорытындылау.
VІІ.Үйге тапсырма:§§17,18.№1, №3.
VІІІ.Бағалау.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып
Есептер шығару.
Мақсаты:
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.
Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Жауапкершілікке, тиянақталыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Есептер шығару.
Өлшемі 2х5х10 см қорғасын пластинкасының кристалдану және балқу температурасынан 270 –қа дейін суу кезінде қанша энергия бөлінеді?
ρ с=11,3ּ103 кг/м3; λ=2,5ּ104 Дж/кг; с=140 Дж/кг0С; t=3270С.
210 г мырышты 200С-тан балқу температурасына дейін қыздырып, оны сұйық күйге айналдыру үшін 10,5 г бензин жұмсалады. Берілген жылудың оған қандай мөлшері бөлінді?
11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
Баланы шомылдыруға арналған ваннадағы су салқындау болды. Оның температурасын 360С-қа жеткізу үшін температурасы 960С-тағы судан 0,84 л құюға тура келді. Ваннадағы судың массасы 16 кг болса, ондағы бастапқы температура қандай болған?
Калориммтер ішіндегі массасы 120 г жез ыдыста 220С-тағы 160 мл су бар. Осы суға массасы 85 г металл құймасынан жасалған 750С-тағы шар салында. Осыдан кейін калориметрдегі темпертауар 270С болды. Құйманың меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығарыңдар.
-100С температурадағы массасы 20 кг мұз температурасы 700С, көлемі 40 л суға салынды, егер мұз толық еріген болса, онда қоспаның температурасы қандай?
ІІІ. Қорытындылау.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: қайталау, бақылау жұмысына дайындалу.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып
Есептер шығару.
Мақсаты:
Оқушылардың І және ІІ тарау бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.
Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Жауапкершілікке, тиянақталыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Есептер шығару.
Массасы 1 кг қорғасында 1000С-қа дейін қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалады. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.
1 г темірді немес 1 г қорғасынды 1 0 С-қа қыздырғанда, қай заттың молекуласының энергиясы көп өзгереді?
100 0 С-та 5л қайнаған су қоршаған ауаға 1680 кДж энергиясын бере отырып, қандай температураға дейін салқындайды?
Сыйымдылығы 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Толық жану кезінде 23ּ10 7 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма?
Массасы 3000 г темір ыдыста 100 г қалайыны балқытты. Егер темір ыдыс пен қалайының бастапқы температурасы 320С болса, онда ыдысты қыздыруға және қалайыны балқытуға қандай жылу мөлшері керек?
10кг суды 1000С-та буға айналдыру үшін 23ּ106 Дж энергия жұмсалады. Осы температурадағы су буы түзілісінің меншікті булану жылуы қандай?
Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін қыздырып, одан кейін 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады?
ІІІ. Қорытындылау.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: қайталау
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §§19.20. Термодинамиканың І заңы. Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға термодинамиканың бірінші заңы, және оның жалпы сиаптының мәні , газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі» тарауын қорытындылау. (20 минуттық тест жұмысы).
І нұсқа.
1. Мұз 00С температурада ериді. Бұл кезде энергия
А. Жұтылады
В.Бөлінеді
С. Жұтылмайды да, бөлінбейді де
Д. Әуелі жұталады, содан кейін бөлінеді.
Е. Әуелі бөлінеді, содан кейін жұтылады.
2. 1 кг затты жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама
А. Меншікті булану жылуы
В. Меншікті жану жылуы
С. Жану жылуы
Д. Меншікті балқу жылуы
Е. Меншікті жылу сыйымдылығы.
3. Булануға кері процесс
А. Компенсация
В. Диссоциация
С. Конденсация
Д.Рекомбинация
Е. Диффузия.
4. Сұйықтың булану жылуы
В. Температураға
С. Сұйықтың еркін бетінің ауданынан
D. А, В,С жауаптарынан және желдің болуынан
Е. Тек температура мен ауданнан тәуелді.
6. Қаныққан будың қанықпаған будан айырмашылығы
А. Қаныққан будың тығыздығы жоғары
В. Қаныққан будың қысым жоғары
С. Қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болады
D. Қаныққан атмосферамен динамикалық тепе-теңдікте болады
Е. Қаныққан будың температурасы жоғары.
7. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының формуласы
А.
В.
Достарыңызбен бөлісу: |