Ақшалай өлшегіш біркелкі жәнебіртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеуүшін қолданылады. ҚР ақшалай өлшем бірлігі ретінде теңгежәне тиын қолданылады. Ақшалай өлшегіштің көмегімен әр түрлі шаруашылық процестері туралы жалпылама көрсеткіштерді алуға болады.
Ақшалай өлшегіш есепте заттай және еңбек өлшегіштермен бірге жиі қолданылады.
4. Сұрақ. Шаруашылық есеп халық шаруашылығы жоспарының жалпы ел бойынша және әрбір кәсіпорын, ұйым және мекеме бойынша жеке – жеке орындалуын көрсетеді. Оның мәліметтері халық шаруашылығы салалары болып табылатын - өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы, сауда,көлік және т.б. салалры қызметтерін сипаттайды; халық шаруашылығының және тұрғылықты халықтың әр түрлі өнім жөніндегі қажеттіліктері қаншалықтықанағаттандырылып жатқанын көрсетеді; еліміздің жеке аймақтарының, облыстары мен аудандарының дамуын анықтайды.
Жедел немесе оперативтік есеп жеке шаруашылық әрекеттері мен процестеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылықжасау мақсатымен оларды қадағалау және бақылаужүйесі болып табылады. Осы есептің мәліметтерін алу және пайдалану жеделділігі оның ерекше бір белгісі болып танылады. Жедел есеп заттай, еңбек және ақшалайөлшегіштерді пайдаланады.
Статистикалық есеп дегеніміз – жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі. Статистика жаппай қоғамдық құбылыстардыңсандық жағын оның тікелей байланысты сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттейді, оның және уақыттың нақты бір жағдайында қоғамдық даму заңдылықтарының сандық бейнеленуін қарастырады. Ол өндірістік күш пен өндірістік қатынастарды штастырып, қоғамдық өндірістің сандық жағын, сонымен қатар қоғамның мәдени және саяси өмірінің құбылыстарын зерттейді. Сонымен бірге статистика табиғи және техникалық факторлардың қоғамдық өмірмен тығыз байланыстылығын зерттейді.
Кәсіпорындарда статистикалық мәліметтер алу үшін, кей кездерде статистиктерболып табылатын қызметкерлерден статистикалық материалдарды жинау және өндеу үшін арнайы статистикалық бөлімдер құрылады.
Көбінесе статистикалық көрсеткіштерді кәсіпорындардың басқа бөлімдері – жоспарлау, қаржылық, кадрлар бөлімі және тағы басқа, яғни осындай жұмыстарды статистиктер, экономистер немесе жедел жұмыс қызметкерлері алады, өңдейді.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – кәсіпорындардың шаруашылық құралдары (мүліктері), міндеттемелері және олардың қозңғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.
Бухгалтерлік есеп: теорияға, қаржылық және басқару есептеріне бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп теориясы – бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері.
Қаржылық есеп – бұл шаруашылық әрекеттері, сонымен қатар қаржылық есептіліктіқұруды бухгалтерлік рәсімдеу мен тіркеуді қамтамасыз ететін есеп ақпараттарын жинаудың жүйесі.
Басқару есебі - әр түрлі деңгейдегі басшылардың кәсіпорынның өз ішінде пайдаланатын есеп ақпараттарын жинауға арналған. Оның басты мақсаты – нақты өндірістік нтижелерге жетуге аса жауапты менеджерлерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Басқару есебінің жүйесінде көбінесе өндірісте жұмсалатыншығындар туралы ақпараттар жинақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |