7-сынып
Сабақ тақырыбы:§14. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға заттарды құрайтын бөлшектер туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:
компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Демокрит: барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектер-атомдар.
ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды.
Бірнеше атомдардың өзра байланысуынан молекула түзіледі.
Әр заттың молекуласы –сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.
Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері. Әр түрлі заттардан денелер құралады.
IV. Пысықтау.
1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?
3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?
4. Молекула дегеніміз не?
5. Заттардың молекулалары бірдей ме?
6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?
V . Жаттығу жұмыстарын орындау.
5-жаттығу. №1.№2.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма:§14.
7-сынып
Сабақ тақырыбы:§15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы,
температура туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор,
слайдтар, «Сұйықтардағы және газдардағы диффузия» видеофрагменті, марганцовка, ыстық және суық су құйылған ыдыстар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?
Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?
Молекула дегеніміз не?
Заттардың молекулалары бірдей ме?
Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.
Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент
көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.
Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.
IV. Пысықтау.
Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?
Диффузия деген не?
Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?
Диффузияның пайдасы ма? Зияны ше?
Диффузия құбылысынан заттың көлемі туралы, оны құрайтын молекулалар мен атомдардың ара қашықтығы туралы қандай қорытынды туындайды?
Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?
Көкөністерді, азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?
Диффузияның температураға байланысы бар ма?
Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы бар ма?
V.Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §15. 6-тапсырма.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §16. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Сабақ мақсаты:
Заттың күйлерін молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?
Молекула дегеніміз не?
Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?
Диффузия дегеніміз не?
Диффузияның температураға байланысы бар ма?
Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қатты дененің молекулаларының орналасуы
Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: