Процедураны аяқтау
Жұқпалы аурудан (инфекциядан) сақтану үшін қолыңызды жуып, құрғата сүртіңіз.
Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
1.Белсенді
2.Енжарлы
3.Мәжбүрлі
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып – науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное- өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.
Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады.
Достарыңызбен бөлісу: |