Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу. Сабақ түрі: Дәстүрлі



жүктеу 2,85 Mb.
бет6/10
Дата10.02.2018
өлшемі2,85 Mb.
#9333
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4 тапсырма

Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек? Ж: Құрал-саймандар тақтасындағы батырмалар жиі қолданылатын командаларға жылдам қатынау үшін қолданылады.



Құралдардың атауын жаз.

1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.

1. Түрі 2. Кері ауысу 3. Алға қарай өту 4. Бір деңгейге жоғары ауысу 5. Буферден кірістіру 6. Буферге көшіру 7. Буферге қиып алу 8. Баспаға беру 9. Сақтау



5 тапсырма

Шиыру жолақтары қай кезде пайда болады? Ж: Егер терезенің биіктігі мен ені оның мазмұнын толық көрсетуге мүмкіндік бермесе, мұндай терезеге шиыру жолағы қосылады.



Элементтерінің атауын жаз.










6 тапсырма

Терезелер арасында ауысу.

Активті терезенің белгілері қандай? Ж: Активті терезе басқа терезелерден жоғары орналасады. Оның тақырыбы өзгешеленіп тұрады. Оған сәйкес есептер тақтасындағы батырмасы басулы болып көрінеді.

Терезені активті түрге қалай келтіреміз? Ж: 1 тәсіл: терезенің кез келген жерінде шерту. 2 тәсіл: есептер тақтасындағы сәйкес батырманы шерту.



7 тапсырма

Сөйлемді аяқта.

Егер команда сұр түспен салынған болса, онда оған қатынау мүкін емес, яғни ол активті емес болып табылады.

Оны активті қылу үшін обьектіні ерекшелеу керек.



таңбашасы функцияның активті жағдайда екенін білдіреді. Оны алып тастау үшін, осы команданы шерту керек.

таңбашасы команданың бағыныңқы менюі бар екенін білдіреді. Мұндай команданы таңдағанда, экранға бағыныңқы меню шығарылады.
Тапсырмалар орындалып болған соң тексеріледі. Оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма анықтамаларды жаттау. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.
Сабақ мақсаты: а) Windows XP жұмыс столы тақырыбы бойынша оқушылардың білім мен біліктілігін бекіту.
Б) Операциялық жүйенің негізгі әрекеттерін меңгерту.
В) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, жұмыс столы

Сабақ түрі: ПРактикалық жұмыс

Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру.

Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Компьютерде орындалатын практикалық тапсырмалар беру

Оындалған жұмысты талдау, пікірталас жүргізу

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:


  1. Терезенің анықтамасын бер.

  2. Терезенің қандай түрлері болады?

  3. Терезе элементтерін ата.

  4. Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?

  5. Шиыру жолақтары қай кезде пайда болады?

  6. Активті терезенің белгілері қандай?

  7. Терезені активті түрге қалай келтіреміз?

  8. Меню дегеніміз не?

  9. Созылған меню қай уақытта пайда болады?

Жаңа сабақ Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.
Жаңа сабақты практикалық жұмысты компьютерде орындаудан бастаймыз.
Терезе элементтері мен оның өлшемдерін өзгерту тәсілдері.

  1. «Мой компьютер» терезесінің тақырыптар аумағын, жималау, жаймалау батырмаларын, жүйелік меню белгішісін тап.

  2. Терезені экран бойында жылжытыңдар.

  3. Терезенің биіктігі мен енін өзгертіңдер.

  4. Терезеде айналдыру (шиыру) жолақтары пайда болатындай етіп өлшемін өзгерт.


Windows – тың негізгі ұғымдарын бекіту, «Активті терезе», Windows-тағы тізімдер мен ауыстырып-қосқыштар.

  1. Экранда 5 терезе ашыңдар. Олардың әрқайсысын кезекпен тікелей терезеде шертіп, барлық терезелерді активті қалыпқа келтіріңдер.

  2. Пернетақтаның берілген қаріпін ауыстырыңдар. Есептер тақтасындағы пернетақтаның индикаторы қалай өзгерді?


Жұмыс столының қасиеттерін баптау.

  1. «Свойства» диалог терезесін ашыңдар (маустың оң жағы арқылы). Жұмыс столы үшін сурет немесе өрнек түрін таңдаңдар.

  2. Обьемныйтекст заставкасын таңдаңдар. Оның параметрлерін өзгетріңдер.


Обьектілерді іздеу.

  1. Пуск – Найти – Файлы и папки командасын орындаңдар.

  2. Файл немесе папканы аты бойынша іздеуді қарастырамыз. Файл аты өрісіне :

    1. *.* жазуын енгізіп Найти басыңдар. Нәтижені талдаңдар.

    2. А*.doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

    3. *н.doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

    4. А???р.doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

    5. ?????. doc жазуын енгізіп, найти шертіп нәтижені талдаңдар.

Сұрақ: ? және * символы нені білдіреді. Олар обьекті іздеу кезінде қалай қолданылады.
Алғашқы үш тапсырма оқушылрадың өздігінен орындалып, соңғы тапсырма мұғалімнің көмегімен орындалады. Талдау мұғалімнің бақылауымен жүреді.

Бекіту сұрақтары:



  1. Windows – та экран фонын қалай өзгертуге болады?

  2. Windows – та экран заставкасын қалай өзгертуге болады?

  3. Жұмыс столы дегеніміз не?

  4. Активті терезе деген не? Ашылып тұрған бірнеше терезенің қайсысы активті екенін қалай анықтауға болады?

  5. Терезені активті қалыпқа қалай келтіреміз?

  6. Жабу және Жималау ұғымдарының айырмашылығы неде?

  7. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  8. Оның негізгі міндетері қандай?

  9. Windows операциялық жүйесімен жұмысты аяқтау реті қандай?

  10. Мауспен обьектіні қалай белгілеуге болады?

  11. Белгілеуді қалай алып тастауға болады?

  12. Обьектіде екі рет шерту қандай нәтиже береді?

  13. Басқару элементтеріне не жатады?

  14. Обьектілерге нелер жатады?

  15. Қапшықтың қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма айтылған тықырыптарды оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.



сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу. Қапшық құру, таңбаша жасау.

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға құжаттар мен программаларды қосу тәсілдерін, қапшық құру мен таңбаша жасауды меңгерту.


Б) ҚҰжаттар мен программаларды қосудың әртүрлі тәсілдерін, жұмысты жеңілдету үшін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
В) Компьютерде жұмыстанудың тиімді тәсілдерін меңгерту, сауаттылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Тапсырмалар жазылған карточкалар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Сабақ әдісі: Компьютерде практикалық жұмыс орындату

Сабақ типі: Жаңа білімде меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырмалар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА?

Үй тапсырмасы Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.

Сұрақтар:


  1. Windows – та экран фонын қалай өзгертуге болады?

  2. Windows – та экран заставкасын қалай өзгертуге болады?

  3. Жұмыс столы дегеніміз не?

  4. Активті терезе деген не? Ашылып тұрған бірнеше терезенің қайсысы активті екенін қалай анықтауға болады?

  5. Терезені активті қалыпқа қалай келтіреміз?

  6. Жабу және Жималау ұғымдарының айырмашылығы неде?

  7. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  8. Оның негізгі міндетері қандай?

  9. Windows операциялық жүйесімен жұмысты аяқтау реті қандай?

  10. Мауспен обьектіні қалай белгілеуге болады?

  11. Белгілеуді қалай алып тастауға болады?

  12. Обьектіде екі рет шерту қандай нәтиже береді?

  13. Басқару элементтеріне не жатады?

  14. Обьектілерге нелер жатады?

  15. Қапшықтың қандай түрлері бар?

Жаңа сабақ: Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу. Қапшық құру, таңбаша жасау.

Жаңа тақырып компьютерде практикалық жұмыс орындау кезінде көрсетіліп, түсіндіріледі.

Ұсынылатын практикалық жұмыс:



1-тапсырма:

«Проводник» қолданбасы дегеніміз не?

1. Пуск-Программы-Стандартные-Проводник командасын орында.

2. Терезенің сол жақ бөлігінен Мои документы қапшығын белгіле. Терезенің оң жақ бөлігінде не көрінді?

3. Мои документы қапшығының алдыдағы «+» таңбасын шерт. Қандай өзгеріс болды?

4. Мои документы қапшығының алдындағы «-» таңбасын шерт. Қандай өзгеріс болды?

Жауап ізделетін сұрақтар: 1.Проводник қолданбасы не үшін қолданылады?

2. Терезенің сол жақ бөлігінде не орналасқан?

3. Терезенің оң жақ бөлігінде не көрінеді?

4. Қапшықтың алдындағы «+» таңбасы нені білдіреді?

5. Қапшықтың алдындағы «-» таңбасы нені білдіреді?



2-тапсырма:

Программаны іске қосудың 3 тәсілі.

1-тәсіл: «Мой компьютер» арқылы.

2-тәсіл: «Проводник» қолданбасы арқылы.

3-тәсіл: «Пуск» батырмасы арқылы.

Бірінші және екінші әдістер өте күрделі. Мұны алдағы уақытта қосымша қарастырамыз. Бүгін 3-тәсіл, «Пуск» батырмасы арқылы қосуды қарастырамыз.
Тапсырма: «Пуск» батырмасы арқылы 1. Блокнот қолданбасын іске қос.

2. Microsoft Word программасын іске қос.

3. Компьютерлік сауаттылық программасын іске қос.

3-тапсырма:

Құжатты ашудың 3 тәсілі.

1. «Мои документы» арқылы. (Мои документы қапшығын ашып, қажет құжатта екі рет шертеді)

2. «Проводник» қолданбасы арқылы. (Проводникті іске қосып, сол жақта Мои документы қапшығын белігілеп, оң жақтан қажет құжатты екі рет шертеді)

3. «Пуск» батырмасы арқылы. (Пуск-Документы командасын орындап, қажет құжатты таңдайды)



Тапсырма: «Мои документы» арқылы 7-класс құжатын аш.

«Проводник» арқылы 7-класс құжатын аш.

«Пуск» батырмасы арқылы 7-класс құжатын аш.

4-тапсырма:

Жаңа қапшық құру.

Файлдар көбейген сайын оларды бір қапшықта орналастыру тиімсіз. Ол үшін кейбір файлдарды біріктіріп, бір файлға салу керек. Бұндай жағдайда жаңадан қапшық құру керек.



Жаттығу тапсырмасы:

«Жұмыс столында» жаңа қапшық құру:

1. Жұмыс столының бос жерінде маустың оң жағын шертіп, Создать-Папку командасын орындайды.

2. Экранда Новая папка қапшығы пайда болады да, курсор оның аты өрісінде орналасады.

3. Delete пернесін басып, содан соң қапшықтың жаңа атауы ретінде Компьютер атауын енгіз.

4. Enter пернесін бас.

5. Жұмыс столында Компьютер атты жаңа қапшық пайда болады.



«Қапшық ішінде» жаңа қапшық құру:

1. Жаңа құрылған Компьютер қапшығын ашып, Файл-Создать-Папку командасын орындайды.

2. Терезенің жұмыс аймағында Новая папка қапшығы пайда болады да, курсор оның аты өрісінде орналасады.

3. Delete пернесін басып, содан соң қапшықтың жаңа атауы ретінде Информатика атауын енгіз.

4. Enter пернесін бас.

5. Комптютер қапшығының ішінде Информатика атты жаңа қапшық пайда болады.



Тапсырма: «Жұмыс столында» Дүйсенбі атты жаңа қапшық құр.

«Дүйсенбі» қапшығының ішінде Сейсенбі қапшығын құр.

«Сейсенбі» қапшығының ішінде Сәрсенбі қапшығын құр.

«Сәрсенбі» қапшығының ішінде Бейсенбі қапшығын құр.

«Бейсенбі» қапшығының ішінде Жұма қапшығын құр.

«Жұма» қапшығының ішінде Сенбі қапшығын құр.

«Сенбі» қапшығының ішінде Жексенбі қапшығын құр.
5-тапсырма:

Таңбаша жасау.

Таңбаша – нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. ОЛардың қапшық белгісінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген стрелкасы (бағдарша) бар.Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе бағдарламаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды. Таңбашаның негізгі міндеті – қажет болатын әр түрлі жерлерден оның бірнеше көшірмесін жасамай, обьектіге қатынауды қамтамасыз ету.

Таңбашалар жасааудың екі тәсілі бар:



1-тәсіл: (Алып бару тәсілі)

Маустың оң жақ батырмасы арқылы:

1. Таңбаша жасайтын обьектіні белгілейді.

2. Обьектіні маустың оң жақ батырмасын басып тұрып, басқа орынға жылжытады.

3. Қажет жерге апарған соң маус батырмасын босатып, шыққан динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдайды.

4. Апарған жерде белгіленген обьектінің таңбашасы пайда болады. Таңбашаны кез келген жерге тасымалдауға болады.

Маустың сол жақ батырмасы арқылы:

1. Таңбаша жасайтын обьектіні белгілейді.

2. Обьектіні маустың сол жақ батырмасын және Alt пернесін басып тұрып, басқа орынға жылжытады.

3. Қажет жерге апарған соң маус батырмасын және Alt пернесін босатады.

4. Апарған жерде белгіленген обьектінің таңбашасы пайда болады. Таңбашаны кез келген жерге тасымалдауға болады.

2-тәсіл: (Динамикалық меню командасы көмегімен)

1. Таңбаша жасайтын обьектіні белгілейді.

2. Обьектіде маустың оң жақ батырмасын басып (маусты қозғамайды), шыққан динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдайды..

3. Экранда белгіленген обьектінің таңбашасы пайда болады. Таңбашаны кез келген жерге тасымалдауға болады.



Тапсырма: Жұмыс столындағы Дүйсенбі қапшығының таңбашасын аталған 3 түрлі әдіспен жаса.

Әрбір таңбашаны екі рет шерт. Экранда 3 терезе ашылады. Не байқадың?


Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу. Компьютерде жасалған жұмыстарды қайталап жаттығу.

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.



сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтар құрылымы.

Сабақ мақсаты: а) Файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет, ұғымдарымен таныстыру.


Б) Файл мен қапшықтың айырмашылығын ажыоаты білуге үйрету. Қапшықттар құрылымын көрсету.
В) Оқушыларға практикалық біліммен бірге теориялық білімнің қажеттілігін түсіндіру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар. Плакаттар.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап арқылы.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үй тапсырмасы Бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу. Қапшық құру, таңбаша жасау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:


  1. Бағдарламаны іске қосудың қандай жолдарын білесің?

  2. Құжатты ашудың қандай жолдарын білесің?

  3. Проводник қолданбасы не үшін қажет?

  4. Проводник қолданбасының терезесінің қапшық терезесінен айрмашылығы қандай?

  5. Қапшық құрудың қандай тәсілдерін білесің?

  6. Таңбаша құрудың қандай тәсілдерін білесің?

Жаңа сабақ Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтар құрылымы.

Қапшықтар мен файлдар Windows-тің обьектілеріне жатады. Қапшықтар компьютерде белгілі бір тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды. Қапшықтар иерархиясын Проводник қолданбасының сол жақ бөлігінен көруге болады. Немесе оны мына схмадан көруге болады:


Мұнда схемадан көріп отырғандай Жұмыс столы қапшығы қапшықтар иерархиясының шыңы болып табылады. Яғни ол барлық қалған қапшықтар үшін аналық қапшық болып табылады.

Қапшықтар типіне қарай жүйелік және жұмыс қапшықтары болып бөлінеді.

Операциялық жүйенің обьектілері жүйелік қапшықтарда сақталады. Жүйелік қапшықтарға қандай да бір өзгерістер енгізілсе, жүйе жұмысы бұзылуы мүмкін.

Жүйелік қапшықтарға WINDOWS, Program Files және программалар құрған қапшықтар жатады.

Жұмыс қапшықтарына өздерің құрған немесе сендер үшін жүйе құрған қапшықтар жатады. Мысалы, Мои документы қапшығы.

Файл дегеніміз не?

Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Мұндай ақпарат қандай да бір тұрақты жадтайтын құрылғыға, мысалы дискетаға немесе винчестерға жазылады және оны көптеген өзіне ұқсас файлдардан ажырату үшін нақты бір аты болады.

Файлдардың негізгі типтері: құжатар, суреттер, программалар.

Файлға ат бергенде мыналарды есте сақтау керек.


  1. Файлдардың аты мен кеңейтілуі болады.

  2. Файлдардың аты бос орынды есептегенде 255 символдан аспауы керек. Бірақ кейбір басқа жүйлерде мысалы, MS-DOS жүйесінде 8 символдан аспауы керек.

  3. Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші және латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды: дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,), {,} қолдануға болады.

  4. Файлдардың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), сұрақ белгісі(?), бөлгіш (/), үлкен(>), кіші (<), тырнақша («»), кері көлбеу сызық (\), тік сызық () қолдануға болмайды.

  5. Файл кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан кейін нүкте арқылы ажыратылады.

Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады:

  1. txt, doc, dot, rtf – мәтіндік файлдар.

  2. exe, com – бағдарламалар және қолданбалар файлдары.

  3. bat – командалық файл.

  4. bmp – графикалық файл.

  5. htm – Web-Internet беті.

  6. rar, arj, zip – архивтік файлдар.

  7. hlp – анықтама файлдары.

  8. lib, obj, dll – кітапханалық файлдар.

  9. bas – Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні.

  10. bac – ескі файлдар көшірсмесі.

  11. sys – жүйелік файл.

  12. dbt – деректер базасы.

Файл атын оның мазмұннына сай беру керек.

Файлдардың барлығының (ата мен кеңейтілуінен басқа) келесі сипаттамалары (атрибуттары) бар:



    • өлшемі (берілген файлда бар ақпарат көлемі),

    • типі (жүйеде берілген файлдың кеңейтілуін қалай түсінетінін мағынасын ашу),

    • өзгерту уақыты (файл қашан құрылғанын және соңғы өзгерту қашан енгізілгенін көрсетеді).

Файлдар терезелерде немесе жұмыс столында белгіше түрінде көрсетіледі. Оның астында файл аты көрсетіледі.
Тақырыпты бекіту тапсырмалары:

Сұрақтар:



  1. Файл дегеніміз не?

  2. Иерархия дегеніміз не?

  3. Қапшықтар типіне қарай қалай бөлінеді?

  4. Жүйелік қапшықтарға қандай қапшықтар жатады?

  5. Жұмыс қапшықтарына қандай қапшықтар жатады?

Файлдардың аттары қандай болады? Оларды адам атымен салыстырыңдар. Атаудың оң жақ және сол жақ бөлігі нені көрсетеді.

Файл аты

Сол жақ бөлігі Оң жақ бөлігі

Аты.типі

Адам аты мен файл аттары ұқсас болады.

Адаматары қалай құрылған? Адамның толық аты-жөні, атынан және тегінен (фамилиясы) тұрады. Адам аты оны басқа адамдардан айыру үшін қажет. Адамға атты ата-анасы өздерінің қалауы бойынша қояды. Тегі оның қандай жанұядан екенін білдіреді және оған автоматты түрде беріледі.

Файл аттары да шамамен солай құрылған. Сол жақ бөлігі, оны басқа файлдардан ажыратуға арналған, пайдаланушы оны өзі таңдайды. Ал оң жағы, бұл файл қандай қолданбада құрылғанын көрсетеді және файлға автоматты түрде меншіктеледі.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.




сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Обьектілермен жұмыс істеу.

Сабақ мақсаты: а) Обьектілерді жылжыту және көшіру тәсілдерін, обьектілердің атын өзгерту тәсілдерін, обьектілерді жою және қалпына келтіру тәсілдерін меңгерту.


Б) Обьектілермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Жұмыс кезінде ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, практикалық жұмыстар жасату.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау


Үй тапсырмасы Файлдар мен қапшықтар.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:



  1. Файл дегеніміз не?

  2. Иерархия дегеніміз не?

  3. Қапшықтар типіне қарай қалай бөлінеді?

  4. Жүйелік қапшықтарға қандай қапшықтар жатады?

  5. Жұмыс қапшықтарына қандай қапшықтар жатады?

  6. Таңбаша дегеніміз не?

  7. Таңбаша белгісінің басқа белгішеден айырмашылығы неде?

  8. Егер файлдың таңбашасы жойылған кезде не болады?

  9. Таңбашаның негізгі міндеті қандай?

  10. Таңбаша жасаудың қандай тәсілдерін білесің, қандай тәсілді көп қолданасың?

Жаңа сабақ: Обьектілермен жұмыс істеу.

Жаңа сабақ компьютерде практикалық жұмыс орынду кезінде түсіндіріледі. Алдымен теориясы жазылған карточка оқушыларға үлестіріліп, сол бойынша артынан практикалық тапсырмалар беріледі.

Каорточка мазмұны:

Windows обьектілерімен жұмыс жасағанда олармен мынадай әрекеттер жасауға болады:



    1. Обьектілерді жылжытуға (переместить) болады.

    2. Обьектілерді көшіруге (копировать) болады.

    3. Обьектілердің атын өзгертуге (переименовать) болады.

    4. Обьектілерді жылжыту, көшіру, атын өзгерту операцияларын болдырмауға (отменить) болады.

    5. Обьектілерді жоюға (удалить) болады.

    6. Жойылған обьектілерді корзинадан қайта қалпына келтіруге(восстановить) болады.

    7. Корзинаны тазартуға (очистить корзину) болады.

Обьектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орнынан жоқ болып кетеді.

Обьектіні көшіргенде обьект бұрынғы орнында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырылады.

Обьектілерді көшіру мен жылжытудың бірнеше тәсілі бар.

1. Маустың оң жақ батырмасы көмегімен

Обьектіні қапшық терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін , маус нұсқағышын обьектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға орналастырып, батырманы босатады. Содан соң экранда пайда болған динамикалық менюден көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса Переместить командаларының бірін таңдауға болады.



2. Маустың сол жақ батырмасы көмегімен

Маустың сол жақ батырмасымен обьектіні жылжытқанда , Ctrl немесе Shift пернелерін қолдануға болады.

А) Егер жылжыту кезінде Shift пернесі басулы тұрса онда таңдалған обьекті жылжытылады.

Б) ) Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса онда таңдалған обьекті көшіріледі.



3. Меню командалары арқылы обьектілерді көшіру және жылжыту.

Обьектілерді жылжытқанда Алмасу буферін қолданған кейбір кездерде ыңғайлы болады.



Алмасу буфері – жылжытылатын немес көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.

Алмастыру буфері көмегімен деректерді әртүрлі құжаттар мен қолданбалар арасында алмастыруға болады. Алмастыру буферін қолданғанда алдымен оған деректерді орналастырып, содан кейін алып қажетті құжатқа кірістіреді. Алмастыру буферіндегі ақпаратты көп рет кірістіруге болады.



Алмастыру буфері арқылы обьектіні жылжытқанда:

  1. Обьектіні маус көмегімен белгілейді.

  2. Правка-Вырезать командасын орындайды.

  3. Қабылдаушы қапшықты ашады.

  4. Правка – Вставить командасын орындайды.

Алмастыру буфері арқылы обьектіні көшіргенде:

  1. Обьектіні маус көмегімен белгілейді.

  2. Правка-Копировать командасын орындайды.

  3. Қабылдаушы қапшықты ашады.

  4. Правка – Вставить командасын орындайды.

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту.

Обьектілердің аттарын өзгертудің 4 түрлі тәсілі бар:



  1. Қажет обьектіде маустың оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық менюден Переименовать командасын таңдау керек.Сонда обьектінің ескі атының төңірегінде жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа атенгізіп Enter пернесін басыңдар.

  2. Маустың сол жақ батырмасын шертіп обьектіні белгілеп, қапшық терезесінің менюіндегі Файл-Переименовать командасын орындаңдар. Сонда обьектінің ескі атының төңірегінде жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа ат енгізіп Enter пернесін басыңдар.

  3. Обьектіні белгілеп, кішкене уақыттан соң оның атының үстінде тағы бір рет шертіңдер. Сонда обьектінің ескі атының төңірегінде жақтау пайда болады. Енді оған пернетақтадан жаңа атенгізіп Enter пернесін басыңдар.

  4. Обьектіні белгілеп алып, Ғ2 пернесін басыңдар да, жаңа ат енгізіңдер.


Жылжыту, көшіру және атын өзгерту операцияларын болдырмау.

Егер орындалған әрекетті қажет емес деп тапсаңдар оны кері түзетуге болады.

Ол үшін соңғы орындалған әрекетті болдырмау үшін Правка-Отменить командасын орындайды.
Қапшықтар мен файлдарды, таңбашаларды жою.

Обьектілерді жою аса қауіпті қадам.Обьектіні ойланбай жою бағдарламаның дұрыс жұмыс істемеуіне немесе тіпті жүйенің бұзылып қалуына әкеледі. Жойылған обьектілер Корзина папкасына салынады. Корзинадағы обьектілер тіптен жойылғанша немесе қалпына келтірілгенше сақталады. Дискеттен жойылған обьектілер Корзинаға салынбайды.



Жою тек оқытушының бақылауымен жүргізілуі керек.

Обьектілерді жоюдың 4 түрлі тәсілі бар.



  1. Обьектіні белгілеп Delete пернесін басыңдар.

  2. Белгіленген обьектіде маустың оң жақ батырмасын басып, Удалить командасын таңдаңдар.

  3. Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп, қапшықтың терезесінің менюіндегі Файл-Удалить командасын орындаңдар.

  4. Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп, Жұмыс орнындағы Корзина папкасына апарыңдар.

Қай әдісті қолдансаңдар да экранда Өшіру қажет пе деген сұрау терезесі шығады. Егер Ия батырмасын шертсеңдер, онда өшірілетін обьектілер автоматты түрде Корзинаға салынады. Кейін оны Корзинадан алып қайта қалпына келтіруге болады. Егер сендер Жоқ бассаңдар онда обьект жойылмай бұрынғы орнында қалады.


Өшірілген қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды қайта қалпына келтіру.

Обьект Корзинада жойылғанша немесе қайта қалпына келтірілгенше сақталады. Корзинадағы обьектілерді көру үшін оны ашу керек.

Корзинадағы обьектіні өзі жойылғанша орналасқан қапшықта қалпына келтіру үшін:


  1. Обьектіні белгілейді.

  2. Файл-Восстановить командасын орындайды.

  3. Обьект өзі жойылған қапшықта қалпына келеді. Егер ол қапшық жоқ болса Windows қапшықты қайта құруға рұқсат сұрайды.

Корзинадағы обьектіні басқа кез келген қапшықта қалпына келтіру үшін:

  1. Обьектіні белгілейді.

  2. Правка-Вырезать командасын орындайды.

  3. Қажет қапшықты ашады.

  4. Правка-Вставить командасын орындайды.


Корзинаны тазалау.

Корзинада сақталатын файл жою алдында дискіде қанша орын алса, Корзинада да сонша орын алады.

Корзинадағы файлды жою үшін:


  1. Корзинаны ашады.

  2. Жою қажет файлдым белгілейді.

  3. Delete пернесін басады. Егер жоюға рұқсат берілсе онда файл біржолата жойылады.

Корзинаны толық тазалау үшін:



  1. Корзина белгішесінде маустың оң жақ батырмасын шертеді.

  2. Шыққан динамикалық менюден Очистить корзину командасын таңдайды немесе корзинаны ашып Файл-Очистить корзину командасын орындайды.

Тақырыпты бекітуге арналған практикалық жұмыс.


Практикалық жұмыс


  1. Жұмыс столында Ученик және Учитель атты папкалар құр.

  2. Учител папкасына Мои документы папкасынан 7-класс файлын көшір.

  3. Учитель папкасындағы осы файлды енді Ученик папкасына жылжыт.

  4. Ученик папкасындағы осы файлдың таңбашасын Учитель папкасына құр.

  5. Ученик папкасындағы файлдың атын Оқушы деп өзгерт.

  6. Учитель папкасындағы таңбашаның атын Мұғалім деп өзгерт.

  7. Оқушы файлын жой.

  8. Ученик папкасын да жой.

  9. Корзинадан Оқушы файлын қалпына келтір.

  10. Учитель және Ученик папкаларын жой.

  11. Корзинаны тазала.

Үйге тапсырма:

Сұрақтар:


  1. Обектілермен орындалатын қандай әрекетерді білесің?

  2. Жылжыту мен көшірудің айырмашылығы неде?

  3. Обьектілерді жылжытудың қандай тәсілдерін білесің?

  4. Обьектілерді көшірудің қандай тәсілдерін білесің?

  5. Алмасу буфері дегеніміз не?

  6. Алмасу буферіндегі ақпарат ұзақ сақтала ма?

  7. Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет қоюға (кірістіруге) болады?

  8. Обьектілердің атын өзгертудің қандай тәсілдерін білесің?

  9. Жлыжыту, көшіру және атын өзгерту операцияларын қалай болдыртпауға болады?

  10. Жойылған обьектілер қайда салынады?

  11. Обьектілерді жоюдың қандай тәсілдерін білесің?

  12. Корзинада обьекті қанша уақыт сақталады?

  13. Дискеттен жойылған обьектілер Корзинаға салына ма?

  14. Корзинадағы обьектілерді қалай қалпына келтіруге болады?

  15. Корзина не үшін тазартылады?

  16. Корзинаны қалай тазартуға болады?

Оқушылардың орындаған практикалық жұмыстары бағаланады. Үйге тапсырма жоғарыдағы сұрақтарға жауап беріп келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар



сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Дискілерді пішімдеу. Обьектілерді дискетке көшіру. қолданбалары.

Сабақ мақсаты: а) Дискілерді пішімдеу операциясы мен обьектілерді дискетке көшіру ерекшеліктерімен таныстыру.


Б) WINDOWS ОЖ стандартты бағдарламаларымен таныстыру. Негізгі стандартты бағдарламалардың тізіміміен және олардың арналуымен таныстыру.
В) Компьютермен жұмыстану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Дискета

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Тәжірибе элементтері бар көрсете түсіндіру.

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма берру.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:


  1. Обектілермен орындалатын қандай әрекетерді білесің?

  2. Жылжыту мен көшірудің айырмашылығы неде?

  3. Обьектілерді жылжытудың қандай тәсілдерін білесің?

  4. Обьектілерді көшірудің қандай тәсілдерін білесің?

  5. Алмасу буфері дегеніміз не?

  6. Алмасу буферіндегі ақпарат ұзақ сақтала ма?

  7. Алмасу буферіндегі ақпаратты қанша рет қоюға (кірістіруге) болады?

  8. Обьектілердің атын өзгертудің қандай тәсілдерін білесің?

  9. Жлыжыту, көшіру және атын өзгерту операцияларын қалай болдыртпауға болады?

  10. Жойылған обьектілер қайда салынады?

  11. Обьектілерді жоюдың қандай тәсілдерін білесің?

  12. Корзинада обьекті қанша уақыт сақталады?

  13. Дискеттен жойылған обьектілер Корзинаға салына ма?

  14. Корзинадағы обьектілерді қалай қалпына келтіруге болады?

  15. Корзина не үшін тазартылады?

  16. Корзинаны қалай тазартуға болады?

Жаңа сабақты бастаймыз. Жаңа сабақ Дискілерді пішімдеу. Обьектілерді дискетке көшіру. қолданбалары.

Жаңа дискетаға ақпарат жазбас бұрын оны пішімдеп алу керек. Пішімдеу (форматтау) – бұл дискетаны компьютерлік файлдар сақтауға дайындау. Кейбір дискеталар алдын-ала пішімделген күйде сатылады. Бұл өндірушілердің өздері инициализациялағанын білдіреді. Мұндай жағдайда оны пішімдеп керегі жоқ. Ал қатқыл дискіні өздіктеріңнен пішімдеуге болмайды. Бұл жағдайда ондағы барлық программалар мен деректер, сонымен бірге операциялық жүйе де қоса өшіріледі. Онда компьютер жұмыс жасамай қалады.

Сонымен пішімдеу (форматтау) дегеніміз – дискетаны берілген операциялық жүйемен жұмыс жасауға дайындау.

Дискілерді пішімдеу мына тәсілмен орындалады.



  1. Мой компьютер терезесін ашыңдар.

  2. А: дискісінің белгішесінде маус батырмасының оң жағын басыңдар.

  3. Форматировать командасын таңдаңдар.

  4. Қажетті пішімдеу тәсілін таңдаңдар.

    • Толық пішімдеу Диск жаңылысқан секторлардың бар-жоғына тексеріледі.

    • Жылдам пішімдеу Дискте бардың барлығы өшіріледі.

  5. Начать батырмасын басыңдар.

Обьектілерді дискетаға көшіру.

1-тәсіл.

  1. Дискжетекке дискетті салыңдар.

  2. Мой компьютер қапшығын ашыңдар.

  3. А: дискісін ашыңдар.

  4. С: дискісіндегі одан обьектіні көшіріп алғыларың келетін қапшықты ашыңдар.

  5. А: дискі мен қапшықтың терезелерін қатар орналастырыңдар.

  6. Деректер қапшығы терезесінен өздеріңе керекті файлды мауспен іліп алыңдарда , оны А: дискісінің терезесіне апарыңдар.

  7. Копирование терезесі пайда болады.

  8. Копирование терезесі экранда жоқ болып кетеді.

2-тәсіл.

Дискетке көшіретін файлдың үстінде маустың оң жағын басып, шыққан динамикалық менюден Отправить-Диск 3.5(А:) командасын орындаңдар.



Практикалық жұмыс.

  1. Дискжетекке дискетаны салыңдар.

  2. Дискетаны толық тәсілмен форматтаңдар.

  3. Мои документы папкасын ашып, одан кез-келген екі файлды дискетаға 2 тәсілмен көшіріңдер.

  4. Дискетаны ашып қараңдар.

  5. Дискетаны жауып, оны жылдам тәсілмен форматтаңдар.

Сабақтың қалған уақытында оқушылардан тест жұмысы алынады.



ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Информацияның өлшем бірлігі:

А КилоБут

В Байт

С Километр



D Мегадрайв

2. Дербес компьютерді іске қосу батырмасы:

A 110 v


B Power

C Reset


D Turbo

3. Обьектіні ерекшелеу үшін не қолданылады:

A Обьектіде маустың оң жағын бір рет шерт

B Обьектіде маустың оң жағын екі рет шерту

C Обьектіде маустың сол жағын екі рет шерту

D Обьектіде маустың сол жағын бір рет шерту

4. Маустың оң жақ батырмасы не атқарады:

A Программаны іске қосады.

B Контекстік менюді ашады

C Менюдің пунктін таңдайды

D Enter пернесі қызметін атқарады

5. Компьютерді сөндіру алдында:

A Розеткадан шнурды айыру керек

B Sleep пернесін басу керек

C Қажет емес файлдарды жою керек

D Барлық программаларды жабу керек

6. Компьютерді ток көзінен қай уақытта айыру керек:

A Экранға заставка шыққан кезде

B Экран түсі қара болған кезде

C Экранда маус курсоры көрінбеген кезде

D Экранда «Теперь питание компьютера можно отключить» жазуы пайда болғанда

7. Компьютердің жұмысын басқаратын негізгі құрылғысы:

A Маус


B Монитор

C Жүйелік блок

D Пернетақта

8. Компьютер нені өңдеуге арналған:

A Абстракцияны

B Ақпаратты

C Мотивацияны

D Цифрларды, белгілерді, иероглифтерді

9. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғыларын ата:

A Сканер және маус

B Принтер және трекбол

C Маус, пернетақта және кілемше

D Шина және пернетақта

10. 1 байт көмегімен қандай ақпарат өрнектеледі:

A 1 немесе 0-ден тұратын

B 1 символдан тұратын

C 1 сөзден тұратын

D 255 символдан тұратын

11. Пернетақтаның атқаратын қызметі:

A Ақпаратты символдық түрде компьютерге енгізу

B Кез келген ақпаратты компьютерге тез енгізу

C Тек қана командалар енгізу

D Дискіден оқу

12. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін не қолданылады:

A Жедел есте сақтау құрылғысы

B Тұрақты есте сақтау құрылғысы

C Сыртқы есте сақтау құрылғысы (дискета, қатқыл диск т.б.)

D Аталғандардың бәрі

13. Қатқыл диск қандай көлемде бола алады:

A 1,44 Мб

B 700 Мб

C 40 Гб


D 128 Мб

14. Диск қандай болады:

A Магнитті

B Қатты (твердый)

C Жұмсақ

D Сұйық

15. Пернетақтада қандай пернелер тобы бар:

A Әріптік-цифрлық

B Түзету пернелері

C Курсорды басқару пернелері

D Қосымша әріптік пернетақта

16. Пернетақта регистрін ауыстыратын перне:

A Shift


B Scroll Lock

C Alt+Shift немесе Ctrl+Shift

D Caps Lock

17. Enter пернесі:

A Болдырмау пернесі

B Енгізу пернесі

C Курсорды келесі абзацқа көшіру пернесі

D Курсорды келесі жолға көшіру пернесі

18. Қате символды өшіру пернесі:

A Enter


B Insert

C Delete

D Пробел

19. Caps Lock индикаторы жанып тұрған кезде:

A Тек орыс әріптері енгізіледі

B Арнайы символдар енгізіледі

C Бас әріптер енгізіледі

D Shift пернесін басқан кезде бас әріптер енгізіледі

20. Функционалдық пернелер қандай қызмет атқарады:

A Функцияның мәнін есептейді

B Әр перне әртүрлі программада әртүрлі қызмет атқарады

C Мәтінді форматтайды

D Терезелермен жұмыс атқарады

21. Windows дегеніміз:

A Графикалық редактор

B Операциялық жүйе

C Мәтіндік процессор

D Электрондық процессор

22. Windows-тің қосымшалары:

A Windows компоненттері

B DOS-программалары

C Windows құжаттары

D Калькулятор, Блокнот, Графикалық редактор

24. Обьектілер орналасқан экран:

A Windows терезесі

B Windows-тің жұмыс столы

C Windows тақтасы

D Windows –тің есептер тақтасы

25. Жарлық (таңбаша) дегеніміз:

A Файлдың бөлігі

B Программа немесе құжат атауы

C Программаға немесе құжатқа жасалған сілтеме

D Файлдың кеңейтілуі

26. Жарлықтың (таңбашаның) файлдан айырмашылығы неде:

A Жарлық белгісінде үшбұрыш болады

B Жарлық белгісінде стрелка болады

C Жарлық белгісінде әріптер болады

D Жарлық белгісінде пиктограмма болады

27. Программаны іске қосу үшін не жасау қажет:

A Жұмыс столындағы белгісінде маустың сол жағын шерту керек

B Жұмыс столындағы белгісінде маустың сол жағын екі рет шерту керек

C Жұмыс столындағы белгісінде маустың оң жағын екі рет шерту керек

D Жұмыс столындағы белгісінде маустың оң жағын шерту керек

28. Терезе дегеніміз не:

A Windows-тың негізгі элементі

B Шекарамен шектелген экранның ішкі аумағы

C Терезенің ішкі аумағында программалар ашылады

D Терезелер құрылымы мен жұмыс тәсілі ұқсас

29. Терезенің тақырып жолында не бар:

A Терезе тақтасының атаулары

B Программа немесе файл атауы

C Меню командалары

D Қалып-күй жолы

30. Терезені жинап қою (свернуть) үшін:

A батырмасында шерту керек

B батырмасында шерту керек

C Терезенің өлшемін кішірейту керек

D батырмасында шерту керек

31. Терезені жаймалау (развернуть) үшін :

A батырмасында шерту керек

B батырмасында шерту керек

C батырмасында шерту керек

D батырмасында шерту керек

32. Программаның іске қосулы тұрғанын қайдан білуге болады:

A Alt+Tab пернелерін басу керек

B Есептер тақтасына қарау керек

C Пуск менюінің пункттеріне қарау керек

D Басқа программа қосылмайды

33. Пернетақтадан енгізілген символ дисплей экранында қай жерден бастап орналасады:

A енгізілген координаты бойынша

B алдыңғы әріптен кейін

C кез келген жерден

D курсор тұрған жерден

34. Алмастыру буферіндегі ақпаратты қалай қоюға болады:

A Үзіндіні белгілеп, Правка → Вырезать

B Выделить все → Правка → Вставить

C Правка → Вставить из файла

D Правка → Вставить

35. Курсорды осы жолдың басына жылжытатын перне:

A F1


B Home

C Esc


D End

36. Курсорды осы жолдың аяғына жылжытатын перне:

A Enter


B End

C Tab


D Home

37. Ақпаратты енгізу құрылғысы:

A монитор

B принтер

C пернетақта

D модем

38. Ақпаратты шығару құрылғысы:

A сканер


B принтер

C пернетақта

D маус

39. Курсордың сол жағындағы қате символды өшіру үшін қолданылатын перне:

A Enter


B Caps Lock

C Delete

D Backspace

40. Курсордың оң жағындағы қате символды өшіру үшін қолданылатын перне:

A Enter


B Caps Lock

C Delete

D Backspace

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Тақырыбы: Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Сабақ мақсаты: а) Графикалық редактормен таныстыру.


Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Paint графиктік редакторы терезесі.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру, тапсырмалар орындату.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау


Өткен сабақта дискетаны форматтау және обьектілерді дискетаға көшіруді үйрендік. Өткен сабақ бойынша мынадай сұрақтарға жауап бере қойыңдар.

Сұрақтар:



  1. Дискетаны форматтау не үшін қажет?

  2. Форматтау дегеніміз не?

  3. Қандай форматтау тәсілдерін білесің?

  4. Обьектілерді дискетаға қандай тәсілдермен көшіруге болады?

Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалап, жаңа сабаққа көшемін.

Жаңа сабақ: Paint графиктік редакторы.Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Біз бүгін графикалық редактор тақырыбын бастаймыз. Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды. Біз бүгін Paint графиктік редакторымен жұмыс жасауды үйреніп бастаймыз. Бұл программа әртүрлі суреттерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді.



Программаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск-Программы-Стандартные- Paint Командалар орындалған соң экранға Paint графиктік редакорының терезесі шығады.









Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс –қара , фон түсі- ақ болып орнатылады.



Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстің үстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі – фон түсі, ол түстің үстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады.
жүктеу 2,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау