Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
|
Абжанова Мансия Сабикеновна
|
7 «А» сыныбы.
Оқушылар саны-7
8 «А» сыныбы-1
|
Еңбекшілдер ауданы
Макин орта мектебі
|
2-апта
|
11.12.2014ж
|
41-сабақ
|
Сабақтың атауы
|
Тақырыбы: Есімшенің түрленуі
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөздер
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі: Авторлары:С.Исаев, Г.ҚосымоваАлматы «Атамұра»-2012ж, 7
Қазақ тілі: Авторлары: С.Аманжолов,А.Аманжолов,Г.Қосымова.Алматы «Мектеп»-2004ж-8
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
7. а) Есімшенің түрлену жолдарын түсіндіру;ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
8. а) Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;. ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу; б) Сабақ бары-сында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді игерту
|
Әдіс-тәсілдері
|
Жеке,жұптық,топтық жұмыс, сұрақ-жауап, қорыту,талдау,бекіту, ауызша-жазбаша
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Тірек-сызба, карточкалар.
|
Күтілетін
нәтиже
|
1.Жұпта бір-бірінен үйрене алады және бағалауға дағдыланады .
2.Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйренеді.
3.Басқаны тыңдаудың және пікірлерді сыйлаудың маңыздылығын түсіне алады.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы жылы сөздер айтады. (2 мин)
|
Үй жұмысын тексеру (5 мин)
|
1. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
7-с. Өткенді қайталау.
8-с.76-жаттығу, ереже
|
Есімдіктер ережесін айтады, мысалда-рын оқиды.
Жақты, жақсыз сөйлемдер туралы ережені айтады, 76-жаттығуды оқиды.
|
Жаңа сабақ (30 мин)
Сабақтың барысы:
|
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
8-с. Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы ережені түсіндіремін. Мысалдар келтіремін.
7-с. Есімше-сөйлемде екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, ен-ді бірде есімдерше түрленіп есім қызметін атқарады.
8-с.77-жаттығумен жұмыс
7-с. 184-жаттығу. Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер.
|
Мысалдар келтіріп, ереже бойынша түсінгендерін айтады. (6 мин)
Айтқан есімшесін тәуелдеу, септеу.
(8 мин)
Көшіріп жазып, сызықшаның қойылу себебін анықтаңдар. Жай сөйлемдердің қайсысы жалаң,қайсысы жайылма екенін көрсетіңдер. (6 мин)
Айтар, баратын, білген, оқитын есімше-лерін тәуелдейді. (10 мин)
|
Бекіту.
|
3. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ой қозғау арқылы сұрақтар қоямын.
|
Сұрақтарға жауап береді. (3 мин)
|
Бағалау.
|
5. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сандарды қолдану арқылы бағалау.
|
Сандарды қолдану арқылы бір-бірін бағалайды. (3 мин)
|
Үй тапсырмасы
|
6. Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
7-с.108-б. 168-жаттығу, ереже.
8-с.86-б, 79-жаттығу, ереже.
|
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
(2 мин)
|
Достарыңызбен бөлісу: |