САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2016 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері
(сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Сабақтың мақсаты: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық тапсырма орындау, сұрақ-жауап, АКТ)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, қима қағаздар.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін үйреніп,оларды ажырата біледі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: (3-мин)1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Шаттық шеңберін құрады, бір-біріне тілек айтады.
3. Оқушыларды суреттермен 3 топқа бөлу, назарын сабаққа аудару.
Топтағыларға топтың ережесін қайталау, топтағы көшбасшысын таңдау, бағалау парағын тарату.
II. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
Миға шабуыл (сұрақ-жауап)
Сыныптағы әр оқушы бір сұрақ таңдап жауап береді. Топ басшысы бағалау парағын толтырып отырады.
1.Алгоритм дегеніміз не?
2. «Алгоритм» термині қай ғұламаның есімімен байланысты?
3.Алгоритмге мысал келтір
4.Алгоритмнің атқарушылары
5.Алгоритмнің неше қасиеті бар,ата.
6.Алгоритмнің дәл,айқындылық қасиетін қалай түсіндіресін?
7.Алгоритмнің берілу(жазылу) түрлері
8. Алг есептеу
Арг х
Нәт у
Басы
y:= 5*х*х-4
Соңы
Алгоритм қай түрде берілген?
9.
Қандай қызмет атқарады?
10.
Қандай қызмет атқарады?
11.
Қандай қызмет атқарады?
12.
Қандай қызмет атқарады?
13.Робот алгоритмнің атқарушысы ма?
14. Program №1;
Var x: integer;
Begin
Writeln(‘х енгіз’);
Readln (a, x);
y:=2*x -(x+8);
Writeln(‘y=’, y);
End.
Алгоритм қандай түрде берілген?
15. Алгоритм қандай түрде берілген?
1. Гулге су құятын ыдысты аламын.
2. Ыдысқа су құямын.
3. Гүлдің жанына барамын.
4. Гүлге суды құямын.
5. Су құйып болдым.
6. Ыдысты орнына апарып қоямын.
III. Жаңа сабақты түсіндіру: (Слайд) (10 мин)
Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.
Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Мысалы, «Үй салу алгоритмі».
1. Қолыңа қара, сары, қызыл, көк, жасыл түсті қарындаштар ал;
2. Үйдің суретін сал;
3. Шатырын қызыл түске боя;
4. Қабырғасын сары түске боя;
5.Терезесін көк түске боя;
6. Есігін жасыл түске боя.
2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе түйінді сөздері пайдаланылады.
Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда етік киеміз, әйтпесе туфли киеміз.
иә
жоқ
Етік киеміз
Туфли киеміз
Достарыңызбен бөлісу: |