Сөздіктердің түрлері
Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды лингвистиқалық, филологиялық және анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп бөледі.
Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталады.
Синонимдер сөздігі- бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды.
Омонимдер сөздік -тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды.
Фразеологиялық сөздіктер -тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер- жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік -сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді.
Терминологиялық сөздіктер- жеке ғылым салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады.
Лингвоелтану сөздігі- белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды.
Топонимикалық сөздіктер- жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар.
Ал енді, балалалар, осы кітапханадағы бар энциклопедиялар мен сөздіктермен жұмыс істеп көрсек қалай болар екен?!
3 топқа бөлінейік, әр топтарымыздың атауы болу керек.Спикер сайлау.
.
1 топ «Тапқырлар», 2 топ – «Жүйріктер», 3 топ – «Білімпаздар»....
1 топтың тапсырмасы:
1.Қандай анықтамалық басылымнан жылқы туралы табуға болады? а/«Қазақстан» энц. 4 том, энц., б/ Жануарлар энц. В/ Сүтқоректілер
а/ Орфографиялық сөздік,қазақ тілінің сөздігі
./3 тілге аудару/
2. Өсімдіктер суда қалай тіршілік ете алады?
(«Сұрақ-Жауап» энц. Табиғат әлемі. «Өсімдіктер мен санырауқұлақтар» )
2 топтың тапсырмасы:
1. Бұғы туралы қандай анықтамалық басылымнан табуға болады?
а/ «Қазақстан» 2 том, б/ Жануарлар энц. в/Сүтқоректілер /Шөпқоректілер/
а/Орфографиялық сөздік, қазақ тілінің сөздігі
/3 тілге аудару/
2. Цунами дегеніміз не? қандай анықтамалық басылымнан цунами туралы табуға болады? («Сұрақ-Жауап» энц. Жер планетасы. )
3 топтың тапсырмасы:
1.Қандай анықтамалық басылымнан көкек туралы табуға болады?
а/Құстар энц., б/«Қазақстан» энц. 5 том,
а/ Орфографиялық сөздік, қазақ тілінің сөздігі,
/3 тілге аудару/
2. Шаш қаншалықты тез өседі? («Сұрақ-Жауап» энц. Адам денесі.)
Энциклопедиялармен жұмыс істеу өте қызық әрі пайдалы, себебі энциклопедияларда көптеген құпиялар сақталған, сендер білмеген мәліметтерге өте бай. Мысалы балалар танымдық энциклопедиялары.
Ендеше, осы балалар танымдық энциклопедиясымен жұмыс істеп көрсек.
Әр топқа 2 сұрақ беріледі, кім сұраққа бірінші жауап тапса – 4 ұпай, екінші – 3 ұпай, үшінші – 2 ұпай, соңғы – 1 ұпайға ие болады.
1 топтың сұрағы: 1. Сүтқоректілер жер бетінде қашан пайда болған? (200 миллион жыл бұрын – «Сүтқоректілер» энцикл.), 2. Кеміргіштің қанша түрі бар? (1500 түрі бар «Сүтқоректілер» энц. Қояндар мен кеміргіштер айдары.)
2 топтың сұрағы: – 1.Әлемдегі ең үлкен өрмекші? (Құс жейтін өрмекші – голиаф, «Әлем кереметтері» - Ең үлкендер айдары), 2. Ең кішкентай мотоциклдің авторы кім? (Швециялық Виберг – «Әлем кереметтері» энц. - Ең қысқалар айдары)
3 топтың cұрағы:–1.Ұша алмайтын құстарды атаңдар,қай энциклопедиядан жауап таптыңдар. ( тинаму, пингвиндер, түйеқұс, нанду, казуар, киви, эму, «Құстар» энц. Ұша алмайтын құстар айдарында), 2. Неше жасар ит кәрі болып есептеледі? (12 жасар ит кәрі болып есептеледі «Жануарлар» энц. Ит тұқымдастар айдарында/
Сөздіктер достығы
(Қолдарына бір сөздіктен ұстап оқушылар шығады)
1 – Мен орфографиялық сөздікпін Сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығымын.. Мысалы: көбелек-көбөлек, бүгін-бүгүн, жұлдыз-жұлдұз, сендер осылай айтсаңдар да, мен дұрыс жазуды талап етемін. (слайд)
2 – Түсіндірмелі сөздік. Мен әрбір сөздің мағынасын ашып,түсінік беремін.
Мысалы: Азанда–азанғы мезгіл,таңертең ерте.Әшейін-белгілі мақсатсыз, жайша. Әшейін келдім.
3 – Қазақ-әдеби тілінің сөздігі. Мен әдеби сөздерді түсіндіруге көмектесемін. Тіл байлықтарыңды молайтып,көркем сөйлеуге жетелеймін.
Мысалы:
4- Тұрақты теңеулер сөздігі. Қазақ тілінде ежелден қалыптасқан тұрақты теңеулер кірген сөздікпін.
Мысалы:
5- Қазақша-ағылшынша-орысша сөздік. Мен бүгінгі заман талабына сай өте қажетпін. Сөздің қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын табуға көмектесемін.
Мысалы: кеш-вечер-evening
Сөздіктермен жұмыс істеу.
“Патриотизм” сөзінің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер? Оны қай сөздіктен іздеп табуымызға болады? /Адамның жақсы қасиеттерін айтады /
/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/
«Патриотизм» сөзінің синонимі. Қандай сөздікті пайдаландыңдар?
/ отаншылдық/ Синонимдер сөздігі.
“Құлшыну” сөзінің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер? Оны қай сөздіктен іздеп табуымызға болады? / Бір іске бар ниетімен ұмтылу.Құлшынып кірісті/
/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/
«Құлшыну» сөзінің синонимі. Қандай сөздікті пайдаландыңдар?
/ құлшыну-белсену/ Синонимдер сөздігі.
“Тәуелсіздік” сөзінің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер? Оны қай сөздіктен іздеп табуымызға болады? /Ұрда-жық мінез көрсету,дөрекілік істеу /
/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/
«тәуелсіздік» сөзінің синонимі. Қандай сөздікті пайдаландыңдар?
/ тәуелсіздік- еріктік, азаттық, бостандық / Синонимдер сөздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |