Сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады



жүктеу 483,77 Kb.
бет3/5
Дата09.01.2022
өлшемі483,77 Kb.
#31789
түріСабақ
1   2   3   4   5
Акашева Мөлдір-әдіс-тәсілдер қобдишасы-1

«Арқаға массаж жасау»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.
18.«Арқаға сурет салу»
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.


19.Ассоциацияның көмегімен көрініс»
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар, ұнататын жемісім – анар т.с.с.

Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.


20.«Атмосфера орнату»
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?
21.«Атомдар мен молекулалар»
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.

Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.

22.«Әріптер мен сандар» әдісі.
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
23.«Бағдаршам» әдісі.
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:

24.«Балалар философиясы»
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
25.«Бас бармақ»әдісі.
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
26.«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
27.«БББ» әдісі.
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?

Олар нені білгісі келеді?

Олар нені білді?

Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).

Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
26.«Бес саусақ» әдісі.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
27.«Блиц кездесу»
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

28.“ Ыстық орындық” әдісі.


Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

29.“Автор орындығы”


оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.

Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

30. «Миға шабуыл» стратегиясы.
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?"

31. “3 таяқша” әдісі


Берілген тақырыпқа байланысты

1 сұрақ


1 жауап

1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”.

32.«Бинго» ойыны.


Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.

Семинарға не үшін келдіңіз?

Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.

«Әдіс алмасу үшін.»

33?«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі.
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде

оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
34. «Он сұрақ!» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

35.«Серпілген сауал» әдісі.
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы,


“Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

“Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

“Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

36. «Құпия зат» әдісі.


– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:

Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ.

37. «Лездеме!» әдісі.
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

Конверттен бір сөзді бір рет алу

Сөздің өзін атамай түсіндіру

Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!


38.«9 - ромб» әдісі.
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
39. «Бірге ойлаймыз» әдісі.
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.

• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
40.Алма ағашы» әдісі

• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.


41.«Бір сөзбен» әдісі
- Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.


42«Табыс сатысы» әдісі.
кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН.


43. «Таңдау» әдісі.
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым

• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

• Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.


44.«Тазалық» ойыны.
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

1. Чемодан(суреті)

2. қоқыс жәшігі (суреті)

3. еттартқыш (Суреті)



- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).
45»Галереяны шарлау» әдісі.
Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
46.Сөз құрастыр»әдісі.
е,ш,т,б,р,ә,і,н,и
Би, ер, тер, іш, би, ет,Әбіш, әр.
к ,е,у,с,е,р,т
Ес,кес,кет,ту, ет,,есе,ер, кер,ек.
Ө,к,е,ш,д,е
Көшеде, кқше, көш, кеше, ек
47. Қазақ тілі сабағында балалардың тілдерін дамыту үшін мынадай сайыс сабақтың түрлерін айтқым келеді. Мақсаты: Оқушылардың тілдерін дамыту, логикалық ой - өрістерін дамыту.



  1. жүктеу 483,77 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау