Менің жанұям – менің бақытым
Мақсаты: Бағдарлы сыныппен жұмыс. Бағдар таңдаудағы ата – ананың рөлін күшейту. Оқушы іс -әрекетін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыларындыру. Ата – ана мен мектеп арасындағы қарым – қатынасты дамыту.
Өткізу формасы: Тренинг
Қажетті құралдар: Сандар, әріптер қимасы, қоржын, доп, қағаз, қаламсап.
Сабақ барысы:
І жүргізуші: Армысыздар жиналған қауым!
ІІ жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі заманымыздың басты міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие мен заман талабына сай қоғамда болып жатқан үлкен өзгерістерге байланысты білім беру. Жас ұрпақты тәртіпті, саналы, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат етіп қалыптастыру үшін ата – ананың, тәрбиеші мен мұғалімнің рөлі зор.
І жүргізуші: Тәрбие дегеніміз – баланың сезімін оятып, жақсылық жасауға, мәдениетті,
адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата салтын, ана тілін құрметтейтін, үлкенге – құрмет, кішіге - ізет жасай алатын адам етіп баулу деген сөз.
ІІ жүргізуші: Олай болса бүгін сіздер «Менің жанұям – менің бақытым» атты тренинг
сабаққа жиналып отырсыздар.
І жүргізуші: Бұл сабақтың өткізудегі мақсатымыз бағдар таңдау алдында тұрған сынып
оқушыларының іс -әрекетін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын
дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
ІІ жүргізуші: Сонымен бірге бала тәрбиесіне ата – ананың рөлін күшейту. Ата – ана мен
мектеп арасындағы қарым – қатынасты дамыту.
І жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Өйткені қоғамды
құратын адамзат атаулы отбасында өсіп өніп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
ІІ жүргізуші: Қоғамдық әлеует, қоғамдық ақыл – ой биігі өз тамырын осы ұядан тартады,
ұлттың діңі де осы жанұя. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне сенімділігі, баланың ата – анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік
парызын бір сәтке де есінен шығармауында.
І жүргізуші: Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен
адамгершілігінің белгісі. Ата – ананың үміті, арманы баласымен бірге
жасайды.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойын емес, оллаһи, біздікінің
Енжарлығы – елде жоқ – ала бөтен…
ІІ жүргізуші: Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып, қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап,
Бұлда бір күн алаудай жанар ма екен?!
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе – ау,
Болмасада топ жарған дана бөтен,
Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,
Жерге қарап, мен сорлы, қалар ма екем?
… Үміт пенен күдіктің ортасында,
Ата – ананың жүрегі талады екен!
І жүргізуші: Ия, қай ата – ана болмасын баласын жақсы азамат болып өсуін армандайтыны
анық. Олай болса бәріміз мектеп шаңырағында жиналып отырғандықтан бүгінгі
пікірлесу кешімізді бастасақ.
ІІ жүргізуші: Біз бүгін ата – ана мен оқушыны екі топқа бөлгіміз келіп отыр. Ол үшін мына қоржында әріптер мен сандар жасырылған. Сол сандар мен әріптерді оқушылар бір бірден алып ата – анасымен сандар бір столға, әріптер бір столға жайғасса.
І жүргізуші: Жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру жүйесі заман талабына сай қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты жүргізілуі тиіс. Бүгінгі заман талабы жеке тұлғаға бағытталған оқыту болып табылады. Бұл мектепте бағдарлы оқыту арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлы оқыту туралы ата – аналар қаншалықты біледі? Осы жөнінде ой бөліссек.
(Ата аналарға бағдар туралы сұрақтар қойылады.)
ІІ жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет.
Енді екі топқа «Менің тренингтік есімім» атты ойын ұйымдастырғым келіп тұр. Ол үшін жалпы тренинг туралы мәлімет бере кетсем. Тренинг деген не? Мақсаты қандай, қандай шарттары бар деген сияқты сұрақтарға жауап берсем.
Тренинг дегеніміз – белгілі бір тақырыпта өткізілетін бірлескен ұжымдық ойлау қабілетін дамыту жұмысы. Тренингтер ойын түрінде өткізіледі.
Негізгі мақсаты: 1.Ойын арқылы ойлау дербестігі мен сын көзбен қарауды дамыту;
2.Берілген тақырыпты толық талдай білуге, нақты айтуға үйрету;
3.Шешендік өнерді дамыту.
Тренинг шарттары: 1. Ситуацияларды, проблемаларды айқындап, қорытындылай білу;
2. Берілген уақытты тиімді пайдалана білу;
3.Өзін- өзі еркін ұстауға дағдылану;
4.Проблеманы шешу жолдарын іздестіру.
Тренинг туралы аз болса да мәлімет алдық, түсінікті болған шығар. Олай болса ойынымызға көшсек. Ойынның аты «Менің тренингтік есімім». Қазір екі топ мүшелері өздерінің есімдерінің бас әріптерін сын есіммен тіркестіріп айтуы керек. Екі топ алма кезек. Мысалы: 1. оқушы қажырлы Қанат, 2. ата – ана қажырлы Қанат, салмақты Сара, 3 оқушы қажырлы Қанат, салмақты Сара, көрікті Кәмшат деп ойын жалғасады.
Барлығы айтып болған соң екі топтан өз топтарындағы адамдардың аттары қаншалықты естерінде қалғандығы сұралады. Өз еркімен қайталап айтатын оқушы немесе ата –ана бар ма? Сабақ соңына дейін оқушыда, ата –ана да осы тренингтік есімімен аталуы тиіс.
Ән
І жүргізуші: Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, – дегендей, баланың ыстығына – суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата- ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушысы, демеушісі – ата – ана. Қазіргі таңда бала тәрбиесіне ата – аналар қаншалықты көңіл бөліп отыр. Осы сұрақ жөнінде бейнекөріністі тамашалсақ.
Пікірталас туындайды.
ІІ жүргізуші: Пікірлерініңізге рахмет!
Енді екі топқа «Кім екенін тап?» тренингін өткізгелі отырмын. Ойын шартымен таныс болсақ: Ең алдымен бірінші топтан бір оқушы мен ата – анасын сыртқа шығарамыз. Өз қалаулары бойынша. Екінші топ бір оқушы мен ата – ананы сайлап солар туралы мінездеме жасайды. Топтағы әрбір ойыншы, тіпті мінездеме өзіне құрастырған ойыншы да өзі туралы мінездеме жасайды. Мысалы: сол адамның көңіл – күйін, мінез – құлығын, бет әлпетін тағы басқа қасиеттерін әртүрлі заттарға, ауа – райына, жан – жануарға тағы басқаға теңеу керек. Сол теңеу бойынша сырттағы оқушы мен ата – ананы шақырып мінездеме жасаймыз. Сол адамның кім екенін табуы тиіс. Осылай ойын жалғасады. Қарама – қарсы топтан да оқушы мен ата – ана өз қалауымен сыртқа шығады.
І жүргізуші: Ситуациялық сұрақтар.
Екі топқа оқушыға және ата – анаға кездейсоқ жағдайлардан қалай шығуға болады деген сұрақтар беріледі.
І топ: Ата – аналарға:
1. Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әдеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз?
2. Балаңыз күнде бірінші сабақтан кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса алмайды. Қалай жөнге келтіресіз?
ІІ топ: Ата – аналарға:
1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата- аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызға қандай тәрбие бересіз?
2. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
І топ: Оқушыларға:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешеіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істер едіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Жауабы: Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.
ІІ жүргізуші: «Жанұя» ойыны. Бұл ойынның мақсаты: Ата – ана баласын қаншалықты біледі,
яғни таниды. Ата – аналарға доп беру арқылы бірнеше сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға тез арада жаңылмай жауап беруі керек. Сұрақтар:
Балаңыздың туған жылы мен күні?
Сынып жетекшісінің толық аты –жөні?
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Балаңыз сабақтан қандай бағаны көп алады?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңыз спорттың қандай түрі жақсы көреді?
Балаңыз 1- сыныпқа қай жылы барды?
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
Балаңыздың сүйікті пәні?
Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
Балаңыздың досы кім?
Балаңыздың қандай мамандықтың иесі болғанын қалайсыз?
Балаңыздың туған жылы, айы мен күні?
І жүргізуші: Бүгінгі «Менің жанұям – менің бақытым» атты тренинг сабағымыздың қорытындысын шығаратын кез де келіп жеткен сияқты. Олай болса «Ашығын айтсам…» айдары бойынша бірнеше сұрақтары бар бланк беріледі. Сол сұрақтарға ата – ана баласы екеуі пікірлесе отырып жауап беру керек. Осыған сәйкес өтілген тренингтік сабақтың қорытындысы шығарылады.
Ашығын айтсам:
Тренингтің өткізілген күні___________________________
Менің тренингтік есімім_______________________________________________________
Сабақ үстінде мен не түсіндім?_________________________________________________
Мен еркін бола алдым ба______________________________________________________
Сабақ үстінде менде мүмкіндік болмады_________________________________________
Бәрінен маған мына жаттығу ұнады_____________________________________________
Қандай ұсыныс, пікіріңіз бар?__________________________________________________
Ата – ананың аты – жөні:_______________________
Оқушының аты – жөні:________________________
Ән: биология пәнінің мұғалімі Баймұратова Жазираның орындауында «Ана туралы» жыр.
І жүргізуші: Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой- өлкесі, – деп Абай атамыз ата – ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата – аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.
ІІ жүргізуші: Алдымен сүй, ардақта ата – анаңды,
Үлгі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата – анаға сәлем айтқан ән – жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған – дей келе құрметті оқушылар ақ сүт беріп әлпештеген аяулы аналарымызды, асқар таудай биік отбасының қорғаны болған әкелерімізді құрметтейік, еңбегін ақтайық дегім келеді.
І жүргізуші: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға
кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп, ата- бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байлыныста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |