Сабақ №1 Информатика 7 сынып Күні: Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру



жүктеу 55,99 Kb.
Дата31.01.2018
өлшемі55,99 Kb.
#8226
түріСабақ

Сабақ №1 Информатика 7 сынып Күні:_________

Сабақтың тақырыбы :Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік - Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, нұсқау беру журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері

Рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер



  • Кабинетке сырт киіммен, былғаннан аяқ киіммен, үлкен заттармен кіруге;

  • Кабинетте жүгіруге, қатты айқайлап сөйлеуге;

  • Басқа оқушыларға кедергі келтіруге;

  • Үстелге портфель мен сөмкелер қоюға;

  • Өтетін жолдарды бөгеуге;

  • Желі сымдарын қосуға;

  • Компьютердің құрылғыларын қосып, ажыратуға болмайды.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер



  • Өз бетіңмен желіні қосуға;

  • Өзіңді нашар сезінгенде жұмыс істеуге;

  • Сынған техникамен жұмыс істеуге;

  • Кабельді қосып, ажыратуға;

  • Ылғал және лас қолмен жұмыс істеуге;

  • Мониторларды, кабельдерді, құбырларды, батареяларды ұстауға;

  • Пернетақтаға бірдеңе қояға;

  • Өз бетінмен сынғанды жөндеуге болмайды.

Мұғалімнің рұқсатынсыз:

  • Мониторлар мен компьютерлерді қосып, өшіруге;

  • Құлаққаптарды қосуға;

  • Бөгде программаларды қосуға;

  • Ғаламтор желісіне қосылуға;

  • Мұғалімдердің үстелінен тасығыштарды алуға;

  • Мұғалімнің компьютерінде жұмыс істеуге болмайды.

Үзіліссіз жұмыс істеу уақыты

7-сынып оқушылары үшін үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 25 минут, ал күніне жалпы жұмыс уақыты 90 минутты құрайды. Экран мен көздің ара қашықтығы 60-70 см болуы керек.

Компьютерде жұмыс аяқталған кездегі қауіпсіздік ережелері


  • Жұмыс орнын ретке келтіру;

  • Барлық программалардың терезесін жабу;

  • Орындықтарыңды жылжытып орнына қою;

  • Берілген тапсырма жұмыстарын мұғалімге қайтару;

  • Қажет болса компьютерді өшіруге;

ІV. Сергіту сәті.

Көзге арналған жаттығулар көрсетіледі. (презентация)



Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.



Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.

  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

V.Сабақты қорытындылау

1-тапсырма

Тест

1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр

Ә) Ауа алмасуы (желдетуі) бұзылады

Б) Ұнамсыз

В) Экран жабылып қалады

2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

Ә) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

Б) Пернелерді ақырын басу

В) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу*

3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

Ә) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

Б) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

В) Арасында мониторды өшіріп отыру

4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

Ә) Компьютерді ажырату батырмасын басу

Б) Тұрып, кабинеттен шығу

В) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек?

А) 6 сағаттан

Ә) 45 минуттан

Б) 2 сағаттан

В) 15 минуттан

6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

А) Мұғалімді шақырамын

Ә) Ақауды өз бетіммен жоямын

Б) Компьютерді электр желісінен ағытамын

В) Сыныптасымнан көмек сұраймын



7. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?

А) 10-15 см

Ә) 20-30 см

Б) 40-50 см

В) 55-65 см

8. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:

А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін

Ә) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

Б) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

В) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды

2-тапсырма

Қауіпсіздік техника нұсқауы журналы қолдарын қою.



VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма
жүктеу 55,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау