Мағынаны тану кезеңі
Тыңдалым/ айтылымалды кезең
«Карусель». Жұптағы әңгіме. Жұптық жұмыс.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
Ғарыш деген не? Қандай қызықты ақпарат білесіз?
Аспан әлемі туралы не білесіз?
Галактика дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай аспан денелерін білесіңдер?
Жұлдыздар деген не? Шоқжұлдыз деп нені айтады?
Жұлдыздар неге кішкентай болып көрінеді?
Қ.Б «Бас бармақ әдісі»
Тыңдалым тапсырмасы:
Оқушылар аудиомәтін тыңдайды.Тыңдау барысында қажетті ақпараттарды «сөз бұлтына» жазып отыраады.
Топтық жұмыс. Тапсырма: тыңдалым мәтінін мұқият тыңдаңыздар, мәтін мазмұны бойынша маңызды тірек сөздерді және маңызды бір ақпаратты берілген сызбаға жазып отырыңыздар.
Тыңдалым мәтіні
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жапырылған жұлдыздарды көресің. Енді кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді бірі бірде күшейіп, бірде әлсіреген отты елестетеді. Шынында да, олардың әр қайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған орасан газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған есе, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар.
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы сан миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері, планеталар, айналып жүреді. Грекше «планета» – адасушы жұлдыз деген сөз.
Ғаламшарлар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Ғаламшарлардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.
Жерді қоршаған бүкіл дүние – ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден-ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол — Ю. А. Гагарин.
Айтылым тапсырмасы
1-тапсырма: Топтық жұмыс.
Тыңдалым барысында «Сөз бұлттарына» жазып алған ақпараттарды қолданып, мәтіннің тақырыбы, идеясы, мазмұнына толық талдау жасап, топпен қорғаймыз.
Үлгі сұрақтар:
Жұлдыз деген не? Ғаламшардың жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?
Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
Ғарыштан алынған ақпараттардың адамдар үшін / шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
Қ.Б «Қол шапалақтау»
Тілдік бағдар: Сан есім туралы мағлұмат береді.
Жазылым тапсырмасы. Берілген кестені толтырамыз.
Кесте. Жеке жұмыс.
Сан есімнің мағыналық түрлері
|
Мысалдар
|
Есептік сан есім
|
|
Реттік сан есім
|
|
Жинақтық сан есім
|
|
Болжалдық сан есім
|
|
Топтау сан есім
|
|
Бөлшектік сан есім
|
|
Ширату жаттығуы: «Бір күні»
Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы бесінші және жетінші тапсырмаларды орындау.
Бағалау
Әр оқушы өз жұбының сабақ бойындағы айтылымын бағалап, «бір жұлдыз, бір тілек айтады».
|