САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_____» ______20 __ ж.
Пән Информатика Сынып 8 Күні _________
Сабақ №: 18 сағ.саны.: 1
Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы.
Сабақтың мақсат: Оқушылардың білімдерін бақылау, жүйеге келтіру.
Білімділік – Оқушылардың Паскаль программалау тілі және жалпы алгоритмдік тілдің ұғымдары мен терминдерін ұғыну деңгейін тексеру.
Дамытушылық –Оқушылардың алгоритм және программа құру қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сынақ
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActivBoard
Пәнаралық байланыс математика, физика
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Атау, идентификатор дегеніміз не?
Бейстандартты атауларға қойылатын талаптар?
Айнымалылар дегеніміз не, олардың жазылу тәртібі, түрлері?
Мәліметтің қандай типтерін білесің? Мысал келтір.
Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
Бақылау жұмысы (20-25 мин)
Сергіту жаттығулары (2 мин)
Карточка №1
Алгоритм ұғымы нені білдіреді?
Циклдік алгоритм дегеніміз не және оның түрлері?
Үш санның (а,с,р) орта мәнін есептеу алгоритмін құр
Карточка №2
Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері бар?
Паскаль тіліндегі программа құрылымы?
у=x3 функциясын есептеу алгоритмін құр
Карточка №3
Оператор дегеніміз не және оның түрлері?
Программа дегеніміз не?
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу алгоритмін құр
Карточка №6
Паскаль тілінде программаның сипаттау бөлімінің құрылымы?
Алгоритм атқарушысы дегеніміз не?
Квадраттың ауданын есептеу алгоритмін құр
Карточка №5
Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?
Алгоиртм типтері?
f=8x+2y функциясын есептеу алгоритмін құр
Карточка №8
Операторлардың жіктелуі?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
k=(a+3c)/d функциясын есептеу алгоритмін құр
Карточка №4
Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
Алгоритм қасиеттері?
Екі санның кішісін табу алгоритмін құр
Карточка №7
Есепті шешу кезеңдері?
Өрнек дегеніміз не?
Төрт санның көбейтіндісін есептеу алгоритмін құр
Карточка №9
Тұрақты немесе константа дегеніміз не?
Алгоритм ұғымы кімнің құрметіне аталған және неліктен?
Шеңбердің ауданын есептеу алгоритмін құр
Карточка №10
Айнымалы дегеніміз не?
Блок-схема дегеніміз не?
а санының квадратын есептеу алгоритмін құр
Карточка №11
Идентификатор дегеніміз не және оның түрлері?
Программа құру дегеніміз не?
к санының кубын есептеу алгоритмін құр
Карточка №14
Алгоритм жазу тәсілдері?
Есепті математикалық түрде анықтау дегеніміз не?
g=(t1 + t2)/2 өрнегін есептеу алгоритмін құр
Карточка №15
Паскаль тілінде программа құрылымы?
Операторлар дегеніміз не?
U=(w12 + w22) өрнегін есептеу алгоритмін құр
Карточка №12
Паскаль тіліндегі программа бөліктері?
Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
K=rt2/rt3 өрнегін есептеу алгоритмін құр (блок-схема).
Карточка №13
Сызықтық алгоритм дегеніміз не??
Алгоритмді блок-схема түрінде жазу қалай жүзеге асырылады?
Үш санның квадраттарының қосындысын есептеу алгоритмін құр
5)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушылардың білім деңгейін тексеру.
6) Үйге тапсырма
Қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |