Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2019. №3.
106
Флотация - май бөлшегі-ауа көбігі ке-
шенінің құрылуы және осы кешендердің әрі
қарай судан бөлінуі.
Кешендердің жүзіп шығу жылдамдығы
май бөлшектерінің жүзіп шығу жылдамды-
ғынан 100-1000 есе артық. Су - ауа бөлімінің
үлкен қабатын құру керек; көбіктер қанша-
лықты үлкен болса, оның дисперстігі сонша-
лықты жоғары (сурет 3).
Сурет 3 - Ағынды флотацияға арналған құрылғының сызбасы
1-судың кіруі; 2-қабылдау резервуары; 3-соратын құбыр; 4-ауа құбыры; 5-су сорғыш; 6-флотациялық камера;
7-көбік жинағы; 8-тазаланған судың әкетілуі; 9-ағынды ыдыс
Былғанған және майланған суларды
сүзгіден өткізу тазалаудың соңғы сатысында
жүзеге асырылады. Сүзгіден өткізу процесі
сүзілетін материалдың сыртқы бетіне мұнай
өнімдерінің эмульгациялық бөлшектерінің
жабысуына негізделген. Сүзу процесінің ал-
дында сарқынды суларды алдын-ала тазалау
жүргізіледі, сүзудің алдындағы мұнай өнім-
дерінің концентрациясы жоғары емес және
көлемдік үлесті құрайды (сурет 4)
.
Сурет 4 - Ағынсыз флотацияға арналған құрылғының сызбасы
1-судың кіруі; 2-қабылдау резервуары; 3-соратын құбыр; 4-ауа құбыры; 5-су сорғыш; 6-флотациялық камера;
7-көбік жинағы; 8-тазаланған судың әкетілуі
Бетінде адсорбция процесі жүретін зат
адсорбент, оған сіңетін зат адсорбат деп ата-
лады. Адсорбция мөлшері адсорбенттің қа-
сиетіне, сіңірілетін заттың табиғатына, темпе-
ратураға байланысты. Қатты адсорбент ретін-
де белсендірілген көмір, құмсірне, алюмсірне,
ал сұйық адсорбент ретінде су, көмірсутектер,
тағы басқа органикалық сұйықтықтар пайда-
ланылады.
Суда көлемін өзгертпейтін флоридин-
дердің табиғи күйдегі сіңіргіштік қасиеті өте
жоғары болып келеді, ал бентониттер қышқы-
лымен өңдегенде ғана жақсы адсорбтаушы
қасиеттерге ие болады.
Ағартқыш саздардың тазартқыштық қа-
сиеттері алмасу реакцияларына негізделген.
Кремнийлі адсорбенттерге балдырлы мен ұсақ
организмдердің опалды және халцедон-ды
қабыршақтарынан түзілген диатомиттер және
көбіне тек кремнеземнен құралған трепел мен
опока жатады. Кремнийлі адсорбенттерді сіл-
тілік элементтер тотықтарымен өңдегенде
ағартқыштық қасиеті жақсарады.
Флоридиндер мұнай өнімдері мен тамақ
майларын, шарап пен жеміс шырындарын,
жүн мен жүннен тоқылған маталарды майдан
тазартуға қолданылады. Бентониттер бұрғы-
лау ерітіндісін дайындауға, сабын өндірісінде
пайдаланылады. Диатомит, трепел, опока хи-
мия өндірісінде,тамақ пен техника майлары,
қант шырынын тазартуға суды мұнайдан бө-
луге, бактериялық сүзгіге жұмсалады. Боксит
күкіртке бай мұнай мен мұнай өнімдерін
тазартады [5].
|