Бақытхан:
-Ұлдар мен қыздарды бөліп окыту деген феодализмге
қайта оралу ғой...
Нәзира:
-Анардьщ пікірі дүрыс. “Қазір қыздардан нәзікгілік,
инабаттылық кетіп барады”, - деп, жатыр ғой үлкендер. Осы
қасиеттердің
барлығы
күнделікті
үлдармен
бірге
оқығандықтан...
Саян:
-Барлық кінәні ұлдарға жабу дүрыс емес. Мен бірге
оқысын деймін. Басқаны былай қойғанда болашақтағы семья
мәселесін ойласақ та...
Мұғалім:
-Назгүл, журналды ал да, өзіңе баға қойып ала ғой, сен
бүгін сабақ айттың емес пе?
Назгүл (журналды алады):
-Апай, міне, “5” деген баға қойып алдым.
Мұғалім:
-Ой, айналайын, оның не? Сен “3”-ке ғана жауап бердің,
мен саған сеніп, мемлекеттік қүжатгы берсем, о несі?!
Назгүл:
-Апай, осы мен қашанға дейін “3” алуым керек?! Ылғи
“3” те “3”. Сонан соң, өз білімімді мен сізден артык білемін ғой
ғой, мен бүгін “5” алғым келіп түр. Есіктен кіргеннен-ақ: “Әй,
134
Жарасова түр, сабақ айт”, * деп, сабақ сүрау, ол баланы
гөмендету деп есептелінеді екен ғой...
Мұгалім:
-Жарасова, сен шетелде емес, қазақ мектебінде оқып
жүрсің. Бүл - бір! Екіншіден, мен оку бағдарламасы, оқу
министрлігінің бүйрығы мен мектеп басшыларына бағынамын,
солардың айтқаны заң! Бітгіі
Назгүл:
-Апай, көп айтылып жүрген жариялылық мектепке қашан
келмек?!
Осы көрніс те пікір таласын туғызды. Мәселе: “Болашақ
мектепте баға қою керек пе, жоқ па?” деген пікірге балалар
қалай қарайды, соны болжау еді. Бір қызығы көп окушы
“баға”керегі жоқ,баға болған күнде де әр оқушы өзіне-өзі баға
қоюы керек, ол тәсіл әділеттілікке, ар тазалығына үйретер еді -
деген пікірлерге тоқталады.
Енді “Болашақ әдебиет оқулығы қандай болу керек?”
деген сүрақ айналасында туған пікірге көңіл бөлейік.
Сәреен:
-Мен жоғары кластар, яғни өзіміздің
1 0
-класс оқулығы
қандай болуы керек, соған тоқталайын.
І.Әдебиет
оқулығы
оқушыны
пікір
таласына
жетелейтіндей болуы керек. Мысалы, Абай творчествосы тек
оқулық авторының (Қажым Жүмалиев) пікірімен ғана емес,
М.Әуезов, т.б. Абайдың зерттеуші ғалымдардың пікірімен
толықтырса екен.
Яғни, бір тақырып айналасында. Мысалы, “Сегіз аяқ”
туралы әр ғалымның пікірі берілсе, міне, сонда пікір таласы
туареді.
Айжан:-5-8 кластан бастап, щетел әдебиеті, туысқан
елдер әдебиеті оқытыла бастаса. Әлем әдебиетінен де балалар
белгілі бір хабар алса. М.Каримнің “Балалык шақка саяхаты”
кандай керемет! Шіркін, сол кітап оқытылса!
Динара:
-5-8
кластан
бастап шешендік
сөздер,
жыраулардың толғаулары беріліп отырса. Әнші-ақындар
оқытылса, тіпті, әндердіц нотасы берілсе.
Оқулық туралы пікірден кейін, енді окулықтарға сын,
яғни “оқулық оқушы көзімен” деген жүмысымызды бастадық.
135
Бірер мысал келтірейік.
Айжан:
-
6
-кластың оқулығында “Амаягелді” туралы өлең 5
шумақ. Ал оған қойылған сұрак жетеу. Баланың өлеңнің өзін
оқуға, менгеруге жіберген уақытынан сұрақты оқуына
жіберетін уақыты көп. Өз ойым сүрақтың керегі не? Мүғалім
қандай сүрак қоятынын езі шешпей ме? Ал сұрақ міндетті
түрде керек болса, ол түжырымды, қысқа болуы керек.
Саян:
-Көптеген тақырыптарда, әсіресе 5-8 класс оқулығында
«Өлеңнің тәрбиелік мәні не?» деген сүрақтар беріледі.
Педагогикалық тәрбие мәселесін оқып жүрміз. ¥қканым„
сабақ біткен соң “сен тәрбиелендің бе?” деген қандай орынсыз
болса, осындай сүрақ қою да артық деп ойлаймын. Тәрбиені
айтып емес, сезіндіріп беру керек қой.
Енді кезекті тағы да педагогикалық ситуацияларға бердік.
‘ ‘Келіңдер, айналайық, айналайык...”
Көрініс: “М інездем е”
Сұрақ: “Қай мінездеме дүрыс?”
Жас класс жетекшісі (мінездеме оқиды).
“Асанов Сәлім тәртібі, тәрбиесі өте нашар, қызба,
үрыншақ бала. Барлық сабақтарға қабілетсіз, оқуға мүлде
ынтасыз оқушы. Ақылға, тәрбиеге көнбейді. Ата-анасын
сыйламайды, тіл тигізеді. Достары жоқ. Класта беделсіз. Қиын
бала ретінде милицияда тізімде..
Тәжірибелі класс жетекшісі (мінездеменің 2-түрін
оқиды):
-Асанов Сәлім - қызу қанды, шапшаң мінезді бала. Сол
себептен ынғайсыз жағдайларға үрынып қалады. Сабақтардан
үлгірімі нашар болса да, боксты сүйеді, егер осы бетімен үзбей
жаттыға берсе, боксшы шығуы мүмкін. Егер ата-анасы, жылы
сөйлесе, дөкір мінезін қояр еді. Достары да оған кешіріммен
қарап, тәрбиелесе, ол мүлде жөнделмейтін бала емес. Тек
Сәлімге өзін-өзі тәрбиелеп, үлкендердің ақыльша назар аудару
керек. Сенбілікте ол қандай жақсы жүмыс істеді..
Пікір талас:
136
Гүлжан:
-Маған екіяші мінездеме үнады. Сухомлинский ме,
үмыттым, бір педагог айтқан ғой қандай қиын баланың да
деақсы қасиеті болады деп, екішпі мінездеме мүғалім Сәлімнің
кішкене болса да еңбегін еске алып, одан күдер үзбейді.
Мейірімділік қана баланың емі ғой, баланың бірі - өзіміз.
Ерболат:
-Бірінші мінездеме дүрыс. Бала кайдай, соны шын
қалпында жазған. Мінездеме шындыққа байланысты жазылуы
керек. Сонда оның қүны да түспейді...
Ары қарай пікір таласы жалғаса түсті, дегенмен балалар
балаға болашағын кесетін қатты мінездеме жазу керегі жоқ,
сенім керек дегендей пікірлерге токталды.
4. “Арманпшлдар”.
а) Егер мен әдебиетші мүғалім болсам...
Көрініс: “Рок, рок... әдебиет сабағы..
Әдебиетші мүғалім сабаққа келеді. Балалар оны көрсе де,
шетел музыкасының әуенімен селкілдеп билей береді.
Мұғалім: “Балалар музыканы доғарыңдар, қазір сабақ..
Оқушы:
“Апай біз бүгін билейміз, өңкей тақпақ,
әңгімелерден
жалықтық.
Кешке
дискотека,
соған
дайындаламыз”.
Осы көріністен кейін мынадай сүрақ қойылды:
“Егер сен мүғалім болсаң, осындай жағдай кезіксе не
істер едің?”
Эльвира:
-Балалармен аздап билеп, сонсоң музыканы өшіріп,
сабағымды бастар едім...
-Олар оған көнбесе ше? (Оқушы қойған сүрак).
Динара:
-Директорды, басқа мүғалімдерді ертіп келер едім!
Айжан:
-Ол сенің әлсіздігің... Директор келмесе қайтесің?
Салтанат:
-Балалар, осы сүрақты Қанипа апайдың өзі айтсын,
дегенмен, өз ойым, балаларды осындай жағдайға жіберіп алмау
керек сияқты. Әр сабақты қызықты өту керек...
137
Бүл мәселеде де қызықты пікірлер айтылды. Бәрі бірдеЙ
бір пікірдің айналасына келіспесе де, өзіндік жол табам деген
ізденістері қүптарлық болдьг. Осы сүрақ олардың үнемі ойында
болатыны сөзсіз. Енді кезек сабақ - панорамаларға берілді.
Конкурс мақсатында - Крыловтың “Есек пен бүлбүл” мысалын
окытудың тиімді жолдарын іздестіру. Нәзира мен Назгүлдщ
осы тақырыпты өтудегі ізденістерін ортаға салайық (үзінді).
Нәзира:
-Мен ең алдымен И.Крылов туралы оқушыларға
оңгімелер едім. Абай атамыздың аудармасына тоқталар еді.
Сонан соң мысалды мәнерлеп өзім оқьш берер едім.
Оқушыларды қызықтыру максатында мегг мынадай көрнекілік
жасар едім (көрнекілік көрсетті).
Ескерту: Нәзира фанерге ағаш, табиғат көрінісін салып,
есек пен бүлбүлды қатты қағаздан жасап, қиып алып
орналастырған. Бүлбүл да, есек те жылжымалы, қозғалмалы
етіп жасалған (қуыршақ театрының элементі).
-Бүлбүлдьщ даусын Бибігүл апамыздың “Бүлбүл” әнінің
қайырмасын тыңдата отырып берер едім. Балаларға есек боп,
бүлбүл боп оқуды талап етер едім, яғня рольге бөліп оқытар
едім.
Сабақты талдауға мынадай сүрақтар қояр едім:
1.Қалай ойлайсьщ, Крылов атамыз осы мысалында бізге
не айтпақшы болған?
2.Өзіңе кім үнайды? Себебін өлеңнен мысал келтіре
отырып түсіндір?
3.Өлеңнің, әсіресе өзіңе қай шумақтар үнайды? Енді
Назгүлдің сабақ жоспарынан мысал берейік:
-Мен ең әуелі “мысал” жанры деген не, басқа олең
түрлерінен айырмашылығы неде, соны түсіндірер едім. Сонсоң
ертегі, халық аңыздары бойынша бүлбүл кандай қүс, есек
қандай, ол аңыздарда халық бүлбүл арқыльі кімді көрсететініне
тоқталамын. Яғни, бүлбүлдың өнер адамы, есектің білімсіз
топас, надан адам бейнесінде алынатынына оқушылардың
назарын айдарамын. Балаларды өнерді сүюге, әділетті болуға
баулимын. Корнекіліктерге мен И.Крылов пен Абайдың
портретін, иллюстрацияларды пайдаланар едім.”
Екі сабақ жоспарын талқылай отырып оқушылар екеуінің
де өздеріне үнаған жақтарына тоқталды. Бір тақырыптың өзін
әр мүғалім әр түрлі әдіс-тәсілмен өткізетініне көздері жете
отырып, егер мен мүғалім болсам, өзімше былай еткізер едім
деген де пікірлер болды.
Ескерту: екі оқушыға да керекті методикалық көмек
беріп, қосымша методикалардаи ізденуді үсыкған едік. Ең
бастысы, өздеріне сабақ беріп жүрген үстаздар тәжірибесІ де
оларға үлгі емес пе?
“32452534” Егер оқушының бір тоқсандағы бағасы
осылай болса, қорытывдыны қалай шығарар едің?
Достарыңызбен бөлісу: |