2 сурет Құю цехының технологиялық тәсімі.
тізбегін және жабдықтардың орналасуы мен өндірістік жайлардың үйлестірімділігін
анықтайтын технологиялық тәсім кіреді. (2 сурет).
Технологиялық үрдіс — ғимараттың шешімін айқындайтын негізгі фактор, яғни
оның өлшемдері, формасы, конструкциясы, санитарлы-техникалық қондырғы мен сыртқы
түрі.
Өндіріс, яғни технологиялық үрдіс материалды ұйымдасқан ортаға, яғни
құрылысшылармен салынатын өнеркәсіптік ғимаратқа бірқатар айқындалған талаптар
қояды. Бұл талаптар екі негізгі жағдайдан туындайды:
I. технологиялық үрдістің қалыпты жағдайда өтуі мен нәтижесінде жоғары сапалы
өнімнің алынуын қадағалайтын ортаны қамтамасыз ету;
II. Санитарлы-гигиеналық көзқараспен алсақ адамның жұмыс істеуіне қолайлы
жағдай жасау, жоғарғы өнімділігі мен денсаулығын сақтау сияқты қоршаған ортаның
параметрлерін ұстану қажет.
Ғимараттарға қойылатын талаптарды шартты түрде төрт түрге бөлуге болады:
технологиялық, техникалық (функционалдық), сәулет-көркемдік және экономикалық.
Технологиялық талаптарға:
а) кеңістікке – технологиялық және жүк көтергіш-транспорттық қондырғыларын
сыйғыздыраитын және материал мен бұйымның, сонымен қатар технологиялық
қондырғылардың жөндеу кезіндегі орын ауыстыруын қамтамасыз ететін жеткілікті өлшемдері
болуы қажет;
б) жұмыс кеңістігі - өндірістегі адамдармен бөлімдегі немесе бөлме кеңістігінде
адамдардың жүруіне арналған;
в) ауалық орта – ауа температурасымен ылғалдың әсер ететін технологиялық
қондырғысын қорғап, сақтап және керекті сапалы өнімді алу кезінде адамның еңбек
жағдайын жақсарту үшін қамтамасыз етуге арналған;
г) жарық режимі – цехтің кеңістігін, жұмыс орнын және керекті спектрлі
шам құрамын жарықтандырумен қамтамасыз ету;
д) акустикалық режим – жұмыскерлердің халін төмендететін және
техникалық процеске кедергі келтіретін шудың деңгейінен асатын жағдайда шу
деңгейінің және айналадағы дыбыс изоляциясын керекті деңгейде қамтамасыз ету.
Техникалық талаптарға кіретіндер:
а) ғимараттың құрылыстық конструкциясының талаптарына қолданылатын
материалдың және конструкция типіне байланысты оларға түсетін әсерді қабылдау –
күштік (техникалық құралдардан) және күшсіз (температурадан, ылғалдан, ауада болатын
агресивті химиялық қопалардан) әсерлерге тәуелді бетон беріктігі;
б) азаматтық ғимаратарға қарағанда өнеркәсіп ғимараттардың құрылыс
конструкцияларының беріктігіне қойылытын талабы маңызды мәнге ие, өйткені
қондырғылардың жұмыстары кезінде қауіпті вибрациялар тудырады.
в) жылжымалылық, аязға төзімділік, ылғалға төзімділік, коррозияға және био
төзімділік сияқты факторлардың әсерінен ғимараттардың материалдары мен негізгі
конструкциялардың ұзақ ғұмырлығына қойылатын талаптар.
г) жарылғыштық, өрт-жарылғыштық, өрт қауіптілігіне қойылытын талаптар,
өйткені технологиялық процестер осындай қауіпті жағдайларға әкеп соқтырады.
д) желдету жүйесі және ауаның кондиционирленуі, сумен қамтамасыз ету,
жұмыскер үшін шарт құүрылғысы және т.б. қарастыратын технологиялық процеске
тәуелді санитар-технологиялық және ғимараттардың инженерлік қондырғысына
қойылатын талаптар.
Өнеркәсіптік ғимараттар архитекторлық-композиционды шешімдерді ескеру
керек:
а) егер өндірістік кәсіпорын мен өнеркәсіптік ғимараттарды қала жүйесінде
орналастырса, қалақұрылыстық талаптар қойылады.
14
б) архитекторлық комплекске қойылатын талаптар, яғни өндірісиік кәсіпорын
өзімен бірге архитекторлық көркемдеу қатынасына алғанда, оның толық технологиялық
мақсатын, қалақұрылыс талаптарын және табиғат ортасын қорғауды қамтамасыз ететін
ансабль болуы тиіс.
в) өнеркәсіп комплексінің құрамына кіретін әрбір ғимараттар мен үймереттердің
сыртқы келбетінің көркемдігіне байланысты, ғимараттардың архитектурасына қойылатын
талаптар.
г) интерьерге қойылатын талаптар, яғни ол ғимараттардың ішкі бейнесі сияқты
тартымды, барлық көрсеткіш бойынша ортаны құру (кеңістік, жарық, оның жоғарғы бетін
шектейтін түс, интерьердің элемент композициясын құрайтын конструкция бойынша).
Экономикалық талаптарға:
а) көлемді-жобалау шешімінің үнемділігі;
б) конструктивті шешімнің үнемділігі;
в) архитектураөкөркемдеу шешімдергежіберілетін қаражаттың үнемділігі.
Қолданылатын әдебиет.
1. Негізгі әдебиет. [1]-[9]
2. Қосымша әдебиет. [10]-[13]
СӨЖ-ге арналған бақылау сұрақтары (1-тақырып):
1) әдебиеттерден өнеркәсіп ғимараттарының негізгі жобалауы туралы мәлімет алу
2) әдебитеттерден өнеркәсіп ғимаратарына қойылатын талаптар туралы мәлімет алу
2 Тақырып Сәулеттік-құрылыстық жобалаудың негіздері.
Өнеркәсіптік ғимараттардың пайдалану бағыты мен капиталдылығына
байланысты тармақталуы. Өнеркәсіп ғимараттардың сәулет-жобалау
белглеріне байланысты түрлері. Өнеркәсіп ғимаратарындағы
жарықтандыру мен ауа алмасу. Шулы дыбыс және дірілмен күресу. (2
сағат)
Дәріс жоспары
2. Өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы.
3. Өнеркәсіп ғимараттарын жарықтандыру мен ауа алмастыру.
4. Дірілдету мен шуылға қарсы күрес.
Өнеркәсіп ғимаратының көлемдік-жобалық және конструктивтік шешімі олардың
бекітуіне байланысты технологиялық процестердің сипаттамасын орналастыру және
едәуір әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұндай ғимараттарды келесі белгілері бойынша
жіктейді.
1.
Аралықтардың саны бойынша – бір аралықты және көп аралықты бір этажды
өнеркәсіп ғимараттар.
2.
Этаждар саны бойынша – бір этажды және көп этажды.
3.
Көтергіш-транспорттық құрылғылары бар болуына байланысты – крансыз
және кранды (көпірлі крандар немесе аспалы көпір).
4.
Жабын схемасының конструктивтілігі бойынша – жазық қаңқалы (арқалық,
фермалық, қаңқалық, арқалық жабындыларымен), кеңістік қаңқалы (жалаң
немесе екі жақты қисықты, бүкпе жабындылар қабатымен), әр түрлі типті
аспалы, қиысқан, пневматикалық, сонымен қатар ауа тірегіштік және ауа
көтергіштік.
15