•
күрделі жөңдеу (КЖ) заводтарда орындалады; онда ақаулықтар жойылады
және механикалық ақауланған немемес коррозияға ұшыраған бөлшектер
және құрастырмалы бірліктер ресурстары толық (немесе соған жақын)
қалпына келтіріледі, сонымен қатар қажет модернизациялы жұмыстар
және вагондарды бояу жүргізіледі.
Негізгі типті жүк вагондар үшін деполық жөңдеудің жөңдеу аралық
уақыты құрастырудан кейін және күрделі жөңдеуден кейін 2 жылды
құрайды, деполық жөңдеуден кейін – 1-2 жыл. Күрделі жөңдеуді 8-12
жылдан кейін жүргізеді.
Жолаушы вагондары деполық жөңдеуді 1 жылдан кейін жүргізеді, ал
бірінші құрастырудан кейін – 2 жылдан кейін; күрделі жөңдеулер КЖ-1 – 4-5
жылдан кейін, КЖ-2 – 20 жылдан кейін (вагон-мейрамханалар – 10 жылдан
кейін). Рефрижераторлы пойыздардың, секциялардың және автономды
вагондардың деполық жөңдеуі кейінгі деполыдан кейін 1,5 жылдан соң және
құрастырудан кейін 2 жылдан соң немесе бірінші күрделі жөңдеуден кейін
жүргізіледі. Бірінші күрделі жөңдеу құрастырудан кейін 10 жылдан соң,
екіншісі – біріншіден кейін 7 жылдан соң жүргізіледі
3.8.1 Жүк вагондарына техникалық күтім жасау
Тасымалдауларға вагондарды дайындау пунктерін (ВДП) жалпы тиеу,
түсіру және маршруттарды құрастыру стансаларында орналастырады.
Вагондардың типіне байланысты тасымалдауға дайындалу пунктері мындай
болуы мүмкін: жартылай вагондар мен платформаларды тасымалдауға
дайындалу пунктері; жабық және изотермиялы вагондарды; жуып-буланатын
стансалармен цистерналарды дайындау пунктері. Бұл пунктерде вагондарды
тексереді және техникалық ақаулықтарды жояды
Вагондардың техникалық қызмет көрсету пунктері құрастыру және
өтпелі пойыздардың вагондарының техникалық ақаулықтарын табу және
жою үшін және пойыздардың техникалық қызмет көрсетуінен және
гарантиялы бөлімдерде вагондарды жөңдеусіз өтуі үшін орналастырады.
Вагондардың техникалық-бақылау қызмет көрсету пунктері телімдік
стансаларда ұйымдастырады.
Вагондарды тасымалдауға, техникалық және техникалық-бақылау
қызмет көрсетуге дайындау пунктерінің орнын былайша таңдауға
ұсынылады, вагондарды дайындау шығындары және олардың дайындалу
пунктеріне қайта жіберілуі минималды болуы керек. Мындай пунктердің
орналастыру орнын жол бастығы бекітеді.
Сұрыптау стансаларындағы техникалық қызмет көрсету пунктінің
технологиялық процесін қарастырамыз. Желіде көбінесе бөлек паркті
сұрыптау стансалары кездеседі. Біріктірілген паркті стансалар да бар.
Бөлектелген паркті сұрыптау стансаларында мынадай жұмыстар
жүргізіледі:
79
- келу паркінде – жағдайды бақылау, вагондардың барлық ақаулықтарын
табу мақсатымен техникалық тексеру,жарым-жартылай жөңдеу; |
- құрастыру паркінде – құрамдарды құрастыру үрдісінде пайда болған
ақауларды табу және жөнелту паркінде ақауланған вагондарды өткізбеу
мақсатымен, сонымен қатар арнайы берілген жолдарда ағымды жөңдеу
мақсатымен вагондарды техникалық тексеру;
- жөнелту паркінде – құрастыру және келу паркінде тексерушілермен
табылған, құрамнан ағытусыз вагондардың барлық ақаулықтарын жою,
сонымен қатар жөнелту паркінде жөңдеу бригадаларымен; техникалық
жағдайын бақылау және вагондардың ағымды жөңдеуін вагондарды
тексеруші-жөңдеуші немесе вагондарды тексеруші және бригадалы-топты
әдіспен слесарлар орындайды
Станса немесе келу паркі бойынша кезекші пойыздың қабылдау жолын
және келу уақытын көрсетіп, телефон немесе парктік байланыс арқылы келу
паркінің вагондарының тексерушілеріне көрші стансадан пойыздың
жақындауы туралы хабар береді. Егер бір уақытта бірнеше пойыз келетін
болса, онда кезекші олардың тексеруінің кезектесуі туралы хабарлайды.
Вагондарды тексерушілер, поыздың жақындауы туралы хабарды
алғаннан кейін, қабылдау жолдарына шығады, бір топ шектік бағана
бойында немесе артқы вагонның тоқтау орнында орналасады және пойызды
жүру қалпында қабылдайды, ал басқасы – пойыздың алдыңғы бөлігінің
тоқтау орнында орналасады. Үш немесе төрт топ қарайтын пункте, үшінші
және төртінші топтар жергілікті технологиялық процеспен бекітілген жерде
поызды қабылдайды.
Егер пойыздарды қабылдау кезінде көршілес жолдарда айлалық
жұмыстар жүріп жатса, онда станса кезекшісі бұл туралы вагон
тексерушілерді ескертеді. Өрмелеумен тексеру пойыз локомотиві өткеннен
кейін және құрамды тоқтау сигналдарымен қоршаудан кейін басталады.
Стансаға келгенде локомотив ағытылмайтын құрамды, басынан да аяғынан
да бекітілген ретпен қоршайды.
Егер вагонды тексеру үрдісінде ақаулықтар анықталса, онда шанақтың
бүйір қабырғаларында, платформаның борттарында және цистернаның
қазандығында борлы шартты анық белгілеулерді енгізеді, ал қажет болғанда
вагон ағытпасында шартты, технологиялық үрдіспен бекітілген белгіні
қояды. Құрамды дөңестен өткізу кезінде белгілеуден байланысты бұл
вагондарды қажет жолдарға бағыттайды.
Келген пойызды тексеру аяқталғаннан кейін әрбір топтың жоғарғысы
ТТЕ операторына немесе құрамды тексеру нәтижесі бойынша жоғарғы
тексерушіге баяндайды, ағытылатын вагондардың нөмірлерін , және олардың
ақаулық сипатын көрсетеді. Бұл мәліметтерді алып, ТТЕ операторы немесе
жоғарғы вагондарды тексеруші, вагон астарында бригада жұмыскерлері жоқ
екеніне көз жеткізеді, содан соң қоршау сигналдарын шешу туралы бұйрық
береді, дауыс күшейткіш байланысы немесе парк бойынша кезекшінің
телефоны арқылы техникалық тексерудің аяқталуы арқылы хабарлайды,
80
Достарыңызбен бөлісу: |