С. К. Кабиева, Н. Г. Амантаев, Л. П. Ивлева, С. Н


Биотынды алудың мәселелері және заманауи жағдайы



жүктеу 3,87 Mb.
бет2/5
Дата25.05.2018
өлшемі3,87 Mb.
#17623
1   2   3   4   5

2 Биотынды алудың мәселелері және заманауи жағдайы
Әлемде мұнайды, көмірді және газды биоотынға ауыстыру жайлы мәселе талқылануда.

Биоотының негізгі артықшылықтарының бірі парниктік газының шығарындыларын азайту. Алайда, бұл биоотын жанған уақытта атмосфераға көміртегі диоксиді аз түзіледі дегенді білдірмейді. Биоотын жанған кезде атмосфераға өсімдіктер бұрын сіңірген көміртегі кері қайтарылады да, сондықтан планетаның көміртек балансы өзгеріссіз қалады.



Қатты биоотын. Ең көп таралған өкілі - ағаш. Ағаш — адамдар бұрыннан қолданатын көне отын. Қазіргі таңда әлемде ағаш өңдеуге немесе биомассаға энергетикалық ормандар қолданады, олар тез өсетін түрлерін алады, масалы тал, теректер, эвкалипт, қараған, қант құрағы, жүгері және т.б. Оларды отырғызу шаршы-ұялы және шахмат әдісімен жүргізіледі. Энергетикалық ормандардың айналым кезеңі, яғни кесу уақыты 4-6 жылды құрайды. Энергетикалық биомассаның экологиялық артықшылықтары:

-топырақтың эрозиясын алдын алу;

-биомассаны жағу барысында атмосфераға CO2 бөлініп биоотын шикізатының өсуі кезінде өзіне сіңеді;

Зиммерингте (Австрия) орналасқан электрстанцияның биомассаны пайдалануы жарқын мысал болып табылады. Оның қуаттылығы - 66 МВт. Биомассаның жылдық тұтынуы - 190 мың тонна.

Тағы бір, қатты биоотынның шамалы таралған түрі ағаш отын түйіршіктері болып табылады (3 сурет).

Ағаш отын түйіршіктері – ағаш қалдықтардан жасалған пресстелген бұйымдар: үгінді, жаңқалар, қабық, жіңішке өлшемелі және кондицияланбаған ағаштар, орман дайындау кезіндегі кескін қалдықтар, сабан, ауыл шаруашылық қалдықтары - күнбағыс дәнінің қауызы, жаңғақ қабығы, көң, құс қиы және басқа да биомассалар.



Ағаш отын түйіршіктерін немесе пеллеттерді өндіру үрдісі келесідей: биошикізат ұнтағышқа енеді, кейін ұнтақ кептіргішке барып түседі, одан кейін арнайы сыққыш-түйіршіктеуге түседі. Ұнтақ сыққышқа түскен уақытта температура көтеріліп ағаштың құрамындағы лигнин жабысқақ болады, жасалып шығу барысында тығыз циллиндр тәрізді болады. Пеллеттерді қолдану бойынша дамушы нарықтық тұтынушы Еуропа Достығы елдері.

3 сурет отын түйіршіктері
Сонымен қатар, қатты биоотын түрлерінің ішінен отын брикеттерін атап өткен жөн. Брикеттер – кептірілген және брикеттелген биологиялық шығу тегі бар энергия тасымалдаушы, мысалы, олар өңделмеген немесе минималды дәрежедегі жағуға дайындайтын үгінділер, жаңқа, қабық, қауыз, кебек, сабан және т. б. (4 сурет).

Еуропада отын брикеттерін және пеллеттерді тұрғын үйлерді және өндірістегі бөлмелерді жылытуға қолданылады, ал жоңқаны көбінесе қуаттылығы бірнеше ондаған мегаватты ірі жылу электрстанцияларында жағады.





4 сурет – Отын брикеттері – экологиялық таза өнім.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау