Сұрақтар:
Функцияның туындысының анықтамасын беріңіз.
Функцияның өсімшесі деген не?
Қандай дифференциалдау ережелерін білесіз?
Екі функцияның көбейтіндісі қандай формула бойынша дифференциалданады?
Екі функцияның бөліндісі қандай формула бойынша дифференциалданады?
Элементар функциялардың туындыларын атаңыз.
Туындының физикалық және геометриялық мағынасы неде?
Бір айнымалы функцияның дифференциалы дегеніміз не?
Дифференциалдық есептеулердің теоремаларын білесіз?
Жоғары ретті дифференциалдар қалай есептеледі?
Жуықтап есептеулерге дифференциал қалай қолданылады?
№7 тақырып. Көп айнымалы функциялар
Мақсаты: Екі айнымалы функцияның ,көп айнымалылар функциясы ұғымын енгізу. Екі айнымалы функцияны үзіліссіздікке зерттеу. Функцияны экстремумға зерттеу.
Оқытудың міндеті:
Екі айнымалы функцияның анықталу облысы мен мәндер облысын табу дағдысын қалыптастыру.
Нүктедегі функцияның шегін есептеу. Функцияны үзіліссіздікке зерттеу.
Дербес туындының, дербес және толық дифференциалдың анықтамасын беру.
Тұйықталған облыста функцияның экстремумдарын табу дағдысын қалыптастыру.
Екі айнымалы функцияның ең кіші және ең үлкен мәндерін есептеу.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Командада жұмыс iстейтiн тұлға аралық қарым-қатынастың дағдыларын жетiлдiру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Көп айнымалы функция түсінігі.
Екі айнымалы функцияның анықталу облысы.
Екі айнымалы функцияның шегін табу және үзіліссіздікке анықтау.
Z = f (x, y )функциясының дербес өсімшесі және дербес дифференциалы.
Функцияның дербес туындысы мен дербес дифференциал арасындағы байланысы.
Z=f(x, y) функциясының толық өсімшесі мен толық дифференциалы
Функцияның толық туындысы мен толық дифференциал арасындағы байланысының формуласы.
Екінші ретті дербес туындының анықтамасы.
Екі айнымалы функцияның экстремумдарының бар болуының белгілері.
Функцияның ең кіші және ең үлкен мәндерін есептеу ережесі.
Оқыту әдістері: ситуациялық есептерді шешу.
Көрнекі құралдар: оқу кестелері, плакаттар.
Практикалық сабақтың құрылымы мен өткізу жоспары, сағаттарын бөлу.
№
|
Практикалық сабақ құрылымы
|
Уақыты
|
1.
|
Студенттердің сабаққа қатысуларын тексеріп, келмеген, сабаққа дайындалмаған себептерді айқындау.
|
5 мин.
|
2.
|
Сабақ тақырыбын жариялап, студенттердің сабаққа дайындығын бақылау сұрақтары бойынша тексеру.
|
10 мин.
|
3.
|
Студенттердің өзіндік жұмыстары.
|
55 мин.
|
4.
|
Оқытушы студенттердің тапсырмаларын орындау барысындағы жіберген қателерін талдап, тақырып бойынша негізгі мәселелерге тоқталады.
|
10 мин.
|
5.
|
Тапсырмаларды шешу (үлестірмелі материал).
|
15 мин
|
6.
|
Білімді жалпы бағалау
|
3 мин.
|
7.
|
Келесі сабаққа тапсырмалар.
|
2 мин.
|
Құзыреттілікті қалыптастыру саны: практикалық дағды.
Әдебиеттер:
1. Шипачев В.С. "Высшая математика". Москва, "Высшая школа", 2000г.
2. Шипачев В.С. "Задачник по высшей математике". Москва, "Высшая школа", 2000г.
стр.179-196.
3. Богомолов Н.В. "Практические занятия по математике". Москва, "Высшая школа", 1990г.
4. Лунгу К.Н., Письменный Д.Т. " Сборник задачник по высшей математике". Москва,
АЙРИС ПРЕСС 2004г. стр.448-456.
Бақылау:
Студент білімді қорытынды бағалауға арналған «Бақылау-өлшеу құралдары» тесттер жиынтығындағы тесттерге жауап береді.
Есептер :
1. Келесі функциялардың анықталу облысын табыңыз:
1) 2) 3)
Достарыңызбен бөлісу: |